Мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек корсететің бөлімшелер туралы Ережені бекіту туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 14:10, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарулар туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Сауда және индустрия министірлігінің стандарттау, методология және сертификаттау жөніндегі Комитеттің 2003 жылғы 21 ақпандағы № 65 бұйрығымен бекітілген «Халықа әлеуметтік қызмет көрсету.

Работа состоит из  1 файл

курсавой айманMicrosoft Office Word.docx

— 21.79 Кб (Скачать документ)

Мүгедектер  қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек корсететің бөлімшелер туралы Ережені бекіту туралы

   Қарағанды облысы Әдлет департаменті нормативтік құқықтық акт 2008 жылғы 6 қараша нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекетік тіркеудің тізіліміне №1857 болып еңгізіл

   Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарулар туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Сауда және индустрия министірлігінің стандарттау, методология және сертификаттау жөніндегі Комитеттің 2003 жылғы 21 ақпандағы № 65 бұйрығымен бекітілген «Халықа әлеуметтік қызмет көрсету. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету. Қызметтер көлемі» Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1173-2003 Мемлекеттік стандартына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер туралы Ереже бекітілсін.
  2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек корсететін бөлімшелер құру жұмысын осы ережеге сәйкес келтірсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.
  4. Ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және өз әрекетін 2008 жылғы 11 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

   Мүгедектер  қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер туралы ЕРЕЖЕ

   Қарағанды облысы Әдлет департаменті нормативтік құқықтық акт 2008 жылғы 6 қараша нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекетік тіркеудің тізіліміне №1857 болып еңгізіл

   Осы ереже Қазақстан Республикасының  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан  Республикасының Сауда және индустрия  министірлігінің стандарттау, методология  және сертификаттау жөніндегі Комитеттің 2003 жылғы 21 ақпандағы № 65 бұйрығымен бекітілген «Халықа әлеуметтік қызмет көрсету. Кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету. Қызметтер көлемі»  Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1173-2003 Мемлекеттік стандартына сәйкес, кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін белгілейді.

  1. Жалпы ережелар
  2. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету(бұдан әрі-қызмет көрсету) психологиялық медициналық педагогикалық кенестің  (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысы бойынша бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға ұсынылады.
  3. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға әлеуметтік көмек көрсету, олардың тәрбиесіне, күтіміне, тұрмыстарын ұйымдастыруға, бос уақытына, оқуына еңбек  және кәсіптік даярлығына байланысты мәселелерді шешу үшін әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше құралады (бұдан әрі-әлеуметтік көмек бөлімшесі), мәртебесі мен құрылымын сәйкес қалалар мен аудандардың атқарушы органдары белгілейді.
  4. Әлеуметтік көмек бөлімшесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, кемтар балаларға үйде әлеуметтік кызмет көрсету Ережелерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  5. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуін сәйкес қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады. 
  6. Басты міндеттер
  7. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің басты міндеті мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік стандартында көзделгеннен кем болмайтын түрлерде және көлемде бөгде адамның күтіміне мұқтаж кемтар балаларға қажетті әлеуметтік қызметтер ұсыну болып табылады.
  8. Әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше ұсынатын әлеуметтік қызметтер
  9. Әлеуметтік көмек бөлімшесі төмендегі әлеуметтік қызметтерді ұсынады:
  10. Арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды денсаулық сақтау,  білім беру органдарымен анықтап, есепке алу;
  11. Баланың қызығушылығымен қажеттілігін анықтау мақсатында баланың шағын ортасын білу, кемтар балаларды әлеуметтік тексеру;
  12. ПМПК мамандары құрған жеке бағдарламаны есепке алып, жеке қызмет көрсету карталарын жасау, көмектің нақты түрі мен нысаның белгілеу;
  13. Баланың ата-анасына баланың дамуына себепші болатын әдістер мен тәсілдерді, науқас баланың жалпы күтімінің тәжірибелік дағдыларын үйрету;
  14. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға балаға қозғалу мен әлеуметтік дағдыларды үйретудегі (киіну, жуыну, асханалық құралдарды пайдалануды білу, ақша жұмсай білу, сауда жасай білу, ас әзірлеу, телефонды пайдалануды білу, көлікке міну және тағыда басқа өзіне-өзі бақылау,қарым-қатынас жасау) көмек көрсету;
  15. Отбасында баланың бейімделуі және оңалту іс-шараларын іске асыру мақсатында ата-аналармен жұмыс;
  16. Мүгедек баланың бос уақытын (ойындар, кітап оқу, оны талқылау және тағы басқа) ұйымдастыру;
  17. Балаға және ата-анасына психологиялық көмек көрсету;
  18. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарымен жеке және топтық іс-шаралар (семинарлар, тренингтер және басқа түсіндіру іс-шаралары) ұйымдастыру арқылы ағартушылық-алдын алу жұмысын жүргізу;
  19. Қажетті арнайы медициналық көмек пен медициналық қызмет алуға, дәрігерді үйге шапқыруға,емханаға апаруға жәрдемдесу;
  20. Шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
  21. Медициналық көрсеткіштер бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдармен, техникалық және басқа құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  22. Интернат-үйлеріне анықтау, жәрдемақылар тағайындауға, қорғаншылықты, қамқошылықты тағайындау құжаттарын рәсимдеуге жәрдемдесу;
  23. Кенестік көмек, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар беру мәселелері жөнінде көмек көрсету;
  24. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу;
  25. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға демеушілік көмек көрсетуге оларды тарту мақсатымен қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық қорлармен байланыс жасау және жәрдем көрсету.
  26. Әлеуметтік көмек бөлімшесінің жұмыс істеу тәтібі және шартары
  27. Әлеуметтік көмек бөлімшесі қызмет көрсететін кемінде 80 кемтар бала (бұдан әрі балалар) болған жағдайда құрылады.

   Ірі қалалар мен елді мекендерде қажет  болғанда бірнеше бөлімше біріктірілуі мүмкін.

  1. Әлеуметтік қызметке мұқтаж бала саны бөлімше құруға мүмкіндік бермейтін жерлерде бала күтімі жөніндегі әлеуметтік қызметкердің лауазымы жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсететін үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшенің немесе аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының штатына еңгізіледі.

   Кемтар  балаларға әлеуметтік көмек жеке көмекпен қатар және топпен де болуы  мүмкін, яғни күндіз баратын бөлімшелерде көрсетіледі.

  1. Әлеуметтік қызметкерлердің штаттық бірлік саны есеппен белгіленеді, бір әлеуметтік қызметкердің қызмет көрсететін бала саны 6-дан аспайды.

   Кейбір  жағдайларда баланың дамуы мен  қозғалу белсенділігіндегі ауытқу деңгей есебімен күтім жөніндегі  әлеуметтік қызметкерге жүктеме 4 немесе 5 мүгедектер қатарындағы кемтар бала болуы мүмкін.

   Егер  отбасында қызметке мұқтаж екі немесе одан да көп бала болса, онда әр бала жеке тұлға болып есептеледі.

  1. Әлеуметтік қызметкер кесте бойынша балаға аптасында 2-3 рет барады.
  2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға қызмет ПМПК мамандары жасаған жеке бағдарлама бойынша, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүгедектеріне оқытатын құжаттар пакетін пайдаланып және басқа әдістемелік әдиебетпен жүргізіледі. Баланың денсаулық жағдайы мен оның қозғалу белсенділігіне байланысты әлеуметтік қызметкердің жүктемесі мен әлеуметтік көмек бөлімшесі ұсынған қызмет көлемі белгіленеді.
  3. Әлеуметтік көмек бөлімшесі мен баланың ата-анасының арасындағы қатынастар үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметке Келісіи шартпен ресімделеді. Келісім-шарт екі дана болып жасалады, біреуі баланың ата-анасына беріледі, екіншісі әлеуметтік көмек бөлімшесінде қалады. Келісім-шартта міндетті түрде мерзімдікті көздейтін шарттар саны, ұсынылатын әлеуметтік қызмет түрлері және балаға қызмет көрсетуге  бекітілген әлеуметтік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, келісім-шартты б9зу шарттары6 тараптардың жауапкершілігтері, келісім шарттың әрекет ету мерзімі болады.
  4. Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2003 жылғы 16 мамырдағы №101-б бұйрығымен бекітілген халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жүйесі қызметінің басшылары, мамандары және басқа қызметкерлері лауазымдарының Біліктілік мінездемелерінде белгіленген лауазымдық міндеттерге сәйкес орындайды.
  5. Үйде қызмет көрсетуге қабылдау тәртібі және үйден қызмет көрсетуден шығару
  6. Үйде қызмет көрсетуге ПМПК қорытындысы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж мүгедектер қатарындағы кемтар балалар қабылданады.
  7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды қабылдау үшін төмендегі құжаттар негіздеме болады:
  8. Қызмет көрсетуге қабылдау туралы мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерден өтініші;
  9. Бөгде адамның күтімі қажет туралы ПМПК қорытындысы;
  10. Емдеу-алдын алу мекемесі толтыратын баланың денсаулығы туралы медециналық карта;
  11. (медециналық-әлеуметтік сараптама бөліміне) мүгедектік туралы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аймақтық бөлімшесінің анықтамасы;
  12. Үйде қызмет көрсетуге қабылдауға карама-қайшылықтар: жұқпалы, созылмалы жұқпалы, карантин аурулары, бактериятасушылық, өкпе ауруының белсенді түрлері, арнайы денсаулық сақтау ұйымдарында емделуді талап ететін басқа да ауыр сырқаттар.
  13. Қызмет көрсетуден шығару ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе баланы интернат-үйіне орналастырғанда және басқа себептермен жүргізіледі.
  14. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру
  15. Үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелер (бұдан әрі-бөлімшелер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшы құрған дербес заңды тұлға ретінде де және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері ретінде де болуы мүмкін.
  16. Бөлімшені халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек (басқарма) бөлімінің, аудандық (қалалық) бөлімінің бұйрығымен тағайындалатын меңгеруші басқарады.
  17. Бөлімше меңгерушісі:
  18. Басқарады, тәжірибелік көмек көрсетед және әлеуметтік қызметкердің қызметіне бақылау жасайды;
  19. Атқарушы және уәкілетті органдарда және басқа құрылымдарда қызмет көрсететін азаматтардың мүдделер мен құқығын қорғауда жәрдемдесуді ұйымдастырады.
  20. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды әлеуметтік қолдау жұмысының жағдайын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының қарауына шығарады.

Информация о работе Мүгедектер қатарынан кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек корсететің бөлімшелер туралы Ережені бекіту туралы