Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 15:00, реферат
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты — оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.
Жоғарыда аты аталған американ экокомисі П. Хейне мынаны көрсетеді: желкеңді қайығы барлар шынында да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті ақтарғандар жарлы адамдар. Бірақ егер жаңа ереже бойынша желкенді қайықтың иесіне қоқыстағы мүсәпірлер қоры үшін деп жылына 10 мың доллар арнайы салық салынса және әлгі қордан әрбір жарлы адам жылына 2000 доллар көмек алатын болса, онда мынадай жағдай туады: тіркелген желкеңді қайықтар иелерінің саны азаяды, өзін "қоқыстанмын", жарлымын дегеңдердің саны жедел өседі (П. Хейне. Экономикалық ойлау бейнесі. М., 1991, 379-бет).
Табыстағы тенсіздік едәуір дәрежеде қүн заңының (бағалылық заңының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс дифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді қиратумен тең.
Қайта бөлу процестерінің көлемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс факторлары бойынша табысты бөлуді алып, үй шаруашылығының 10 тобына топтастырғанда (53-суреттегі халықтың 20% емес, 10%) онда мынадай қорытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%-тік топта халықтың төменгі 10%-не қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолдағы табысты алсақ (салықты төлегеннен кейін) онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз көлемде, артығы 100 есе емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы (салықты төлегеннен кейін) еңбек рыногының динамикасын төмендетті.
Сонымен рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.