Отбасы тәрбиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 15:04, доклад

Описание

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі.

Работа состоит из  1 файл

Отбасы тәрбиесі.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

 

      ата-аналар жиналысы ата-аналардың қателіктерін, балалардың оқудағы сәтсіздіктерін көрсетуге емес, ата-аналарды хабардар етуге бағытталуы тиіс.

 

      жиналыс тақырыбы балалардың жасына байланысты ерекшеліктерін ескеру керек.

 

      жиналыс теориялық қана емес, практикалық та сипатта болуы керек. Жағдайда талдау жасау, тренингтер, пікірталастар т.б.

 

      жиналыс оқушылардың жеке бастарын талқылаумен және айыптаумен айналыспауы тиіс.

 

      ата-аналар жиналысы тиімділігінің басты көрсеткіштері-ата-аналардың белсене қатысуы, қойылған мәселелерді белсене талқылау атмосферасының болуы, тәжірибе алмасу, кеңес және ұсыныстар беру

 

Бірінші күннен бастап, балалар ата-аналарымен достық, серіктестік, қатынас орнату керек. Өйткені баланың тәрбиелігінің бастауы отбасында жатыр, мектепке ол отбасында алған азды-көпті тәрбиесімен келеді.

 

Өкінішке орай, мектеп пен отбасы, мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынасы әзірге талапқа сай емес. Көбіне олар балаларға әсер ету біріншілігі үшін күресетін қарсыластар болып келеді. Баланың қандай болып өсетіндігі көбіне отбасылық қатынастардағы жағдайына байланысты. Ал бұл жағдай түрлі-түрлі болады: отбасы, ата-аналар балаға қажетті қамқорлық көрсетіп, оның жасына, жеке басына қатысты ерекшеліктерін ескеріп отырса, ол жақсы, баланы сыйласа, ол да басқаларды сыйлайды. Ал шектен тыс ескелетіп жіберген бала отбасын өз уысында ұстағысы келеді немесе шеттетіп өсірген бала арамшөп сияқты болады, немесе отбасылық істерге қатысы жоқ «пәтерші» болып шығады.

 

Отбасы мен мектептің қарым-қатынасы мектеп өмірінің барлық кезеңдерінде маңызды, дегенмен бастауыш мектептерде ол әсіресе өзекті. Бұл кезде бала әлі отбасымен тығыз байланысты ол әлі өзінің сезімін, өзінің тәртібін басқара алатындай қабілетке ие бола қоймаған, өзінің мінез-құлқымен еріксіз мектептен өзіне керегін іздеуге тырысатын кезі. Егер отбасындағы қарым-қатынас ақылды, қайырымды болса жақсы, онда бала да мектепте қайырымдылық пен ақылдылығын қосады. Ал егер оның отбасындағы жағдайы дұрыс болмаша ше? Онда бала отбасындағы қарым-қатынастарға керісінше жақсы адам болып шығуы үшін мектеп бұл рухани жетіспеушіліктің орнын толтыруы тиіс. Осы үшін де оған ата-аналармен тату серіктестік қарым-қатынас орнатуы керек.

 

Мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек? Отбасылық тәрбие кемшіндігінің бір себебі ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениеттерінің төмендігі, балалардың жасына байланысты типологиялық заңдылықтарын білмеуі, балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы, балаларының оқуда, құрдастарымен қарым-қатынасында қиындықтар пайда болған кезде қалай көмектесу керектігін білмеуі болып саналады.

 

Мектеп ата-аналар байланысы достық және өзара құрметтеушілікке құрылған болса, мұғалімдерге төмендегі ережелерді сақтау керек:

 

ешқашан ата-аналарға олардың балаларының үстінен шағын айтып, «тиісті шара» қолдануларын талап етуге болмайды. Ата-аналармен кездесу іскерлік, достық жағдайында, оқушы тәртібіне байланысты немесе оның жеке басының сапаларын дамытуға қажетті кейбір мәселелерді талқылау түрінде өтуі тиіс. Мұғалімдер оқушының күнделігіне ескерту жазбауы керек, тіпті бала «екі» алса да, оны күнделікке түсірмеуі тиіс.

 

ата-аналар жиналысын пікірлесетер кездесуі түрінде өткізу керек. Мұғалім өткен кезеңде сыныпта қандай жұмыстар атқарылды, әрбір пән бойынша не өтілді, оқушылар қандай проблемалар және қиындықтармен бетпе-бет келді, және ата-аналар өз балаларына қалай көмектесе алады деген мәселелерді сөз етуі керек. Жақын арада қандай оқу қандай оқу тақырыптары өтіледі, қандай шаралар белгіленуде, және оларды өткізуде ата-аналар қандай көмек көрсете алатынын хабарлауы тиіс. Мұндай кездесулерде оқушылардың жеке басына қатысты мәселелер сөз болмайды. Олар тек мұғалімдердің ата-аналармен оңаша әңгімелесуі кезінде ғана талқыланады. Тек оңаша кезде ғана ата-аналарға балаларының психодиагностикалық нәтижелерін хабарлап, оның жеке басының қиыншылықтарын айтуға, оны жеңу жолдары мен қажетті сапаларын дамыту жайлы сөз етуге болады.

 

мұғалімдер баланың өмір сүретін ортасы, отбасындағы қарым-қатынастар сипатын, ата-аналарының ерекшеліктері жайлы білуі керек.

 

балалардың өз ата-аналарын, туыстары мен жақындарын құрметтеуін, өзінің ата-баба шежіресін, олардың айналысқан істерін зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеу керек.

 

      Ата-аналар жиналысының үлгі құрылымы: (жиналыс ұзақтығы 1-1,5 сағат)

 

      сынып жетекшісінің кіріспе сөзі (қонақтарды таныстыру 5 мин)

 

      ата-аналар анкетасына талдау жасау (5-7 мин)

 

      тақырып бойынша сөз: маман немесе сынып жетекшісі (10-15 мин)

 

      ата-аналармен проблемаларды талқылау (20 мин)

 

      сынып жетекшісі сынып үлгеріміне талдау жасайды. Тек жақсы нәтижелерді айту.

 

Кездесудің қорытынды бөлімінде сынып жетекшісі ата-аналарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтады, болған кездесуден естелік алуға ұсыныс жасайды. Балаларының оқуында, тәртібінде кемшілігі бар ата-ааналардың қалуын өтініп, себебін бірге іздесіп, оны жою шешімдерін бірлесіп табуға ұсыныс жасайды.

 

Сынып бөлмесін әшекейлеуге ертерек дайындалу керек (шығармашылық жұмыстар көрмесін жасау, арнайы тақырыптық газет шығару, ата-аналарға лайық әдебиеттерді, тақырыпқа сай балалар шығармаларынан, өлеңдерінен үзінділер таңадап алу)

 

Бала мектепке алғаш келгенде-ақ әрбір отбасына қағазға басылып, әдемі әшекейленген, отбасылық тәрбиенің негізгі ережелері түсінікті етіп жазылған «Ата-аналарға жаднама» табыс етілуі керек.

 

Ата-аналарға сауалнама:

 

      Қолыңыздан келе ме:

 

      кез келген сәтте бар жұмысыңызды тоқтатып, тек баламен айналысу?

 

      жасына қарамастан, баламен ақылдасып отыру?

 

      балаға байланысты жіберген кемшілігіңізді өзіне мойындау?

 

      қателескен болсаңыз, баладан кешірім сұрау?

 

      баланың қылығы шектен шығып кетсе де сабырлы қалпыңызды сақтап қалу?

 

      өзіңізді баланың орнына қойып көру?

 

      бір сәтке болса да өзіңізді қайырымды періште немесе көркем ханзада деп сенуге?

 

      өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсететін, тағлым аларлық бабалық кезіңізден бір оқиғаны айтып беру?

 

      баланың көңіліне келуі мүмкін ызалы сөздер мен дауыс көтеруден тыйылу?

 

      бала не істегісі келсе соны істейтін, бірақ сіз ештеңеге араласпайтын бір күнді белгілеу?

 

      егер балаңыз жолдасын, құрдасын ұрып, итеріп жіберсе, немесе жазықсыз жәбірлесе көңіл аудармай қою?

 

      баланың тілегі қисынсыз болса көз жасына да, қыңырлығы мен өтінішіне де құлақ аспай қою?

 

      Оқу жылының соңында мектеп өмірінің жақсы жақтарымен қатар жағымсыз құбылыстарын да анықтау үшін сауалнама жүргізуге болады.

 

Сауалнама әрбір мұғалімге қойылады:

 

      сіз мектептегі қандай жақсы құбылысты атар едіңіз?

 

      сіз қандай теріс құбылысты байқадыңыз? Оны қалай өзгертуге болады?

 

      қандай проблемалар бар және оларды қалай шешуді ұсынасыз?

 

      сіздің ойыңызша, қандай мәселелерді педкеңес мәжілістерінде, психологиялық-педагогикалық семинарларда, директор алдындағы жиналыста щешу қажет деп ойлайсыз? Қандай мәселе бойынша сіз сындарлы ұсыныстар жасар едіңіз?

 

      өзіңіздің педагогтік шеберлігіңізді жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз?

 

      Отбасылық тәрбиенің тоғыз парызы: (ата-аналар жиналысынан кейін ата-аналар қолына беруге болады)

 

Балаңыз қандай болса, сол күйінде қабылдаңыз. Табиғат баланы өте кірпияз әрі күрделі етіп, баланың тұқым қуалаушы гендік жиынтығында оның тікелей ата-аналары ғана емес, ондаған, жүздеген бабаларының сапалары мен қасиеттерін аралас пайдаланады. Сондықтан да бір отбасында көркем

 

Өз қалауыңызға орай оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз. Баланың өміріне үнемі араласа беру қауіпті. Жоқтан өзгеге баланы діңкелете беру-оны топастандырып жібереді. Ұзамай ол күрделі әрекетті ұсақ-түйектен айыралмай қалады. Сонымен қатар олардың кінәсін кешіре беруге де болмайды, өйткені бала өз кінәсінің жағымсыз салдарын түсінбей кетеді. Балаға қатесіне өкіну, теріс қылығына өзін кінәлі сезіну пайдалы, кейін біріншісін екіншісінен айыра білуге, қателесуден және кінәлі болудан қорықпауға үйренеді.

 

Шешімді жалғыз қабылдамаңыз. Шешімді тек ата-аналар арасында келісім болғанда ғана қабылдау керек. әке мен шешенің тең дәрежеде тыйым салу құқығы бар. Мектеп жасына жеткен баланы да отбасы істерін талқылауға қатыстыру керек. Біртіндеп олар отбасылық кеңесте кеңесші ғана емес, шешуші дауыс құқығын да иеленуі керек.

 

Ата-аналардың мінез-құлқы-бала тәрбиесіндегі басты фактор. Әсіресе отбасындағы дау-жанжалдың зияны көп: одан балалар үлкендерден гөрі көбірек залал шегеді. Жеке бастың үлгісі –түсіндірудің ең жақсы жолы. Егер әкесі темекі шегетін болса, өсіп келе жатқан балаға темекі тартуға тыйым салу қиын. Егер анасы салақ әрі талғамыз киінетін болса, қыз баланың тап-тйнақтай болып өсуі күмәнді. Бұл туралы Лев Толстой былай деп жазған: «біз өзімізді емес, балаларды тәрбиелейтін болсақ, тәрбие күрделі әрі қиын болып қала береді... Егерде өзгелерді өзің арқылы тәрбиелеу керектігін түсінсең, тәрбиелеу жайлы мәсележойылып, өзің қалай өмір сүруің керек деген сұрақ қана қалады. Егер әке, шеше тамақтану, киінуде қарапайымдылықты сақтап, жұмыс істеп, білімін жетілдіретін болса, балалар да соны жасайды... Тәрбие деген өзің жақсы өмір сүру, яғни жақсы жүріп-тұруға ғана келіп тіреледі, адам тек осынысымен ғана өзгелерге әсер ете алады, өзгелерде, өздеріне қарап өсетін балаларды тәрбиелейді.»

 

Не нәрсежайлы да қорықпай сөз етіп, сізге қарсы қитұрқы сұрақ қойғандарға да сеніммен қараңыз. Балалармен әңгімелесіңіз, оларды өз жұмысыңызды, үй жұмыстарын, ақша жайлы, алда тұрған демалыс жайын талқылауға тартыңыз. Дауласыңыз, бірақ оларды құрметтеңіз, балаларға деген көзқарасыңызды өзгертпеңіз. Олардың сіздікінен бөлек болса да ақылды өзіндік көзқарастары, өз сенімдері барына қуаныңыз. өзіңіздің қатеңізді мойындай біліңіз. Отбасы-баланы әлеуметтік өмірге бейімдейтін алғашқы тәжірибе орны.

 

Балаларға сыйлық жасауда артық кетуге жол бермеңіз. Көбіне балалар жарнамаға елігіп, қыр соныңыздан қалмай қояды. Ақырында ата-аналар олардың бетін қайтаруды ұмытады, ал бетін қайтарудың пайдасы зор, өйткені керексіз артық нәрседен қажеттіні айыра білуге үйретеді. Артық сыйлық жасау баланы қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды. Қоғам сыйлық жасамайды-оған адал еңбегіңмен қол жеткізуің қажет. Бұған В.А. Сухомлинский де баса назар аударған болатын.ол бала көзін ашып, есін жиысымен-ақ оған үнемі бірдеңе керек болып тұратынын атап көрсеткен. Қажеттілік-адам өмірінің қозғаушысы. Қажеттіліктен тілек пайда болады. Бала кезінде өзінің тілегін ауыздықтап үйренбеген, оның адамгершілік қажеттілігі мен негізделуін бастап өткермеген бала әлеуметтік сенімсіз болып өседі, ол қоғамдық талаптармен қайшылыққа түседі. Сәби шағынан тұтынушылық бақытқа еркін шомылып өскен бала оқуға ынтасыз болады. Содан кейін одан да қорқынышты қатер-еңбек етуге құлықсыздық бой көрсетеді. Қазіргі кезде адамзат басынан көшіріп жатқан дағдарыс адамдардың өз қажеттіліктерін реттеуге, экологиялық және адамгершілік дағдарысқа алып келетіндерін ауыздықтауға үйренбегендігінен деуге болады.

 

Қандай да бір қиындық туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу керек. Отбасындағы міндеттерді бөлісіп атқарған жөн. Анасы үйдегі қызметші емес екенін бала түсінуі тиіс. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген дұрыс. Үй жинаудың белгілі бір ережелерін жасап, оны барлық отбасы мүшелері қатты сақтауы керек. Күн тәртібі сіз үшін де, балалар үшін де орында, мақсатты болғаны жөн. Егер сіз балалардың белгілі бір сағатта түскі асқа жиналуын талап ететін болсаңыз, олар мұндай тәртіптің тамақ дайындау және тамақтан кейін ыдыс-аяқты жинау жұмысын жеңілдетуге, ең бастысы отбасы мүшелері түгел жиналып, өз ойларын, сезімдерін бөлісу үшін қажет екендігін түсінуі тиіс. Егер сіз балалардан желінбеген тамақ қалдырмауды талап ететін болсаңыз, олар мұның ата-аналар ақшасына сатып алынған азық-түлікті ұқыпты пайдалану арқылы олардың еңбегін құрметтеу екенін ұғынуы тиіс.

 

Үйіңіздің есігі ашық болсын. Бала өзін байлаулы сияқты сезінбесін. Үйдің есігін оның достарына ашық болсын. Балаларға сенім білдіру керек, бірақ олар да еркіндікке үйренуі тиіс, бұл оңай нәрсе емес. Балаларға іс-әрекет, достар таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу керек. Егер отбасында бір-біріне қайырымдылық, құрметтеушілік қарым-қатынас орнаған болса, ата-аналар тыйымға жүгінбей,сыпайы кеңес берумен шектеліп, барлық отбасылық және балалардың істерін бірлесіп талқылайтын жерде балалар ата-аналарынан ештеңені жасырмайды, ал олар балаларын ойсыз әрекеттерден дер кезінде сақтандырып қала алады.

Информация о работе Отбасы тәрбиесі