Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:24, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, әлуеметтік жұмыстың негізгі мәселелерін, олардың қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен себептерін анықтап, талдау жасау.
КІРІСПЕ ........................................................................................
І-тарау Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны…...
1.2
1.3 Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы……………….
Әлеуметтік жұмыстың әдістері…………………………….
ІІ-тарау Қазақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы әлеуметтік саланың қазіргі жай-күйін талдау
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер.........................
2.2 Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар........
ІІІ-тарау Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі
3.1 Әлеуметтік саланы жетілдірудегі шетел тәжірибелері(оның ішінде РФ)........................................... 23
3.2 Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі ……......................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................
Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың негізгі тапсырмаларына адам денсаулығына барынша нақты әсер ететін жетекші әлеуметтік факторларды анықтау, оның әлеуметтік адаптациясын, соның ішінде балалар денсаулығына әсер етуі мүмкін генеалогиялық сипатын ашу жатады. Денсаулық сақтау саласында да әр түрлі шетел тәжірибелері қолданылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласын дамыту барысында «Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етудің қазіргі заманғы құралдар» атты Орта Азиялық конференция өтті. Бұған республиканың денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының мамандары, денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және т.б қатысты.Конференцияны өткізу өзектілігі ең алдымен денсаулық сақтаудың барлық салаларының алдында тұрған міндеттермен байланысты. Медициналық қызметтердің сапасы, оны жоспарлау, қамтамасыз ету және бақылау – тек Қазақстанның ғана емес АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция сияқты дамыған елдердегі қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың ең негізгі мәселелері. Сапаны қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі тәсілдің қажеттілігі, осы үрдіске енгізілген барлық тұлғалардың ретті және жоспарлы қызметі – бұл бүгінгі күннің өзекті қажеттіліктері. Денсаулық сақтау жүйесінің озық ұйымдарымен, жетекші клиникалық және академиялық шетелдік орталықтарымен жиналған тәжірибені қолдана отырып, Қазақстан қазіргі таңда халықаралық қағидаларға негізделген денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару жүйесін жетілдіруде.
Бұл ретте негізгі рөл стандарттау процестеріне жатады, себебі сапа – ол, ең алдымен, стандарттарға сәйкестік. Стандарттаудың мақсаты медициналық көмек көрсету саласында бірнеше мәрте қайталанатын процестерді, жұмыстарды, қызметтерді ретке келтіру болып табылады. Тек қана стандарттар бар болған негізде ғана ішкі аудитті, сонымен қатар елдегі халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізуге болады.Стандарттар ұлттық денсаулық сақтау шеңберінде 2009 жылдан бері жүргізіліп жатқан аккредиттеу рәсіміне де негіз болып табылады. Халықаралық практикада аккредиттеу денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау жүйесіне келгенде сыртқы сипатқа ие. «Аккредиттеу» сөзінің латын тілінен «аccredo» - сенемін деген мағына бар. Медициналық ұйымға аккредиттелген мәртебесін бере отырып, мұнымен мемлекет ел халқына медициналық көмек көрсету үшін өзінің сенімін білдіреді. [20]
Орталық
Азия конференциясы екінші күнінде
клиникалық нұсқауларды әзірлеу
мен енгізу әдіснамасы, медициналық
технологияларды бағалау, медициналық
ұйымдарды аккредиттеу
Қазақстандағы Британ кеңесімен бірлесе отырып, алғаш рет «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері» Халықаралық конференциясы өткізілді. Оған барлық мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Конференция тиісті мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың күнделікті жұмысында қолданылатын ұсынымдар әзірледі. «Дифференциация» - латын сөзінен аударғанда – айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді. Даралау мәдениеттанумен байланысты баланың жеке тұлға бейнесін ашудағы оқушыға өзіндік оқу жолына түсуге мүмкіндік беруге, оның өзіндік қабілеттілік деңгейіне және оқу материалының көлеміне қатысты. Білім беру жүйесіндегі ішкі факторлар ең алдымен әр оқушының мүмкіндік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы кәсіптік оқытудың пайда болуына себепкер болды. Дифференциациялау және даралап оқыту жүйесінде туындаған мәселелер уақыт өте жалпылама оқытуда сыныптық оқыту жүйесінде туындайды. Ия, бұл оқыту жекелеп, педагогтардың оқыту жүйесін оқушының қызығушылығына оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру арқылы жасалған. Жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығын арттыруға байланысты Америка Құрама штатында мектеп бағдарламасының негізінде кәсіптік оқыту деңгейін, бағытын енгізу идеясын Э.Торндайк, Л.Герман ұсынған. Оның негізгі себебі жоғары сынып оқушыларының оқуға деген ынтасының жойылуы. Бейіндік оқыту осы мәселені шешеді және жоғары сынып оқушыларына тиімділігін көрсетеді. Біріншіден, мектеп бітірушілерді еңбек майданымен қамтамасыз етеді, жоғарғы оқу орындарына оқуға мүмкіндікті ашады. Екіншіден, оқушының қабілет икемділігіне байланысты әлеуметтік мәселені шешуде мемлекетті мамандармен қамтамасыз етеді. [21]
Ал, Шығыс Еуропа
елдері мектептерінің бәрі
Енді, көптеген мемлекеттердің жалпыға бірдей білім беру мектептерінде ішкі жекелей оқыту оқушының қабілет- икемділіктерін дамытушы болып табылады. Мысалы, Америка мектептерінде жекелей оқуды бастауыштан бастап оқушыларды «шапшаң», «орташа», «баяу» деген топтарға бөлу арқылы жеке қабілеттерін тестілейді. Осы бөлу орта және бастауыш буындарда да жалғаса береді.Ал, Ұлыбритания мектептерінде жекелей оқыту бастауышты аяқтағаннан кейін 11 жастан басталады. Германия елінде жалпыға білім берудің 3 түрі қалыптастырылған: негізгі, шынайы және гимназиялық. Әрбір мектепте оқу мерзімі, мақсаты, жалпыға білім беру деңгейі, әдістемелік оқуы, әлеуметтік өмірге бейімделуі қарастырылған.
Ресейдегі денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі кеңестік және батыстық денсаулық сақтау жүйелерінің үздік жақтарын қамтиды.Оның негізгі тұжырымдамасы - нарықтық тәсілі бар тегін медицина. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі - азаматтардың дәрігерді және емдеудің ақырғы нәтижесі үшін медициналық көмекке ақы төлеуді еркін таңдау жағдайында медициналық қызметтерді көрсетудің бәсекелі нарығында өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдардың желісі. Мемлекет Денсаулық сақтау министрлігі арқылы азаматтардың денсаулығын сақтау саласында салааралық үйлестіруді, медициналық және фармацевтикалық қызметті, санитарлық- эпидемиологиялық қызметті бақылауды, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жүзеге асырады. Медициналық қызметтердің басым бөлігі тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында көрсетіледі. Қазір денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторына ел халқына медициналық көмек беретін 2133 амбулаториялық-емханалық, 833 ауруханалық ұйым,сонымен қатар,денсаулық сақтаудың 29 республикалық ұйымы жатады. Осы ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Жалпы, денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы медициналық қызметтерді көрсету нарығының 60%-дан астамын құрайды. Ресей Федерециясының денсаулық сақтау жүйесі басқарудың отандық және шетелдік тәжірибесіне сүйеніп, қарқынды түрде дамытылып, жетілдірілуде. Соңғы он жылда медициналық қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістері айтарлықтай өзгерді. Заманауи үрдістерге ілесе отырып, медициналық қызметтерді көрсету сапасын,қолжетімділігі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында, жаңа технологиялар белсенді түрде қолданыла бастады, олардың енгізілуіне қарай қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесін реформалау жүргізілді. [22]
3.2 |
Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі |
Қазақстан шетелдермен тәжірибе алмаса отырып, әр түрлі саладағы әлеуметтік жұмысты дамытудың жаңа бағыттарын қалыптастырды. Сонымен қатар елде әр түрлі бағдарламалар қабылданып, олар жүзеге асуда. Денсаулық сақтау саласында қабылданған бағдарламалар сол жүйеге жаңаша өзгерістер енгізіп, жаңа технологияларды қолдануға жаңаша мүмкіндік ашты.
Қазіргі білім беру жүйесі рухани дамыған, компонентті тұлғаларға немесе өзін өзі рухани жағынан тәрбиелейтін жеке тұлғаларды қажетсінеді. Білім алуды өмір сүруге деген дайындық ретінде қарастыру өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік субъет ретінде түсіндіру маңызды.
Жекеменшік білім ордалары шетелдік тәжірибені пайдалану қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда басталған «Қазақстандағы мемлекеттік емес кәсіби білім: проблемалары және болашағы» атты VI конференция барысында айтылды. Мәслихатта 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіби білім беруді жетілдіру мемлекеттік бағдарламасы, Орталық Азия елдерінде техникалық және кәсіби білім берудің сапасын жетілдіру шарттары, Германия мен Қытай, Ресей және Қазақстанның кәсіби білім салаларының айырмашылықтары, өзара тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды. Қатысушылардың пікірінше, Орталық Азия елдерінде кәсіби және техникалық білім беру саласында дамытатын тұстар әлі де көп. Мысалы, арнайы оқу құралдарының жоқтығы, кәсіби ұстаздардың аздығы, халықаралық талаптарды пайдаланбау мәселесі жекеменшік оқу орындарына кедергі болып отыр. Бұл ретте сарапшылар шетелдік оқу орындарымен өзара қарым-қатынасты дамыту қажеттігін айтады. [23]
Алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені еліміздің кәсіптік мамандар даярлау жүйесіне тарту барысында биыл министрлік шетелдік кәсіптік білімді қолдау қоғамдарымен және еліміздегі ірі корпорациялармен шарттар жасады. Мысалы, Норвегияның “Кәсіптік білім беру” қорымен және Германияның Кәсіптік білім жүйесін дамытуға техникалық көмек көрсету халықаралық қоғамымен ортақ пікірге келуіміз соның дәлелі. Мұнымен бірге бірқатар Еуропа елдеріне біліктіліктерін арттыру үшін кәсіптік салада еңбек етіп жүрген оқытушыларымыз мамандарды, шеберлерді мерзімді курстарға жіберуді қарастырудамыз. Қазір білімдерін толықтырып, тәжірибеден өткен ондай адамдардың саны 300-ден асады. Алдағы уақытта бұл игі қадам жалғасын таба береді. Шетелдік мектеп сабақтары тәжірибелерін сабақтай саралай отырып, біз өзіміздің жеке кәсіптік оқыту жүйесін қалыптастырудамыз. Көптеген экономикалық дамыған елдердегі педагогикалық жүйеде кәсіптік білім беру нәтижелі жүріп келеді, ол сыртқы болмысы мен негізгі ерекшеліктері жағынан елдің мәдени, тарихи құндылықтарымен тығыз байланысқан. Бұл айырмашылықтарға қарамай дифференциациялау мен даралаудың жалпы идеяларының пайда болуы кәсіптік оқытумен бірге байланыса пайда болды.
Қазақстанның
денсаулық сақтауы өзінің даму жолында
көптеген қиындықтарға ұрынды. Мәселен,
1997 жылы басталған дүниежүзілік қаржылық
дағдарыс азаматтардың әлеуметтік амандығына
теріс әсерін тигізді. 2007 жылғы құс
тұмауының және сондай-ақ 2009 жылғы
шошқа тұмауының індеті халық
денсаулығына қауіп төндірді және мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
жүйесіне сынақ болды. Сыртқы факторлармен
қатар, денсаулық сақтау жүйесінде
ішкі мәселелер де орын алды. Олардың
бірі – денсаулық сақтау ұйымдарының
ескірген материалдық-техникалық базасы:
дәрігерлер қуаты аз және қазіргі
заманға сай емес жабдықтармен жұмыс
істеді, ауылдық жерлердегі көптеген
амбулаториялық-емханалық