Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 23:01, реферат
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі" керек.
тардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конституциялық құрылыстын мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын оның халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан Конституцияны орындау талабы бүкіл Қазақстаи үшін де, әрі оның әкімшілік-аумақтық қүрылымдары үшін де қажет. Тек осы мақсаттар ғана Конституцияның жоғарлылығын, ең жоғары заңдылық күші барын және
оның нормаларының Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолдана тындығын нақтылай түседі.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылға 30 тамызда республикалық бүкілхалықтылық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мелекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні дей жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұдайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, едетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтары немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата Завды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген. "Біз, ортақ тарихи тағдыр бірілген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекетті құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Ата Заңның негізгі белігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мелекетгік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының І-ҮІІІ бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды және өтпелі ережелер бандалған ақырғы IX белімде Ата Заңға өзгерістер мен толық-тырулар енгізу төртібі туралы, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды кабылдау рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады.
Cонымен қатар, мүліктік қатынастар байлянысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық зандармсн реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туыңдамайды.
Жоғарыда көріп отырганымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін коғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өңдіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игілігіне және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, муліктік қатынастарға тығыз байлаиысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатыиастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау арқылы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланыеты, өйткені өнертабыс иесінің өнер-табысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу қүқығы пайда болады.