Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 23:33, реферат
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Кіріспе:
1.1. Мемлекет механизмі түсінігі
Негізгі бөлім:
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Басқару түрі. Саяси режим. Мемлекет функциясы.
Қорытынды
Жоспар
Кіріспе:
1.1. Мемлекет механизмі түсінігі
Негізгі бөлім:
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Басқару
түрі.
Саяси режим. Мемлекет функциясы.
Қорытынды
КІРІСПЕ
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады.
Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған,
ішкі тұтастығымен
және өзара
байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет
органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады.
Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар
болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін,
сыртқы
тәуелсіздігін қорғайтын
органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет
механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін
атқаруға қажет
болғанда ғана құрылады.
Екінші заңдылығы –
бірінің қызметін
бірі қайталайтын
органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы
мемлекеттік органдардан, мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз
етуге қажет
ықтиярсыз
көндіру
күштерінен
тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап
көрсеткен
жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды.
Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау,
мәдениет, ғылым,
спорт, және
т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде
айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері
және
міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар
сынағынан өткен
принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі
мынандай органдардан тұрады:
Өкілдік
органдар. Қазақстан
Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
Жоғары өкілдік
орган – Парламент. Парламент – бірден
–бір заң
шығаратын
орган.
Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы
– Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп
жұмыс
істеуін және үкімет
органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз
етеді.
Атқарушы
орган. Қазақстанда
жооғары
атқарушы
орган – Үкімет.
Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
Орталық
басқару
органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, агенттіктер, ведомстволар
жатады.
Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери
соттар жатады.
Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын
орган.
Әскер.
Оған
мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
Барлау, қарсы
барлау органдары.
Абақты,
бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган.
Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге
ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден
тұрады,
бұлардың айрықша түрі –
лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді
материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның... биліктік өкілеттері болады. Олар:
атқарылуы
міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін
берілген мүмкіндіктер;
мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып,
алуан түрлі әдістерді қолдана
отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз
ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
Туынды тәсілдер
бойынша:
а) Бастапқы
(өкілдік
берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент,
президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет,
прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді
солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең
жоғары
(үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары
жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары
арнайы түрде
белгіленіп берілетіндері (ішкі істер
органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары
бойынша:
а) Заң
шығару
органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет
және
т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау
тәртібі
бойынша:
а) Алқалыоргандар,
яғни
шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет
және
т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар
(Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін
атқаруын
белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін
бірыңғай
талаптар қойылады.
Талаптар – мемлекеттік органдарды құру
және
олардың қызмет
атқаруларын
айқындау
тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары,
міндетті ережелері, негіздері.
Принцип түрлері:
Адам және
азамат құқықтары
мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты – адамдар мен азаматтардың құқықтары
мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы,
бұлжытпай қорғауы
болатын міндеттерін айқындайды.
␃༁梄ሁ桤ā帀梄愁Ĥ摧ヱ%
葞Ũ摧ヱ%
‚
␃༃梄ሁ桤ā帀梄愁̤摧䛄_ᜀық қағидат – азаматтардың мемлекеттік
ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды
білдіреді.
Билік бөлінісі қағидаты
– үкімет
органдары мен лауазымды адамдар тарабынан
болуы мүмкін
басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты
шарты мен негізі.
Заңдылық қағидаты
– Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет
екендігін білдіреді.
Жариялық қағидаты
– құқық субъектілерінің белгілі
бір нақты
мемлекеттік органдар тарабында атқарылып
жатқан
істер жөнінде
мағлұмат
алуын қамтамассыз
етуді айқындайтын
негіз.
Шынайы кәсіпқойлық қағидаты
– мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары
мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде
тәжірибеге
енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты
– мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды
шамада үйлесімді
болуын қамтамассыз
етудің
алғышартының міндеттік
негізі.
Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік басқару
ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру)
шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін
негіз.
Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік аппартта
мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе
тең
орында тұрады.
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз – мемлекеттік өкімет
билігін жүзеге
асыру ә...
дістерінің
жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
Әр
түрлі
партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет
етуі, қызмет
атқаруы.
Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір
идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
Мемлекет өз
органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
Қоғамда
демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын
мәнінде, қамтамасыз
ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік
етуші идеология орнығады.
Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
Жаппай қуғын-сүргін
және
заңсыздықтар
орын алады.
Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір
түрі
ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни,
нақты
билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура
орнатады.
Тооталитарлық режимнің белгілері:
Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік
етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады.
Бір ғана
идеология үсьемдік етеді, идеологияда
плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
Қоғамда
жеке адамға
табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
Мемлекет әкімшіл-әміршіл
жүйе
арқылы
басқарылады.
Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.
БАСҚАРУ
ИНСТИТУТЫ
_______________________
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ
ТЕКСЕРГЕН: _____________________
ОРЫНДАҒАН:
____________________
АСТАНА-2009