Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:28, реферат
Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын – біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді. Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.
Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
Институттардың мойындалған
“Дисфункция” ұғымын алғаш енгізген
американдық социолог Р.Мертон болатын,
ол жүйенің бір бөлігінің екінші бөлігіне
ықпалының теріс салдарларын бейнелеуге
және қандай да бір жүйенің біртұтастыққа
тұтасуы дәрежесін көрсетуге тиіс. Ол
іс-әрекет пен мінез-құлықтың барлық институцияландырылған
үлгілері қоғамның бірлігі мен тұтасуына
қызмет ететіндігіне күмән туғызған және
де дисфункцияларды зерделеуді маңызды
деп ұйғарған. Мысалы, бұқаралық ақпарат
құралдарының қоғамның әлемдегі оқиғалар
туралы неғұрлым жылдам және толық хабардар
болуын қамтамасыз етуге және тиісінше
коммуникация дәрежесін көтеруге тырысуы
сенсация қууға және ақпараттарды бұрмалауға
әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл басқаның қайғысына,
күш қолдануды қабылдауға, мораль талаптарына
қоғамның сезімталдық қасиетін төмендетеді.Сырт көзге