Қоғам өміріндегі діннің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:10, реферат

Описание

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» [1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді

Работа состоит из  1 файл

Баяндама.doc

— 56.00 Кб (Скачать документ)

Баяндама 

Дін жайлы түсінік

 

Будда дінінің  туы 

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын  көреміз. Қаншама рет діннің ақыры  келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. 

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

 

Қытайдағы дін, Теңдік және уйлесім сисволы

 

Ортодокс кресті 

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар  ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» [1]. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді. 

Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі. 

Құрбандық не мақсатпен  шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары  деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ  бұл жерде дінді анықтаудағы  қиыншылықтар сияқты көп бөгетке  тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, ол көзқарас діннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

 

Мұсылман діні, Аллах сөзінің жазылуы 

Адам ұжымдары қақтыгыссыз сүре алмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре  тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретінде құрбан шалу қарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады. 

Адамдар бүкіл  адамзат тарихы барысында өмірден  тұрақтылық, өзгерместік, мәңгілік пен  қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп  түсінсек те болғандай. Дін адам Жанынан  туындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым болып табылады. 

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының  тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады. 

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің  тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмді атайды. Діннің негізінде  рәсім тұр. Рәсім деп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан. 

Дамыған діндердің  ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды» [2]. 

Жалпы қандай да болмасын қауымның тұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің  түпкі себебі сол қауым мүшелерінің  әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі  іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуінің алғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адам болмыс-бітімінің айрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше. 

Қазақстан Республикасындағы  діни ахуал 

Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын  байыптау Қазақстандағы дін мен  азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда  қажет болады. Қазақстан Республикасының  ата заңы — Конституциясы бойынша  дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.

 

Астанадағы Нұр-Астана мешіті 

Қазақстан Республикасында  заң жүзінде бекітілген шіркеумешіттің мемлекеттен бөлінуі діннің мемлекетке ешбір етер ықпалы жоқ дегенді білдірмесе керек. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным-сенімдері, соның ішінде діни наным-сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкдалынан тысқарымьш деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес екендігін бүгінде елдің бәрі мойындайды. Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар-ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады. Ол тек адамның сыртқы қылығы мен іс-әрекетін ғана реттеп, бағыттап қоймайды, сонымен қатар ішкі дүниесін жасайды, адамның Мейірімділік, Махаббат және Шындыққа деген сенімі мен үмітін қалыптастырады. Қазіргі таңца әлемде бар діндердің қайсысымен болсын әлсіз байланысқан адам бүгінгі таңда әбіржу үстінде — ол не өзінің заң беруші ақыл-ойына, не ұлы пайғамбарлар мен адамзаттың ұлы ұстаздарына сенуі керек. Біздің замандас жоғарыда аталғандардың қайсысын таңдап алғанына қарамастан діни қажеггіліктің өзектілігі азаймайды, кемімейді. Діни қажеттіліктер әсіресе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған, түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның өзінің болашағына деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар, КСРО-ның ьщырауы, яғни алғы шептегі қоғамдық мұрат — «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адамдардың көпшілігі эр түрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды. 

Қазірде Батыста  болсын, Шығыстың көптеген зайырлы  мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші-бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени-әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында. Көптеген діни бірлестіктер өздерінің діни насихатын шаруашылық қызметімен қоса ала жүреді, нәтижесінде республика территориясында кіші жекеменшік ұжымдар мен фирмалар пайда болып, экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді. Шіркеулер мен мешіттер қаражаттан тапшылық көретін кемтарларға, кәрі-құртаңдарға, жалғызіліктілерге және т.е.с. қайырымдылық көрсетуді де ұмытпайды. Діни ұйымдардың бүкіл қаржы-қайрат, іс-әрекеттері бейбітшілік, төзімділік және сүйіспеншілік мұраттарын өмірге енгізу үшін бағышталған. 

Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің дін саласының дамуына жүргізген талдау жұмыстары еліміздің қоғамдық саяси өмірінде дін рөлінің ерекше артып отырғандығын көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда елімізде дінге сенушілердің қатары айтарлықтай артуда. Бұл туралы бүгін аталмыш комитет төрағасының орынбасары Аманбек Мұқашев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген мәжілісінде айтты.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан тұрғандарының 70 пайызға жуығы - мұсылмандар. Ал республикадағы Ислам дінін ұстанған бірлестіктер саны 46-дан 2 мың 334-ке дейін өскен. Сондай-ақ орыс праваславтық шіркеуі өкілдерінің саны 3 есеге өссе, рим-католик шіркеуіне табынушылар 2 есеге, ал Евангелия христиан-баптистік көзқарастағылар 4 есеге жуық артқан.

А.Мұқашевтің мәліметтеріне  қарағанда, бүгінде елімізде 16 жоғары және орта деңгейде білім беретін діни оқу медреселері жұмыс істейді.

Информация о работе Қоғам өміріндегі діннің рөлі