Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:51, реферат
Линдон Бэйнс Джонсон (ағылш. Lyndon Baines Johnson; 27 тамыз 1908,Стоунволл, Техас — 22 қаңтар 1973, сол жерде) — АҚШ-тың Демократиялық партиясы тұсында 1963 жыл 22 қараша мен 1969 жылдың 20 қаңтары аралығындағы Президенті.
Линдон Бэйнс
Джонсон (ағылш. Lyndon Baines Johnson; 27 тамыз 1908,Стоунволл, Техас —
1908 жылы 27 тамызда Техас штатындағы Стоунволл маңайында дүниеге келді. Джонсон-Сити мектебін және Сан-Маркостағы Техас штатындағы Оңтүстік батыс педагогтік колледжін тәмамдады. Хьюстонда Сэм Хьюстон атындағы мектепте полемика мен шешендік өнерден дәріс жүргізді.
Ішкі саясаты
1931 жылы конгрессмен Р. Клеберг Линдон Джонсонды
өзінің секретары қызметіне шақырды.1935 жылы тамыз айында Джонсон жастар ісі жөніндегі
Техас ұлттық әкімшілігінің өкілі болып
бекітілді.1937 жылы Техастың 10-шы сайлау аймағынан АҚШ өкілдері палатасына
сайланды. Джонсон Конгресстің ықпал етуші
комитетінен бекіту алып, Жаңа курстың
белсенді күрескері болды. 1941 жылы ол Сенатқа
сайлауға бірінші кампаниясын бастады.
Рузвельт қолдауына қарамастан Джонсон
алдын ала сайлау барысында 29 талапкерлер
арасынан 29 орын алды. Ол 1942 жылы әскери-теңіз
флоты ісі бойынша өкілдер палатасының
комитетіне мүше, ал 1947 жылы - қарулы күштер комитетінің мүшесі болды.
Сол сияқты әскери саясаттың арнайы комитетінің
және атом күші бойынша арнайы комитеттің
жұмысына қатынасты.
1948 жылы Джонсон Сенатқа өтті. Онда Джорджииден келген ықпалды демократ Р.Рассельмен жақындасып, бірден екі бекітуге қол жеткізді: қарулы күштер бойынша комитет пен ішкі сауда мен штаттар арасындағы сауда бойынша комитетке.1951 жылы Басшысы орынбасарлығына, ал 1955 жылы Сенаттағы демократтар көсемдігіне сайланды. 1954 жылы Сенатқа қайта сайланды.
Президент Джонсонның бір жолдауында АҚШ-та әрбір 26 минутта бір зорлау, әрбір 5 минутта - бір тонаушылық, әр минутта – көлік ұрлығы және әрбір 28 секундта - бір ұрлық болатынын айтқан еді. Қылмыс қрытындысынан мемлекеттің материалдық потерии жылына 27 миллиардты құрайды.
Роберт Кеннеди өлтірілгеннен соң, президент Джонсон Ақүйде сөз сөйлеп, АҚШ-тағы өлтіру қылмыстарының көмескі есебін келтірді. 1885 жылдан бастап, әрбір үш америкалық президенттің біреуіне қастандық жасалып, әрбір бес президенттің бірі өлтірілгенін айтты.
1960 жылы Джонсон Демократиялық партия атынан президенттікке дауысқа салуға шешім қабылдады. Оны белсенді түрде Гарольд Хант қолдады. Джонсон өз үміткерлігін партияның ұлттық конвентінің шақырылуына бірнеше күн қалғанда 5 шілдеде ұсынған болатын. Алғашқы сайлаудың бірінші турында ол үлкен жеңілісті бастан өткерді, ал екінші жолы Джон Кеннедиден жеңіліп, вице-президенттікке үміткер болды. 1960 жылғы президенттік сайлаудағы Кеннеди жеңісінен кейін Линдон Джонсон 1961 жылы 20 қаңтарда вице-президенттік өкілдігіне кірді.