Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:41, реферат

Описание

Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Содержание

I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
1). Анкета мен сұхбат жүргізу әдісі
2). Бақылау әдісі
3). Тәжірибе жүргізу әдісі
4). Құжаттарды талдау әдісі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтану.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

Үшінші кезеңде тәжірибенің бағдарламасы жүзеге асады. Оның барысында ойластырылған тәжірибе, оның кезеңдері мен барлық жүру тәртібі, яғни экспериментальды жағдай тікелей жүзеге асады.

Төртінші кезеңде тәжірибе жасаудың барысында алынған нәтижелер талданып, бағаланады, алға қойған мақсат орындалды ма, зерттеу болжамы дәлелденді ме деген сауалдарға жауап беріледі.

Әдіснама әлеуметтік тәжірибені мынадай түрлерге бөледі. Нысан мен зерттеу пәнінің сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, құықтық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық, эстетикалық тәжірибелер. Тәжірибелердің мұндай түрлері ғылыми пәндердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Зерттеу жүргізудің сипатына қарай тәжірибелер реалды және ойша болып бөлінеді. Реалды болжамды тексеру әлеуметтік қызметтің жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы жүзеге асады. Ал тәжірибені оймен жүргізуде болжамды тексеру өмір құбылыстары емес, олар туралы мағлұматтар арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар табиғи, зертханалық, сызықтық (линейный) және параллельді тәжірибелер кездеседі.

Табиғи тәжірибе – зерттеудің қоғамда қалыптасқан, өзінің табиғи қалпын сақтаған қандай да бір ұйым, институттардың төңірегінде болады;

Зертханалық тәжірибе – зерттеудің жасанды жолмен қалыптасқан объектілерде жүргізілуі;

Сызықтық тәжірибе – зерттеуге бір ғана топтың қатысып, нәтижелерін алдыңғы сол топтың нәтижелерімен салыстыру;

Параллельді тәжірибе – зерттеуге екі немесе одан да көп топтың қатысып, нәтижелерін бір-бірімен салыстыру.

 

 

 

 

 

Құжаттарды талдау әдісі

Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.

Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:

1. Жазба құжаттар (іштей тағы вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға – кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа – халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары т.б. жатады.

2. Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары).

3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар).

Құжаттарды талдауға қалыпқа түспеген (сапалық) және қалыпқа түскен (сапалық-сандық) әдістер қолданылады. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмұны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі. Яғни талдаудың сапалылығы субъективтік (зерттеушіның білімі, қабілеті т.б.) жағдайларға тікелей байланысты. Осы субъективизмнен арылу мақсатында құжаттарды талдаудың қалыпқа түскен тәсілдері жасалып, ол контент-талдау деп аталады. Оның дамуы мен кеңінен таралуына ақпараттық процестердің бұқаралық сипат алуы, осыған байланысты кең ауқымдағы мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғышарты болды. Контент-талдау алғашында бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуге қолданылса, кейіннен бұл әдіс кең тарап, әлеуметтік өмірдің басқа салаларында, құжаттарда қолданыла бастады.

Сонымен, осындай әдістер арқылы жиналған алғашқы социологиялық ақпараттар талданып, қорытылып және ғылыми интерпретацияланады. Респонденттердің барлық жауаптары (анкета, сұхбат бланкілері) алдымен тексеріліп, математикалық жағынан өңделіп, зерттеуде берілген қажетті түрлеріне қарай топтастырылады.

Қорытындылау нәтижелері социологиялық ақпараттар деп аталады.

Соңынан социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша есеп құрастырылады. Ол есеп ғылыми қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлімінде зерттелінетін проблема, сұрыптау сипаты, ақпараттар жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны көрсетіледі. Екінші бөліміндегі зерттеу объектісі әлеуметтік-демографиялық белгісіне қарай сипатталады. Ал есептің келесі бөлімі бағдарламада көрсетілген болжамдарға жауап іздеуге арналады. Есептің тіркемелері бағдарлама, жоспар, анкета немесе сұхбат бланкілері, компьютерлік таблицалар, кестелерден т.б. тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келгенде, социологиялық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ғылыми негізделген комплексті кешен ретінде сипатталады. Ол зерттеудің мақсаты қоғамға қатысты жаңа білімдерді алу үшін қолданылады. Яғни, әлеуметтану зерттеуі – қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын және жеке ғылымдарды арнайы және нақты әлеуметтік зерттеуге қатысты жалпытеориялық және әдістемелік негіз рөлін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 



Информация о работе Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері