Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 18:15, реферат
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар – ой еңбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр.
Архат – «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.
Атман – бұл ұғымның
бірнеше мағынасы бар: «мен», «езімді»,
«дене». Бірақ атман ұғымының ең
басты мағынасы – индивидуальдік
және универсальдік космостық
Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты.
Информация о работе Казақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары