Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 22:31, реферат
1.Неке
2.Некені сот тәртібімен бұзу
3.Ата-Ана құүқықтарынан айыру
Жоспары:
1.Неке
2.Некені сот тәртібімен бұзу
3.Ата-Ана құүқықтарынан айыру
Неке – отбасын құрудың негізі
болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын отбасын құру мақсатымен,
заңда белгіленген тәртіппен тараптардың
ерікті және толық келісімі жағдайында
жасалған еркек пен әйелдің арасындағы
тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз
қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ
еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын
тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да
отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер
кәмелетке толған балалары ата – анасымен
бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық
көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке
толған ағалары мен қарындастары ата –
анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық
жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар
арасында некеден, туыстықтан, бала асырап
алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала
алудан туындайын қатынастар отбасылық
қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы
қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен
реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар,
негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік
нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара
құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және
имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық
өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер
мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді
қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның
басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі,
туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Некенің бұзылуы-отбасы өміріне ғана емес,
қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет. Әр отбасының ажырасу
тарихы, себебі әр түрлі. Әлеуметтанушы
ғалымдар ажырасуға әкеліп соғатын үш
түрлі себептерді көрсетеді. Алайда әр
отбасында оның себептері әр түрлі болуы
мүмкін:
тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық
қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы,
т.б.);
тұлғааралық келіспеушіліктер ( өзара
сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемділікке
салыну);
ішкі жағдайлар ( жаңа отбасының пайда
болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).
Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы
дегеніміз-жұбайлардың арасындағы мүліктік
және мүліктік емес жеке қатынастардың
тоқтатылуы.Бұл ерлі-зайыптылардың арасындағы
құқықтық қарым-қатынастардың тоқтатылғанын
білдіреді.
ҚР “Неке және отбасы” заңы некені бұзудың
екі түрін белгілейді.
Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында
некені бұзу.
Сот тәртібімен некені бұзу.
Некені әйелдің жүктілігі және бала туғаннан
кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз
бұзуға жол берілмейді. Бұл өмірге бала
әкелген немесеәкелуге ниет білдіріп
отырған әйел-ананың, баланың денсаулығы
үшін қажет. Азаматтық хал актілерін тіркеу
органдарында
некені
бұзу:
Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ;
Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар
қоймайтын;
Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі жағдайында
жүргізіледі.
Бұл жағдайда тиісті орган некені бұзу
фактісін тіркейді. Азаматтық хал актілерін
тіркеу органы өтініш берушілерден некенің
қандай себептерге байланысты бұзылғанын
анықтауға құқылы емес.
Некені сот тәртібімен бұзу. Ерлі-зайыптылардың:
Кәмелеттік жасқа толмаған ортақ балалары
болса;
Жұбайлардың
біреуі некені бұзуға келісім бермесе;
Ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға
қарсы болмас, бірақ өз әрекеті немесе
әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан
жалтарса неке сот тәртібімен бұзылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бар,
бірақ кәмелетке толмаған балалары болғанда
сот ажырасу себептерін анықтауға, татуластыруға
мерзім белгілеуге құқылы емес. Бұл жағдайда
сот кәмелетке толмаған баланың мүддесін
қорғайды, баланы кіммен қалдыру туралы
мәселені шешеді. Ерлі-зайыптылар соттың
қарауына кәмелетке толмаған баланың
кіммен қалатыны, алимент мөлшері туралы
келісімді ұсына алады. Мұнда көрсетілген
алимент мөлшері заңда көрсетілген алимент
мөлшерінен төмен болмауы керек. Жұбайлардың
ортақ келісімі, болмаған немесе осы келісімде
баланың мүддесі бұзылғаны анықталса,
сот бұл мәселені сот отырысында қарап,
шешім шығаруға тиісті.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені
бұзуға келісімі болмаған жағдайда, некені
бұзу олардың біреуінің өтініші бойынша
жүзеге асады. Сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға
мерзім белгілеуге құқылы.
Қоғам
өмірі үшін отбасының
Ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі
шаралар нәтижесіз болса, сот тараптардың
өтінішін қанағаттандырады. Көп жағдайларда
ерлі-зайыптылар некенің бұзылу себептерін
анықтап айтудан бас тартады. Ажырасу
себептерін айтудан бас тарту, соттың
некені бұзбай қалдыруына себеп бола алмайды.
Некенің бұзылу се...бебі нақты анықталмаса
да сот талапкердің өтінішін қанағаттандыруға
құқылы.
Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар
некені бұзутуралы арыз бергеннен бастап,
кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.
Соттың шешімі күшіне енген күн некенің
бұзылған күні деп танылады.
Некенің бұзылғандығы жөніндегі сот шешімінің
көшірмесі, неке тіркелген жердегі АХАТ
органдарына үш күннен кешіктірілмей
жіберіледі. Некенің тоқтатылуы бұрынғы
ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік
және басқа (жеке қатынастардың) тоқтағандығын
растайды. Олардың жаңа некеге тұруға
құқығы пайда болады.
Ата-ана құқықтарынан айыру.
1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):
- ата-ана міндеттерін орындаудан, оның
ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
- өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен)
не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу
немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді
себептерсіз бас тартса;
- өздерінің
ата-ана құқықтарын пайдаланып
қиянат жасаса;
- балаларға қатыгездік көрсетсе, оның
ішінде олардың денесіне немесе психикасына
зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық
пәктігіне қастандық жасаса;
- заңдарда белгіленген тәртіп бойынша
маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады
деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан
айрылуы мүмкін.
2. Өз балаларының не жұбайының өміріне
немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс
жасаған жағдайда ата-аналар (олардың
біреуі) ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен
жүргізіледі.
Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге,
оның жан-жақты жетілген азамат болып
өсуіне жағдай жасауға міндетті.
Балаларының орта білім алуына жағдай
жасауға, балалардың мүддесіне сай әрекет
етуге құқылы, әрі міндетті. Олар өз балаларының
заңды өкілі болып табылады, сотта олардың
мүдделерін қорғайды.