Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:36, реферат
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты
Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.
1.6 Америка және ағылшын оқулықтарындағы әлеуметтану пәні
Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен Англияда басылып шығарылған әлеуметтану оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға келтірейік.
С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис : «Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. «Әлеуметтану – бұл адам тәртібі және осы тәртіпке әсер ететін, адамның әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.
Ст. Мур, Б. Хендри: «Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер жөніндегі ғылым ”.
Дж. Херд : «Әлеуметтану – бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол ”.
М. Тейлор, Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: «Әлеуметтану-бұл әлеуметтік топты және олардың адам тәртібіне әсері жөнінде оқыту”.
Н.Смелсер: «Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік» түсініктемесімен байланысты. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын кеңінен ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым негізін түсінуге өз айрықша үлесін қосады.
Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды.
Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.
Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты — қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.
Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.
Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе — өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.
Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.
Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.
Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.
Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.
Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.
Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.
Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.
Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.
Авторлар негізінен 5 маңызды институционалды кешенді бөледі:
1) құндылықтар мен қызметтерді өндіру және бөлуге бағытталған экономикалық институттар;
2) олардың пайдалануын реттейтін және билікпен байланысты саяси инстиуттар;
3) позициялар мен ресурстардың бөлінуін қамтамасыз ететін стратификациялық институттар;
4) неке, отбасы мен жастардың әлеуметтенуіне байланысты туыстық институттары;
5) діни, ғылыми және шығармашылық іс-әрекетке байланысты мәдени институттар.
Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін. Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды.
Әлеуметтану пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады.
Әлеуметтік уақыт. Қоғамның жүйелілігінің социологиялық концепциясы әлеуметтік уақыт пен әлеуметтік кеңістік туралы ілімдерді қамтиды. Әлеуметтік уақыт біздің оны елестетуіміз бен басымыздан кешуімізге тәуелсіз жүзеге асатын, кез-келген қоғамдық жүйенің нақты қозғалысының формасы болып табылады. Социологтың назарындағы негізгісі — әлеуметтік уақытты тасымалдаушылар болады: индивид, әлеуметтік қауымдастықтар, біртұтас қоғам. Уақыт – қозғалыстың сандық болмысы, оның саны. Бірақ қоғамда ол іс-әрекет түрінде болады. Бұл құбылыстың ұзақтығы, затты жасаудағы сағат саны, өмір ұзақтығы. Сонымен, уақыт болмыстың сапалық жағын да білдіреді, яғни қоғамдық процесстің мазмұнын (бәсеңдеу, жылдамдық, жоғарылау, құлдырау, регресс, прогресс).
Уақытты социологиялық зерттеудің негізгі категориялары болып уақыт бюджеті, уақыт балансы, уақыт шығыны, уақыт көрсеткіштері, т.б. табылады.
Уақыт бюджеттерін социологиялық зерттеудің пәні – бұл уақыт көрсеткіштерімен бейнеленетін адамдардың өмірлік әрекетінің әлеуметтік заңдылықтарын зерттеу, түрлі әлеуметтік топтардағы уақытты үлестіру тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау.
Әлеуметтік дүниені кеңістіктік деп атауға болады, себебі, ол орта мен қоғамдық субъектінің өзара әрекет ету облысы болып табылады. Адам үшін кеңістік ең алдымен географиялық, табиғи орта болады. Сондықтан ол белгілі бір мағынада бүкіл адамзат эволюциясының негізгі себебі. Кеңістік туралы объективті әлеуметтік шындық ретінде де, адамдардың кеңістіктік құрылымды белгілеуінің, яғни байланыстарды орнату, коммуникациялар жасау, әлеуметтік-психологиялық қауымдастықтарға бірігу, баспана тұрғызу, бір сөзбен айтқанда, өмірлік ортаны қалыптастырудың субъективті мүмкіндігі ретінде де айтуға болады.
Сонымен, әлеуметтік кеңістік – бұл, қазіргі кезде табиғаттың игерілген бөлігіне айналған, адамдардың өмір сүру ортасына, олардың іс-әрекетінің кеңістіктік-территориялық ареалына айналған, қоғамның табиғи ортасы кеңістігі, «адамдандырылған» табиғат кеңістігі.
Социологиялық талдау үшін маңызды болып әлеуметтік кеңістіктің қашықтық, әлеуметтік дистанция сияқты көрсеткіші табылады. Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға американ социологы және психологы Дж. Морено және американ социологы Э. Богардус енгізген. Әлеуметтік дистанция – бұл физикалық мағынадағы «қашықтық» емес, индивидтер, топтар және басқа да қауымдастықтардың жақындығы дәрежесі, олардың байланыстарының «тығыздығы», сондай-ақ, әлеуметтік дистанция – бұл психологиялық өзара қатынас (өзара түсіністік, симпатия, антипатия, т.б.). Социологтар «барланған жақындық» метафорасын пайдаланады, оның мәні – егер жақындықтың белгілі бір көлемі болмаса, әлеуметтік шындық та болмайтындығында. Мореноның пікірінше, қоғамда ерекше фактор — әлеуметтік өзара қатынас, «теле», сезімнің қарапайым бірлігі өмір сүреді, ол бір адамнан екінші адамға беріліп қана қоймай, олардың қарым-қатынастылығын да анықтайды. Егер метафораны тағы да қолдансақ ол – «әлеуметтік алаң» болады.
Сонымен, қоғам жүйелі. Социологиялық талдау үшін маңызды қоғамның жүйелілік белгілерін бөледі: біртұтастылық (бұл ішкі қасиет қоғамдық өндіріспен сәйкес келеді); тұрақтылық (әлеуметтік өзара әрекеттердің ритмі мен режимінің салыстырмалы тұрақты өндірісі); динамизм (буындардың ауысуы, қоғамдық субстраттың өзгеруі, сабақтастық, бәсеңдеу, қарқындылық); ашықтық (әлеуметтік жүйе өзін табиғатпен зат алмасудың арқасында сақтайды, ол қоршаған ортамен тепе-теңдік негізінде және сыртқы ортадан заттар мен қуаттың қажетті мөлшерін алу арқылы жүзеге асырылады); өзін-өзі дамыту (оның көзі өз ішінде, бұл — әлеуметтік қауымдастықтар мүддесіне және стимулдарына сүйенетін өндіріс, үлестіру, пайдалану); әлеуметтік болмыстың кеңістіктік-уақыттық формалары мен тәсілдері (адамдардың көпшілігі ортақ іс-әрекетпен, мақсаттармен, қажеттіліктермен, өмір нормаларымен біріктірілген. Бірақ уақыт зымырап өтіп жатыр, буындар ауысуда, және әрбір жаңалылық өмірдің қалыптасқан формасын табады, оларды қайта жаңғыртады және өзгертеді).
Қоғамның ерекше белгісі – оның автономиялылығы және өзін — өзі реттеудің жоғары деңгейінің болуы. Қоғамның автономиялылығы оның көпфункционалдылығы арқасында, яғни индивитдтердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жағдай туғыза алуы және олардың өзін-өзі бекітуі мен жүзеге асыруына мүмкіншілік туғызу арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның автономиялығы мен өз-өзіне жеткіліктігі сыртқы ұйымдастыру импульстарының болмауына байланысты. Қоғам өзінің ішінде пайда болатын және қалыптасатын институттар және ұйымдармен, нормалар, яғни принциптер негізінде реттеледі және басқарылады. Өзін-өзі реттеу – оның мөлшеріне қарамастан өзінше жекелілігін іске асыра алатын қоғамның маңызды қасиеті.
Қоғамды қарастыруда ең маңызды аналитикалық тәсілдердің бірі – детерменизм, яғни қоғамның жалпы бейнесін көрсететін оның негізін анықтау.
Қоғам әлеуметтік байланыстардың тәртіпке келтірілуі мен нығаюы арқасында және осы байланыстарды қолдайтын және дамытатын ерекше институттар мен нормалар туғанда пайда болады. Қоғам туралы ғылымның басты мақсаты – өз бетінше, автономды шындық ретіндегі қоғам өмірінің тұрақты қайталанатын, оған тән құбылыстарын қалыптастыру және талдау.
Мысалы, қазіргі әлеуметтік дамудағы ғылым мен техника рөлін фетишизациялау технологиялық детерменизмнің (У. Огборн, Л. Мэмфорд және т.б.) және сциентизмнің теориялық негізі болып табылады. Олардың ойынша, біздің заманымызда әлеуметтік дамудың негізгі детерминантттары болып техника және ғылым табылады, сонымен қатар әлеуметтік даулардың өсуі мен шиеленісуіне әкелетін техника прогресі мен қоғамның қазіргі кездегі моральдық деңгейі арасындағы алшақтыққа мән береді. Қоғамды қарастыруда детерменизмнің басқа да түрлері кездеседі: экономикалық (А.Хайт, О.Дункан), мәдени (М.Вебер, П.Сорокин) және т.б. қоғамды қарастырудағы қатал детерминацияланған тәсілдің кемшілігі болып қоғамды зерттеуде және әлеуметтік қатынастарды талдауда қоғамның бүкіл шағын жүйелерінің қызметінің өзара байланыстылығы салдарынан белгілі бір әлеуметтік процестердің түпнегізін анықтау қиын болатындығы табылады.
Социологиядағы детерменистік тәсіл функционалдымен толықтырылады. Функционализм идеясы негізінен ағылшын-америкалық социологияға тән. Функционализмнің негізгі ережелері ағылшын социологы Г.Спенсермен (1820-1903), оның «Социологияның негіздері» еңбегінде жасалды және ағылшын этнографы А.Редклиф-Браунмен, американдық социологтар Р.Мертонмен, Т.Парсонспен дамытылды.
Г.Спенсер бойынша функционалды тәсілдің негізгі принциптері төмендегідей:
1) жүйелік тәсіл жақтастары сияқты функционалистер де қоғамды көптеген бөлшектерден, мысалы, экономикалық, саяси, әскери, діни, т.б. тұратын бүтін, біртұтас организм ретінде қарастырды;