Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:12, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.
Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------------------------------------------5
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері--------------------------------------------------------------------------------5
1.2 Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы----------10
ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ---------------------------19
Бала және үлкен аданың қарым –қатынасы-------------------------------------19
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі--------------------21
2.3 Мектеп жасындағы баланың психологиясына ата- ана тәрбиесінің әсері----------------------------------------------------------------------------------------------------22
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28
Ерте сәбилік шақта үлкеннің сөзі көрнекі әсерлі ойлауын дамытуға көмектесе алады. Ересек адам қайсыбір ситуациялық міндеттің шешілу жолын балаға іс-әрекетпен ғана емес, сөзбен де айтып береді. Мәселен, сәби кереуеттің шыбықтары арасынан қорапты өткізгісі келіп, бірақ дұрыс өткізе алмаса, үлкендер. «Қорапты төңкер, сонда ол өтеді»,— деп кеңес береді де баланың тиісті әрекетін туғызады.
Ерте сәбилік шақта бала іс-әрекеттің орындалу барысында сөйлеп отыра алады. Бірақ бастапқы кезенде сейлеу гәуелсіз процесс тәрізді болып көрінеді: бұл кезде баланың мінез-құлқы-дан әрекеттің екі түрін: сөйлеуді және ойлауды байқауға болады. Кейінірек тілдік ойлауды құра отырып, бұл іс-әрекеттер бірігеді.
Үш жасқа қарағанда баланың ақыл-ойының дамуында, іс-әрекеттің күрделі формалары мен жаңа түрлерін бұдан былайғы игеруде анықтаушы мәні бар мадызды ұмтылыс болып өтеді — сананың таңбалық (немесе символдық) функциясы қалыптаса бастайды. Оныд мәні бір объектісі екішісінің орнын басушы ретінде қолдану мүмкіндігінде. Мұның өзінде заттармен әрекет жасаудың орнына олардың орнын басушы заттармен әре-кеттер жасалынады.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану — адам психикасына тән айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез келген түрі (тіл, математикалық символика, дүниені суреттеуде, музыкалық әуендерде т. б. бейнелейтін өнерде) адамдар арасындағы қарым-қатынас үшім қызмет аткарады, заттар мен кұбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық функция бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек кейінірек қана сөзді қолдануға ауысады.
ІІ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ
Онтогенезде баланың үлкендермен қарым-қатынасы іс жүзінде бірден пайда болады.
Бастапқыда біз баланың үлкенге тікелей тәуелділігін байқаймыз. Нәрестелік шақта-ақ ол қатынастыц «плюс» белгісімеи болуына табанды түрде ұмтылады. Үлкен адаммеы өзара іс-әрекет жасауды дұрыс бастаса, оның белсенділігі ең жоғары шегіне жетеді.
Құрдастарымен жасалынатын өзара қарым-қатынас сипаты көп жағдайда ересек адамның баламен өзара қарым-қатынасы сипатына тәуелді болады. Егер ересек адам балаға деген қарым-қатынастың эмоциялық қолайлы тәсілін қамтамасыз ете білсе, онда бала оның қалай қарайтынын сезіне отырып, құрдастарымен де белсенді қарым-қатынас жасайды. Бала бүкіл дүниені жақсы көреді, ол басқалардың сәтсіздігіне бірге қынжылып, куанышына қуануға даяр, осыған білдірген құрдастарымен тез араласып, қарым-қатынастың қолайлы тәсілдерін бұзушы құрдастарымен жасалатын қарым-қатынас формаларын іздестіреді.
Мұндай болмаған жағдайда баланың әлеуметтік белсенділігі енеді. Оның енді балалармен ойнағысы келмей, олардан аулақтанып, өзімен өзі ғана болады немеее фрустриадия күйіне түседі. Ересек адам — бала белсенділігінің тұрақты катализаторы.
Баланың үлкенге тікелей тәуелділігі, әсіресе қарым-қатынастың «плюс» белгісі тұрғысынан алғашқы ережелерді игеруде жүзеге асады. Бұл процесс кеңірек формада бала әлеуметтік-нормалардың қарапайым жиынтығын түсінуге қабілетті болатын ерте сәбилік жаста басталады. Бұл нормалар есте сақталады, түсінікті болады әрі күнделікті өмірдің барлық жағдайында мінез-құлыққа жетекшілік етеді. Бала заттарды пайдалану ережелерін орындауға кірісе бастағанда ол психологиялық тұрғыда тұрақты нәрселер дүниесіне енеді. Міне, тап осы жерден ол шын мәдінде өзінің нағыз әлеуметтік дамуы тарихын бастайды. Заттар ол үшін белгілі бір атқаратын міндеті және белгілі бір қолданылу тәсілі бар нәрселер ретінде көрінеді. Балаға заттың күнделікті өмірде атқаратын, оған қоғам бекітіп берген тұрақты міндеті болатынына үйретіледі. Бөбекке кейбір күтпеген жағдайларда заттық мәнінің өзгеріп кетуі мүмкін екендігі жөнінде әзірге түсінік берілмейді. Бастапқыда бала заттың шын мәнінде атқаратын қызметін біледі. Ол колданылу тәсілі белгілі, бір мағыналы заттардың (киімдер, құралдар, ыдыстар, мебельдер) болатыны туралы біледі. Заттардың қолданылу тәсілдерін бұзу мінез-құлық ережелерін бұзу ретінде қаралады. Демек, бала заттық іс-әрекетке психологиялық түрде бет бұрған жағдайда оның әлеуметтік дамуы — тұрақты нәрселер дүниесінің және осы нәрселерге байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы дүниесінің қарапайым нормаларын игеруге көңіл бөледі. Ерте сәбилік шақта балаға ұсынылатын нормалар бір мағыналы әрі белгілі. Олар балаға ережелер жүйесі немесе ережелердің "өзара әсері түрінде хабарланбапты. Ережелер мен проблемалық ситуацияларды әрдайым бір мағыналы шешетіндей етіп ұсынылады. Мұның күнделікті өмір жағдайында мүмкін болу себебі, бала үйреніп білетін алғашқы ережелер бір мағыналы қажетті (сабынмен қолды сабындайды, ыдыспен ішеді, қасықпен тамақты ауызға жеткізеді т. с. с— біз үшін үйреншікті, бірақ бала үшін — ақиқат) болып табылады. Бұл ережелерді ересек адам саз жүзінде де, ақиқат өмір жағдайында да бір ма-ғынада түсінеді — ол осы ережелерді таратушы, затпен әрекет жасаудың үлгісі болып табылады. Міне, ересек адам тұрғысынан эмоциялық құптау болғандықтан да ереже ішке ауысып, баланың мінез-құлқын анықтаушы мәнге айналады7.
Ерте сәбилік шақта бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Ол өзара түсінісуді ұйымдастырады. Заттық іс-әрекетте ересек адам ыытымақтастық сипатын анықтайды.
Бұл кезеңде балалар айналадағы заттардың аттарын білуге ұмтылады. Үлкендердің айтқандарын қайталай отырып, балалар аттарын айта бастайды. Екі жастың соңында өз атын атап айту «мен» деген есімдікпен ауыстырылады. «Мен» жүйесі ерте сәбилік шақтың аяғына қарай пайда болатын орталық құрылым (Л. И. Вожович). Бөбек өзін ересек адамнан ажырата білуге үйреніп, өзіне дербес «мен» ретінде қарай бастайды, яғни онда өзіндік сананың алғашқы формалары пайда болады. Сөздерінде бала өзін қайсыбір өзгермейтін тұрақты, ал өз іс-әрекеттерін көшпелі деп жіктейді. «Қазір Сәбит отыр, енді Сәбит жүгіреді, Сәбит енді құлап қалды». Шын мәнінде, бала өз әрекетін өзінен ажырата білуге үйретіледі.
Даму жетістіктері сәбидің барлық мінез-құлқын сапалы түрде өзгертеді. Ересек адамның рөлі бұрынғыша жетекші болғанымен, өзінің практикалық өмірінің тар жүйесінде, өзінің шағын мүмкіншіліктерінің шеңберінде бала ересектердің көмегінсіз-ақ әрекет жасауға тырысады. Жаңа тенденциялар балалар белсенділігін күшейтеді («Мен өзім») және ересектермен жаңа қарым-катынастар жасаудың пайда болуына алып келеді. Бұл кезең әдетте қиын кезең («үш жас дағдарысы») деп аталынады, өйткені ересек адам өзі баламен қарым-қатынас жасауда киындықтарды басынан кешіре бастайды, мойындамауы мен қиқарлығы жағынан адам төзгісіз болуы мүмкін.
Үш жас дағдарысы — бала мен ересек адамның өзара карым-қатынасының дамуында болатын объективті құбылыс. Балада өз қажеттілігін өзінің дербес қаиағаттандыру тенденциясы пайда болады, ал үлкен адам қарым-қатынастың ескі типін сақтайды да, сол арқылы баланың белсенділігін тежейді. Қалыпты, дұрыс дамып келе жатқан бала бұрынғы қарым-қатынастарға қарсыласа бастайды.
Үш жас дағдарысы — өтпелі құбылыс, бірақ онымен байланысты жаңа құрылымдар — өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен салыстыру — баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.
Үлкендердей болуға ұмтылу ойын формасында (тек ойында ғана бала дүкенге барады, түскі тамақ дайындайды, ракетамен космосқа ұшады т. б.) неғүрлым толық шешім табуы мүмкін. Сондықтан да үш жас дағдарысы баланың ойын әрекетіне ауысу жолымен шешіледі8.
2.3 Мектеп жасындағы
баланың психологиясына ата-
Жас пен жасөспірімдерден
бастап ата-аналар, мұғалімдер психикалық
жақтан ауытқусыз жетілудің
Біріншіден, оқушылардың оқу барысындағы психикалық тазалығына назар аудару керек. Психологтар адамның бір іске деген зауқы оның қарбаласқа түсуімен абыржуға тікелей байланысты болады, бірақ белгілі шектен асқан абыржуы адамның оқу және іс-әрекеттеріне кедергі жасап, дене жэне психика жақтан бірдей шаршатып, толық дамуына зор зиянкестік жасайды деп қараған. Іс жүзінде кейбір мектеп басшылары, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларды озат және нашар оқитындар деп топтарға бөледі, әрі емтихан нәтижесіне қарай бағалауды дәріптейді.
Оқыту барысында сағат санын орынсыз арттырады, оқыту программасынан тыскары киын мәселелерді әкеліп орындатады, нәтижесінде оқушыларда өзін төмен санау, іштей қорлану, өзіне-өзі көктену сияқты сезім пайда болады.
Ал кейбір үздік оқушылар рухани жақтан зор шырмауға ұшырап өздері қызықпайтын пәндерді де зорлықпен жаттап, үйренеді, тіпті, нағыз адам болу сенімін жоғалтып, жеке мүдде деген ұнамсыз жағдайлар олардың ән бойына жасырын сіңеді де, басқаларға көмектесу әдетін азайтады.
Бәрінен сорақысы басқалардың ізденіп, үйреніп жатқаның байқағанда іші тарылып, дегбірсізденетін болады, аз дегенде 10-40% оқушылар өздерінің жасырын қабілетін дамыта алмайды, ұйқысы қашу, есте ұстау қабілеті төмендеу, зейіні шашырау, тамақ іше алмау, рухани жағынан солғындау, нерві әлсіреу жағдайы байқалып, өз тепе-теңдігін жоғалтуға ұрынып, қалыпсыз әрекеттермен шұғылданады, тіпті өмірден күдер үзетіндеріде болады. Мысалы, Қытайдағы Нанджың қаласында тұратын екі профессордың өз балаларына жоғары мектепке өтуі үшін айрықша жоғары талап қояды, бірақ баласы өте алмай қалады, сол себепті ата-аналарын өлтіреді. Мұны профессор Жаң шұйхы зерттеп, психикалық тепе-теңдіктің бұзылуынан деп дәлелдеген.
Екіншіден, өзін дұрыс бағалауды күшейтіп, өзін қабылдай алатын позициясын жетілдіру керек.
Психологтар тәжірибе арқылы адамдардың өзін тануымен іс-әрекеттік қимылының сәйкестігі арасындағы байланысты зерттегенде, өзін тану мен іс-әрекеттік қимылдың қаншалықты бір біріне жақын шықса, адамның сақтық қимылы соншалықты аз болады, ал қоғамға сәйкес қимылы соншалықты күшті болатындығын дәлелденген.
Бір адамның өзін қабылдай алуы оның өзін қор санайтын психикалық жағдайының жоқтығынан дерек береді, өзін өзі төмен санау сезіміндегі адам үнемі қарбаластыққа түсіп, аландап тұрады да сақтық сипатында тұрады, психикалықтағы қарбаластығын жояды.
Не өзін өзі барынша
жоғары: санайды, не қалыптан тыс кемсітеді,
өзінің абыройын қорғау үшін төңірегіндегілерді
мұқатады, масқаралайды, олар шындыққа
бетпе-бет жолығудан
Бұл үшін ата-аналар мен оқытушылар окушыдан өзінің қабілетіне сәйкеспейтін шектен тыс ауыр талап қойып алуынан сақтану керек. Себебі адам өзі қабілеті жетпейтін істерді мақтан етіп, белгілеп алады. Көп жағдайда мақсатына жете алмай қалады да көңілсізденеді. Ол үшін оқушыларға өзгеден ауыр талап күткенше, өзіне ауыр талап қойып отыруды көп дәріптеу керек.
Үшіншіден, басқалармен тамаша қарым-қатынас жасай алу қажет. Қытай елінің медицина, психология профессоры Дың Жаң Зың мынаны атап көрсеткен: «адамдардың психикалық жақтан өзара сәйкесуі, өзгелермен тату-тәтті өте алуы ең әуелі ата-аналармен болған қатынасқа сүйеніп қалыптасады» деген.
Ата-ана оларды тәрбиелеудегі
басты тұлға. Адамзат қоғамында
отбасы-лык жүйенің
Баланың орынды талабын қанағаттандырып, үздіксіз алға басуын қадағалау керек. Қажет дегеніміз баланың психикалық жақтан дамуының себебі, баланың көптеген мінез ерекшеліктері қажеттің канағаттандырыл-ғаны канағаттандырылмағандығынан келеді, кейбір ата-аналар балаларға көңіл бөлгеннің жөні осы деп әр қандай талабын қанағаттандырып тұрады. Бұл балада орынсыз көңілсізденуі, заттық қажеті өте жоғары болуы шектен тыс өзімшіл болу сияқты нашар мінез қалыптастырады, бұдан басқа тағы бір түрлі жағдайда ата-аналар баланың кажетіне елеусіз қарау немесе тежеу тәсілін қолданады, бұл баланың психикасы қайта-қайта соққыға ұшырағандықтан қарсыласу, булығу, кектену пиғылы пайда болады. Ал ол басқа баланың арманына жетіп қуанғанын көргенде бұрынғы көңілсіз кездерін ойлап салыстырады да іші тарылып басқалармен араласқысы келмейтін болады9.
Ата-аналар балалармен пікірлесіп тұруы керек, баланың орынды пікіріне құрметпен, түсіністікпен қараған дұрыс. Балалар анасынан айырылғанда, әділетсіз катаң мәселесіне тап болғанда үнемі беттен алып, ызаға булығу ниетіне келеді, достарынан бөлектеніп қарым-қатынаста селқос болып, бір топтағылары асқан жауыз болса, енді бір топтағылары басқалардың ырқына бағынғыш, ынжық болып дерт тартып, басқаларда суық позицияда болады.
Ата-аналар мен қоса мұғалімдер оқушылардан шынайы сүйіспеншілікпен зор үміт күту негізінде тәрбиелеу мақсатына жетуі тиіс. Кез келген оқушы оқытушылардың зор үміт күткенін аңғарғанда сөзсіз шабыттану, жігерлену, қуанышқа бөлену сезімі арқылы білмеген мәселелерін саналылықпен үйреніп, білімге құмартатын болады.