Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 01:11, реферат
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факңторы болып келеді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайыын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені эканомикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші шағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факңторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады. Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілетін жұмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады. Әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизімінің орны ерекше. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмысыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарады. Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б
Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі. әртүлі себептерге байланысты, мысалы, өндірісте жарақат алған, жұмыскер жұмыс істеуге жарамсыз болып қалдуы мүмкін. Бұл жағдайда ол табыс табу мүмкіндігінен айрылады. Осындай жағдайда қалыптасқан пробеманы екі жолмен шешуге болады. Біріншісі- жұмыкер денсаулығынан келтірілген зақымға қарай белгілі салада көмек көрсетеледі. Бірақ бір жолғы жәрдем ұзақ уақытқа жеткіліксіз. Демек, екінші жолды- әлеуметтік сақтадыруды таңдаған дұрыс болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фатілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқықтық саласы.
Зейнетақылар, жәрдемақылар ,жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып күтудің нақты түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанша және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандыру мен, аналар мен балаларға қамқорлық жасау мен, азаматтарды сауықтырудың профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігін қалпына келтірудің маңызды құралдаы ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп және қолдап отырғаны белгілі бір әлеуметтік – экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды.
Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа әлеуметтік кепілдік берудің жаңа мехенизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қрғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Саясат әлеуметтануы — әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі XX ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының ез алдына ұғымдары, заңдары, т.б. ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артықтығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік-саяси қатынастар — саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен әзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер - мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.
Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет - әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық саласындағы саяси кызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады.
Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саясат ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара-жігі бүгінге дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы жиі сөз болады. Батыс Еуропада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына басымырақ маңыз береді.
Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен, қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізінен саясат саласын, саясаттың бір түрін — «саяси саясатты», яғни мемлекеттік - әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика, әлеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді. Бұл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формалды емес әлеуметтік жүйелерге, қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және социо мәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қарағанды Банк колледжі
Реферат
«Мемлекеттік әлеуметтік саясат»
Қарағанды 2011