Саясат құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 10:21, курсовая работа

Описание

"Саясат" ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықща аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативті негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.

Работа состоит из  1 файл

саясат ұғымы.docx

— 18.72 Кб (Скачать документ)

Саясат кұрылымы 

"Саясат" ұғымы  қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір  сүрудің айрықща аспектісін білдіреді.  Адамдардың ассоциативті негізде  бірлесіп өмір сүрулері ғана  қажетті мәнді кезең ретінде  саясатты тудырады. Ол адамдардың  мүддесін түйістіретін және қоғам  тұтастығын сақтайтын қоғамдық  өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың  осы функциясы оған жеткілікті  түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік  әрекетінің негізгі сфераларындағы  қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің  белсенділігін бақылауға және  бағыт беруге міндетті. Осы негізде  саясат әлеуметтік мазмұны бойынша  өте кең мағынаға ие.

Қазіргі қоғамдық өмірде "саясат" термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің  қызметін, адамдардың үлкен ассоциативті топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың  ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану  арқылы жүзеге асырумен байланысты.

Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының  отаны болған ежелгі гректерде саясат мемлекет пен қоғам істерін басқаруды  білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әр түрлі дәреже мен кәсіптер), өзара  әрекет алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың  сақталу кажеттілігі мемлекет пен  саясатты, мемлекет пен қоғам істерін  басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар Платон мен  Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды  басқару ретінде анықталынады. Осыған байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік  басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік  полистің (қала-мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары —  ерікті адамдардың мемлекеттік басқарудағы  саяси іс-әрекеттерінің, барлық негізгі  аспектілері қарастырылған.

Екіншіден, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен  қызмет атқаруының және мемлекеттік  кұрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын көрсетеді. Сондықтан, азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқару процесінде осы билікті өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында қолдануы саясаттың, саяси іс-әрекеттің ядросы болып  табылады. Демек саясаттың ықпалды, белсенді бастапқы элементі — саясатта тек өз мүддесін ғана емес, сонымен  қатар өзінің жасампаздық потенциалы мен еркін жүзеге асырушы субъекті. Саясатта өз қажеттіліктері мен мүдделері  бар нақты өмір сүріп отырған  адамдар өздерінің іс-әрекеттерін  жүзеге асырады. Яғни, саясаттың белгілі  бір субъектілігін айтуға болады, өйткені ол адам әрекетінің нәтижесі. Саясаттың күрделілігі мен қайшылығы  — оның ашықтығы мен екіжүзділігі, моральдығы мен биморальдығы, адамгершілігі  мен қатыгездігі, күші, мақсаттылығы мен әлсіздігі, шарасыздығы —  осынау сипаттардың бәрі саясат субъектісі ретіндегі адамға тән және барлық адамдар қоғамдастығының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін көрсетеді.

Үшіншіден, мемлекеттік  шешімдер, мемлекеттік билік пен  саяси катынастардың баска да субъектілерінің акциялары, олардың  қоғамдық өмірдің әр түрлі аспектілеріне  ықпалын талдау мен бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік  биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық үйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері болып табылады.

Төртіншіден, басқару  өнерін, керекті нәтижелерге қол  жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды (материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра  білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана білуді, оларды кеңейтуге  қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер мен әдістерді анықтауды, басқару  мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар  тарапынан биліктің саясаты мен  іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым жасау өнерін және қажетті  жағдайда билікті алмастыруды білдіреді.

Шынайы саяси тәжірибе айлакерлік, ептілік, өз мақсатын жасыра білу, моральдық релятивизм, өз әрекетін қажетінше ақтай алу секілді  белгілі бір моральдық аспектілерді де қамтиды және түптеп келгенде осының бәрі "саясат" ұғымына енеді. Саясаттың  бұл аспектілері адамдар санасында "Саясат — лас тірлік" деген  формуладан көрініс табады.

Қорыта айтқанда, саясат адамдардың мінез — құлқы  мен әрекеттеріне ықпал ететін және биліктің қалыптасуы мен қызмет ету  мәселелеріне қатысты әлеуметтік қатынастар, көзқарастар, принциптер, бағдарлар  мен коммуникациялар әлемі. Билік  — саясаттың негізі, өзегі және құралы. Саясат биліктің арқасында  ғана жүзеге асып, қоғам өміріндегі ұйымдастырушы және бағыттаушы күшке  айнала алады. Сонымен қатар саясат қоғамның саяси сферасындағы саясат субъектілерінің іс-әрекетін де қамтиды.

Саясат субъектілері болып мыналар табылады:

1. Жеке адам, индивид.  Саясат субъектісі ретінде көріну  үшін индивид әлеуметтік белсенділік  пен бостандық сияқты тұлғалық  қасиеттерге ие болуы шарт  және осы қасиеттер индивидке  өз субъектілігін танытуға мүмкіндік  береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің  арқасында өз мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге  айналады, ал бостандығы оның  әрекетіне дербестік береді.

2. Әлеуметтік топтар  — адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары,  саяси қатынастардың ең тиімді  әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік  топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), ассоциациялардың тұрақтылығы  мен ұзақтылығы, ТОП элементтері  арасындағы байланыстың қарқындылығы  мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы  және т.б ерекшеліктері бойынша  ажыратылады. Әлеуметтік топтарға  мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас  ерекшеліктік, этникалық, кәсіби  және басқа топтар; мүдде бірлігіне  байланысты пайда болатын тұрақты  және уақытша ассоциациялар. Бірақ  әлеуметтік топтар — біршама  аморфты құрылым. Ұйым оның  әрекетіне бірізділік пен тиімділік  береді және осының арқасында  әлеуметтік топ саясаттың субъектісіне  айналады.

3. Мемлекеттік билік.  Қоғам, мемлекет қалыптастырған  басқару органы — саясаттың  ең әрекетшіл субъектісі. Мемлекеттік  билік мемлекеттің ішкі және  сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын  айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік  өмірдің негізгі аспектілерін  бақылайды. Осы негізде ол адамзаттың  қоғамдық өмірінің нормаларын  жасақтап, оны адамдар өміріне  ендіреді және оның орындалуын  бақылай отырып осы істерге  қажетті мәжбүр ету функциясына  иелік етеді. Өз мүдделерінің  үстемдігін қамтамасыз ету үшін  саяси қатынастардың субъектілеріне  мемлекеттік биліктің қалыптасуы  мен қызметіне ықпал тигізу  өте маңызды. Саясат субъектілерінің  мемлекеттік билікке өз ықпалын  тигізуге талаптануы — саясаттың  мәнді аспектісі.

4. Саяси элита.  Бұл қоғамның ең саяси белсенді  бөлігі. Оған саясатқа және саяси  қызметке өздерін кәсіби түрде  бағыштаған және осы іске өз  күш-жігері мен уақытының басым  бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті  емес, оған әр түрлі әлеуметтік  топтардың әлеуметтік белсенді  өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси  элитаны өте жоғары әлеуметтік  және саяси белсенділігі, саяси  іс-әрекетте пайдаланылатын форма,  әдістер, құралдардың барлық ресурстарын  қолдану арқылы саяси мәдениетті  мазмұнды түрде игеруге талаптануы  ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік,  оның саясаты, оны іске асырудағы  жетістіктер мен сәтсіздіктер  қоғамдағы саяси элиталардың  күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл  бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер  ету — міне бұның бәрі саяси  элитаның билік жолындағы күресінің  құралдары болып табылады.

Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын  шешуде және іске асыруда); өздерінің  жеке және аймақтық мүдделерін қорғайтын  мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік  биліктің құрамы мен саясатын өзгерту  мақсатында оған ықпал ететін саяси  партиялар және бірінші кезекке  қандай да болмасын өзекті, өмірлік  маңызды мәселені қойып, билікке  бұқаралық қысым жасауды ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Соңдықтан да саясат — көп түрлі  субъектілер әлемі.

Саясаттың осындай  ерекшеліктерін ескере отырып, М. Вебер  былай деп жазады: "...саясат ұғымы  кең мағыналы және дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды". Бұл фразадағы "...дербес басшылық әрекеттердің барлық түрлерін қамтиды" деген соңғы сөйлемге аса назар  аударар болсақ, М. Вебердің пікірі бойынша саясаттың мәні дербес басшылық, дербес басқару дегенге саяды. Осы "дербестік" саясат субъектісіне тән ерекшелік, себебі субъект өз саясатын өзі жасақтайды және оны  жүзеге асыру мақсатында басшылық жасайды.

Саясаттың өзіне  тән басты ерекшелігі — оның субъектілігі және оның субъектіге тәуелділігі мен  онымен анықталынуы. Субъектілік —  саясаттың шынайы факторы. Ол саяси  процестер мен жағдайларға көпварианттылық, субъективті өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық  әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды. Сондықтан, субъектілік  әлеуметтік оқиғалардың, әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының, жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие шешімдердің, олардың  қорытындыларын, нәтижелерін және т.б  белгілеуде қолданылады.

Саясаттың маңызды  екінші компоненті адамзаттың саяси  тәжірибесі болып табылады. Өркениеттің  дамуымен саяси сахна едәуір кеңейіп, саяси тенденциялар көп бейнелі  болып, рөлдер күрделене бастады. Осының нәтижесінде адамзат аса мол  саяси тәжірибе жинақтады. Осы тәжірибе өзінің барлық құрылымдық элементтерімен бірге адамзаттың саяси мәдениетінде, ұрпақтан-ұрпақка мұраға беріліп  отыратын, бір елден екінші елге таралатын саяси институттарда, идеяларда, акцияларда, әрекеттерде  жинақталып қорытылған және көрініс  тапқан. Саяси тәжірибенің кристаллизациялануы  саясаттың барлық негізгі компоненттерінің пайда болуына және дамуына алып келді.

Біз жоғарыда саясаттың  басты, әрекетшіл компоненті оны  жасаушы субъектінің мәнін қарастырдық. Дегенмен, субъект оған интериоризациялау (лат. interior — ішкі), яғни адамзаттың тарихи қалыптасқан саяси тәжірибесі, оны игеру, оның элементтерін қазіргі  ұрпақтардың, казіргі әлеуметтік топтардың  саяси тәжірибелерінің мәселелеріне сәйкес жаңашаландыру, тәжірибені олардың  саяси іс-әрекетіне қажетті психикалық қабылдау, саяси приоритет, дағды  элементіне айналдыру негізінде  ғана айналады. Саяси тәжірибені игеру  мен пайдаланудың негізгі мәселесі — оның уақыт пен кеңістіктегі субъектіден субъектіге берілуі. Саяси идеяларды, теорияларды, көзқарастарды, принциптерді құратын, тәжірибені сөздер, ұғымдар мен терминдер көмегімен адамзат санасына сіңіретін саяси ой саяси тәжірибенің трансляциялық формасы. Саяси идеялар саяси ойдың орталық элементтері болып табылады.

Саяси идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен  қатар практикада базалық саяси  элемент ретінде іске асуыменде  мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені  идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс  табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса  керек. Міне, осы саяси нақтылықпен  байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің  шығармашылық элементі ететіндіктен саяси  ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады. Саяси идеяның  саясат субъектілерінің өте кажетті  мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы  процесте идеяларды саяси іске асыру  және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді.

Саяси идеяларды  жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың  концептуалды негізін анықтауға  мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар  есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси  жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси  көзқарастарының мәнді компоненттері  ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады".

Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат құрылымы мен саяси  практиканың рационалды аспектілері  болып саналады. Бұл рационалды аспект ғылыми білімдер жүйесі түрінде танылып  көрінуі мүмкін. Осы білімдер негізінде  бүкіл саясатты, оның барлық құрылымдық элементтерін, саясат субъектілерінің  саяси мәдениетін көтеруде, олардың  саяси жүріс-тұрысына саналы түрде  ықпал етуде, қызмет атқарып отырған  саяси мәдениетті демократияландыруда, демократияны кең көлемде институциаландыруды  іске асыруда, институттардың, формалардың, жүріс- тұрыс акцияларының идеалды  моделдерін анықтауда ұтымды пайдалануға  болады және оларды саяси сфераға  енгізу негізінде саясатты және оның құрылымдық элементтерін жетілдіре  түсуге болады.

Алайда, саясаттың, саяси  практиканың "ахилл өкшесі" тәрізді  осал тұстары да бар. Ол субъектілік. Бұл субъектілік ешқандай рационалды өлшемге сыймайды, ол саясат пен  саяси практикаға субъектілік даралық  пен ситуативтілік беретін қайталанбас  сәтке ие. Сондықтан саясат өнер деп те есептелінеді. Өйткені саясат — жасампаздық сферасы, онда тек  білім ғана емес, сонымен бірге  қиял, субъектінің интуициясы, оның өз бетінше шешім қабылдай алу  қабілеті, еркі, субъектінің батылдығы, төтенше жағдайларға кіре білу ептілігі және одан шыға білу қабілеті іске асады. Міне, осының бәрі саяси іс-әрекетті шығармашылық процеске, өнерге айналдырады.

Саясаттың құрылымдық элементтеріне бүкіл мемлекеттік  аппарат пен оның ұйымдарының  формалары, әрекет ету әдістері мен  оған пайдаланатын күш-құралдар кіреді. Аппарат басқару ісін кәсіби тұрғыда  жүргізуі қажет. Баскару аппаратының  маңызды мәселелері — басқару  объектісін, оның жағдайын, даму тенденцияларын білу. Бұл билік шешімдерін жоғары басқарушылық нәтижесіне жеткізу үшін кажет.

Информация о работе Саясат құрылымы