Мәдениет социологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 18:02, реферат

Описание

“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.

Работа состоит из  1 файл

Мәдениет социологиясы.docx

— 23.26 Кб (Скачать документ)

Мәдениет  үлгісінің әрі қарай таралуы үшін біріншіден, үлкен топтармен қоғамдар шегінде құндылықтары мен мәні болу керек, екіншіден, бұқаралық ақпараттар құралдары көмегімен үлкен аудиторияға жеткізілуі және көбейтілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік құндылықтарды қалын қауымға немесе макро ортаға дейін жеткізеді. Алайда бұқаралық ақпараттар көмегімен таралған идеяларды бұқаралық мәдениеттің бір бөлігі деуге болмайды. Біз күнде үлкен аумақта ақпараттар аламыз, бірақ одан игеру үшін аз ғана бөлігін аламыз. Егер де жаңа мәдени норма немесе құндылық кең аудиториямен, микро ортамен мәдениеттің пайдалы, қажетті бөлігі ретінде қабылданатын болса, егер де ол қазіргі қоғамның басқа мәдениет үлгілерімен таласта төтеп бере алса, онда ол осының бөлігі болып қалыптасады. Әрі қарай қолдану барысында мәдени үлгі адамдармен игеріледі, тұлғаның жеке дара мәдениетіне ажырамас бөлік ретінде енеді, процесс қайталана береді.

Мәдениеттің икемділігі, оның қоршаған ортаға бейімделу  және өзгеру қабілеті көбінесе мәдени үлгілердің негізін құратын жаңа идеялардың айналу жылдамдығына байланысты.


Информация о работе Мәдениет социологиясы