Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 11:02, лекция
1.Саяси партиялардың пайда болуы , мәні , белгілері.
2.Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3.Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4 Қазақстандағы көппартиялылық.
Саяси партиялар
жөне партиялық жүйе
жоспар:
1.Саяси партиялардың пайда болуы , мәні
, белгілері.
2.Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
3.Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері.
4 Қазақстандағы көппартиялылық.
Саяси партия - мемлекеттік билікті
қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға
бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай
да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін
көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған
бөлігі.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестіккүресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) Авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;
3) Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) Қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Партияларды таптық
негізде жіктеу: жұмысшылар,
Қазіргі типтегі
саяси партиялар мен партиялық
жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда
Еуропада болған буржуазиялық революциялар
дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың
соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған,
басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр
түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен
нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен
шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі
Грекияда пайда болған. Бірақ олардың
мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған.
Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай
маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада
XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда
бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау
құқығының енгізілуі бұқара халықтың
саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады.
Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз
мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла
бастады. Партия бірден көпшілік партияға
айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы
Макс Вебер саяси партиялардың дамуында
мынандай кезеңдерді көрсетті:
1. Аристократиялық үйірмелер.
2. Саяси клубтар.
3. Көпшілік партиялар.
Мұнда аристократиялық үйірмелер жер
иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар
буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік
партия үнемі көпшілікпен байланысты
болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды
тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның
либералдық(виги) және консервативтік
(тори) партиялары ғана басынан өткізген.
Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан
өткен. Біразы бірден көпшілік партияға
айналды.
Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы
Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы
құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы
жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы
құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде
құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның
айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен
сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан
бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ
біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты - билікті колға алып.
жүзеге асыру:
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен.
Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз
еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардың
тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады.
Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты
белгілері болады:
1. Партия бағдарламасының болуы;
2. Саяси билік үшін күрестің болуы:
3. Партиялық тәртіптің болуы:
4. Партияға мүшелік ету;
5. Мүшелік жарна төлеу;
6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының болуы;
8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының
болуы.
Осындай белгілері
бар саяси партиялар тапты немесе
әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына
мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір
идеологияны қорғайды, бағыт береді.
2. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
Поляктың саясаттанушысы А. Боднардың
ойынша, қазіргі қоғамда саяси партиялар
мынадай қызметтер атқарады:
1. Саяси идеология мен саяси ілімдерді
жасау;
2. Қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін
анықтау;
3. Олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
4. Мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
5. Қоғамдық пікірді қалыптастыру;
6. Жалпы коғамды топты саяси тәрбиелеу;
7. Саяси жүйелерді, онын принциптерін,
элементтерін, құрылымдарын калыптастыруға
қатысу;
8. Мемлекетте билік үшін күреске қатынасу
және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
9. Мемлекеттің кәсіподақтарының, коғамдық
ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау,
ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның
маңызды міндеті азаматтық қоғам мен мемлекеттің
арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар
арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің
саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы
әлеуметтік-экономикалық саясатты одан
әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі
жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді.
Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері
төмендегідей:
Теориялық:
Қоғам дамуының негізгі салалары бойынша
жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық
жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік
топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру.
Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тәсілін
тұжырымдап бұқараны қимыл бірлігіне
теориялық жағынан әзірлеу.
Идеологиялық:
Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын,
ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен
ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын
насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін
ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру
және партия қатарына тарту.
Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік
билікті колға алуға немесе билік жүргізуге
қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде,
бір идеология негізінде құралған адамдардың
ерікті одағын айтады.
3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері
Саяси партияларды жіктеп жүйелеудің
көптеген өлшем және белгілері бар.
Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар
мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:
Кадрлық:
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын
мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан
жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық
билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын
мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық
одағы, Жапония либералдық-демократиялық
партиясы, Француз коммунистік партиясы.
Бұқаралық:
Сайлаушылары көп, мүшелері, белсенділері
де көп. Партиялық билеті жоқ, мүшелік
жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның
Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык
және демократиялық партиялары.
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның
, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы
науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт
жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ,
ұйымдық құрылым жоқ.
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады:
парламентке бақылау жасайды, сайлауға
дайындалады.
Авангардтық партия - орталықтанған өзінің
барлық мүшелерінен партияның жұмысына
белсенді қатынасуын талап етеді.
Қауымдастық партиясы - ортақ көзқарас,
ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді
талқылау үшін біріктіріледі.
Коммунистік партиялар - К.Маркстің ілімін
басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке
түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.
Социал-демократиялық партиялар - бұл
партиялар үнемі еңбекші халықтың мүддесіне
сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі
құндылықтары: әділеттілік, бостандық,
теңдік, ынтымақтастық.
Буржуазиялық - демократиялық — билік
үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға
бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында
бәрінің де тең болғанын қалайды.
Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның
мүддесін қорғайды.Теңсіздікті сақтағысы
келеді.
Фашистік партиялар - адам құқықтары мен
бостандықтары шектеледі. Ұлтшылдықты
уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік
мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.
Билеуші партиялар - билік қолға жеткен
соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен
сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни,
басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.
Оппозициялық партиялар - олар басқарушы
партияның саясатын сын көзбен бағалайды.
Қарсыластық қасиет тән.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді.
Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң
жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден
өтеді.
Жартылай ресми партия - формалды түрде
рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.
Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған,
жұмысын жасырын жүргізеді
Бірпартиялық - өзінен басқа партияның
болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық
және авторитарлық коғамға тән. Мысалы:
бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.
Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік
ірі екі партия арасында болады. Жалпы
сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі
бір-бірін сынға алып отырады. Мысалы:
АҚШ-тағы республикалық және демократиялық
партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар
мен лейбористер партиялары, Германиядағы
христиандық демократтар мен социал-демократтар.
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан
да көп партиялар болады. Саяси мәселелер
жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу
салынады. Билік басына нағыз дарынды
адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы:
қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік
билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция
құруы мүмкін.
Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін
партиялардың жасаған бірлігін айтады.
Мынандай түрлері бар:
1.Парламентке қатысатын партиялардың
ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған
уақытта құралған көппартиялық коалиция;
2.Екіпартия бірігіп үкіметті басқара
алатындай уақытта құрылатын екіпартиялық
коалиция;
3.Билік үшін бәсеке екі партия одағының
арасында болса, екі блоктық коалиция
болады;
4. Егер дербес партия ұзақ уақыт билік
етсе оны басымдық коалициясы дейді.
Барлық саяси партиялардың жұмысы
Конституцияға қайшы болмауы керек.
4. Қазақстандағы көппартиялылық
Қазақстанда ең алғаш Ә.Бөкейхановтың
бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында
өкілдер съезі шақырылып, кадет партиясының
бөлімі (филиалы) құрылды. Ол ешқандай
мәселені шешпеді. Қазақтардың өзін-өзі
билеуі немесе автономиясы туралы сөз
де болған жоқ.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде Алаш
партиясының бағдарламасын басып шығарды.
Онда: Ресей демократиялық федеративтік
республика, ал оған кіретін мемлекеттер
тәуелсіз болуы керек, мұндағы мемлекеттер
дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай
бәрі де тең, ақысыз білім алуы, басқарушылар
жергілікті халықтың тілін білуі керек,
т.с.с. жазылған.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда жалпы қазақтың
екінші съезі шакырылып, "Алашорда"
үкіметінің құрылғандығын хабарлады.
Басшысы Ә. Бөкейханов болып сайланды.
1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңес
әскерлерінің күшімен талқандалды. "Алаш"
партиясының басшылары қуғын-сүргінге
ұшырады.
1917 жылы күзде "Үш жүз" деген партия
құрылды. Оның басшысы
Қ. Тоғысов болды. Ал Кеңес үкіметі уақытында
жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
1986 жылы желтоқсан көтерісінен кейін "Желтоқсан"
партиясы дүниеге келді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе - республикамызда
тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған демократиялық,
құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия
оған келіседі, тек қандай тәсіл-әдістер,
құралдар колдану керек.
Республикадағы барлық партиялар өздерінің
бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды
жақтайтындығын, нарықтық экономикаға
тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім
мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын
білдіреді.
Қазақстанда партиялар саны өсуде.
Казақстан социалистік партиясы (ҚСП).
Республиканың саяси өмірінде бұл партия
1991 жылы 7 қыркүйекте пайда болды. Қазақстан
Компартиясының кезектен тыс съезі өзін
Қазақстанның социалистік партиясы деп
атау жөнінде шешім қабылдады.
Қазір ол 1586 жергілікті партия ұйымдарын,
47 мыңнан артық ҚСП мүшелерін біріктіреді.
Партиядағылардың 42 пайыздан астамы 40
жастан асқандар. 24 пайызы 40-50 арасындағылар.
Олардың арасында көптеген мемлекеттік
жүйенің баскарушылары, халық депутаттары
бар.
ҚСП атқарушы органы болып - Политисполком
(саяси атқару комитеті) анықталған. Ұйымдық
жағынан партия территориялық, облыстық,
қалалық, аудандық атқару комитеті және
бастауыш ұйым болып бөлінеді. Соңғы мәліметтер
бойынша ҚСП Оңтүстік Казақстан облысында
16,5 мың, Кызылорда облысында-5 мыңнан аса,
Солтүстік Қазақстанда - 4 мыңнан аса, Жамбыл
облысында -4 мыңнан аса мүшелері бар. 40-қа
тарта ұлт пен ұлыс өкілдері ҚСП мүшесі.
Партия Еуразия кеңестігіндегі Одақты
конфедеративтік негізде қайта құруға
мүдделік танытты. ҚСП мүшелері дүниедегі
адамгершілік, ізгілік принциптері әлемдегі
социалистік теориялардың түрлі бағыттағы
тұғырнамаларының негізі болды деп есептеді.Оның
тең төрағалары болып Петр Своик пен Ғазиз
Алдамжаров сайланды. Партия бүгінгі күні
өз жұмысын тоқтатты.
Қазақстан халық
конгресі партиясы (ҚХКП)
Партия 1991 жылы 5 қазанда құрылған. Партияның
тен төрағалары болып, "Невада - Семей"
қозғалысының жетекшісі, белгілі ақын,
саясаткер О.Сүлейменов пен "Аралды
қорғау" қоғамдық козғалысының жетекшісі,
ақын, саясаткер М.Шаханов сайланды. Кейіннен
М.Шаханов төрағалықтан кетіп "Арал
- Азия - Қазақстан" қозғалысына ауысты.
Сондықтан партияның төрағалық қызметін
В. Рогалев, Г. Ерғалиевалар атқарды. Оның
құрылтайшылары Семей - Невада, Арал - Азия
- Қазақстан қозғалыстары, Әйелдер одағы,
Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы. Қазақ тілі
қоғамы мен республика жас құрылысшылары
ассоциациясы және ұлттық мәдени орталықтар
болды.
КХК партиясының Солтүстік Қазақстан
облысынан басқа 18 облыста өз ұйымдары
болды. КХКП - жас азаматтар партиясы,оның
мүшелерінің 50 пайыздан астамы 40-45 жастағылар.
Партия өзінің бас органы "Халық Конгресі",
"Народный Конгресс" газеттерін 20000
тиражбен шығарып тұрды. Партия саяси,
экономикалық,әлеуметтік өмір салаларына
белсенді араласып көптеген жаңа пікірлер
мен ұсыныстар енгізіп отырды.Қазіргі
уақытта партия жұмысын тоқтатты.
Қазақстан халық бірлігі партиясы (ҚХБП).
Қазақстан халық бірлігі одағы 1995 жылы
акпан айынан бастап аталмыш партияға
айналды. Халық бірлігі одағының кұрылтай
съезі 1993 жылы ақпанда өтті. Онда саяси
Кеңес сайланып оның құрамына 71 адам мүшелікке
енді. "Қазақстан халық бірлігі" одағының
лидері болып Президент Н.Назарбаев сайланды.
Одақтың төрағасы болып халық депутаты
С.Абдрахманов бекітілді. Басқару органдарына
мемлекеттік билікте отырған бірнеше
жас саясатшылар кірді. 1993 жылы 2 қазанда
халық бірлігі одағының бірінші съезі
болды. Бұған дейін республиканың 14 облысында,
20 қаласында, 19 қалалық және 102 селолық
аудандарында құрылтай конференциялары
өткен болатын. Съезде одақтың лидері
Президент Н.Назарбаев сөйледі. Одақтың
төрағасы болып, К.Сұлтанов сайланды. Сонымен
қатар, съезд жаңа Жарғы мен Бағдарламасын
қабылдады. Одақты қозғалыс деп біліп,
соған қарамай мүшелікке алуда жекелік
принципті сақтау ұйғарылды. Халық бірлігі
одағының мақсат-мүддесі іс-әрекетімен
көпшілікті таныстыру жүйесі ретінде
"Жас алаш" және "Экспресс К"
газеттері белгіленді. Кейіннен одақ орыс
және қазақ тілдерінде "Время", "Дәуір"
атты газет шығарып тұрды. 1995 жылы Қ.Сұлтанов
Қытай Халық Республикасына елші болып
кетуіне байланысты одақтың төрағасы
болып А.Бижанов сайланды. 1999 жылы наурыз
айында бұл партия "Отан" партиясының
кұрамына кірді.
Қазақстан Республикасының партиясы (ҚРП).
Партия өз тарихын 1990 жылдың 1 шілдесінен
бастайды. Бұл күні "Азат" азаматты
қозғалысының құрылтай конференциясында
Қазақстанның "Азат" азаматтық қозғалысының
негізгі мақсаты мен принциптері деген
декларация қабылданды.
"Азат" тез қарқынмен дамып көп ұзамай-ақ
республика көлемін қамтыған қозғалысқа
айналды. Оның ұрандары мен талаптары
көпшіліктің , әсіресе қазақ кауымының
көңілінен шығып отырды.
1991 жылы 4 кыркүйекте 30 өкіл қатысқан "Азат"
партиясының құрылтай конференциясы өтті.
Ол парламенттік типтегі Қазақстан республикалық
партиясы "Азаттың" құрылғаны жөнінде
шешім кабылдады. Сонымен қатар, партияның
Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды.
Сонымен енді біртұтас "Азат" қозғалысы
екіге "Азат" -Қазақстан азаматтық
қозғалысына және "Азат"- Қазақстан
республикалық партиясына бөлініп шыға
келді. Бұл әрине оның қоғамдағы беделін
күрт төмендетіп жіберді. Оның үстінен
"Азаттық" көтеріп жүрген көптеген
ұрандары, тәуелсіздік, мемлекеттік, ұлттық
мәселелері жүзеге асты.
Осы тұста бытырап кеткені ұлттық-демократиялық
қозғалыстардың басын косып бір арнаға
түсіру мақсатымен "Азат" - азаматтық
козғалысы "Азат" - республикалық
партиясын, Қазақстан ұлттық демократиялық
партиясын, "Желтоқсанды" бір партияға
біріктіру идеясы ұсынылды.
1992 жылы 11 қазанда біріктіру съезі өз жұмысын
бастады. Мұнда "Азат" республикалық
партиясы шеңберінде ұйымдасты деген
шешім қабылданды.
Жаңа республикалық "Азат" партиясынын
төрағасы болып Қазақстан Ұлттық Ғылыми
Академиясының корреспондент мүшесі профессор
К.Ормантаев сайланды. Оның бірінші орынбасары
болып Хасен Қожа-Ахмет, бас кеңесшісі
болып Жасарал Куаныш-Әлі сайланды.
"Алагл" партиясы.
1999 жылы қыркүйекте Қазақстанның Республикалық
партиясы "Алаш" ұлттық партиясы
болып өзгертілді. Ұлттық бағыттағы бұл
партияға қазақ зиялыларының біраз өкілдері
енді. Мақсаты қазақ ұлтының мүдделерін
қорғау деп ашық айтылды. Партия лидері
Сәбетқазы Акатай 2003 жылы өмірден өтті.
Ол 60 жылдары Мәскеуде қазақ жастары құрған
атақты Жас тұлпар студенттік ұйымының
белсенді мүшелерінің бірі болған.
Қазақстан социал-демократиялық партиясы
(ҚСДП).
Партия 1990 жылғы 26-27 мамырда құрылтай конференциясында
құрылған. Конференцияға 34 өкіл катысты,
олар республиканың 15 облысының өкілдері
еді. Партия ресми тіркеуден өтпеген. Партия
мүшелерінің екі түрлі мәртебесі белгіленген:
белсенділер және жактаушылар. Белсенді
мүшелер партиялық жарна төлеуге, партиялық
қызмет, тапсырма алуға міндетті. Екіншілерді
іс жүзінде партияға іш тартушылар деп
ұққан жөн. Партия мүшелерінің жалпы саны
мыңға жуық. Социал-демократиялық партияның
10 облыстық бөлімшелері бар. Партия төрағасы
Дос Көшімов.
Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП).
1991 жылдың күзінде коммунистердің XIX съезі
өтті. Съезде 17 облыстан келген 148 өкіл,
87 арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Онда саяси жағдай туралы баяндама тыңдалды.
Қазақстан Компартиясын жандандыру және
оның кезек күттірмес мәселелері жөнінде
әңгіме болды. Съезд делегаттары жүріп
жаткан реформаларға карсы шықпай. демократиялык
және әлеуметтік әділеттік орнату қажеттігі
жайлы пікірлер айтты.
Соңғы деректер бойынша компартия қатарында
55 мыңнан астам мүше бар. Олардың бәрі
арнайы тіркеуден өткен. Коммунистердің
орта жасы 42-ге тең. Партияның жергілікті
ұйымдары Республиканың Талдықорған облысынан
басқа облыстарының бәрінде де бар. Қазақстан
Компартиясы Республика Әділет министрлігіне
үш рет күн құжаттарын дайындап, тек төртінші
ретте 1994 жылы ғана ресми тіркеуден өтті.
Алғашында партияның төрағасы бұрынғы
ҚКП Орталық Комитеті жанындағы партия
тарихы институтының директоры академик
Б.Төлепбаев, кейін 1996 жылы сәуір айында
ҚКП ОК бірінші хатшысы болып ҚазақССР
Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы төрағасы
С. Әбділдин сайланды. Қазір де ҚКПқкатары
біраз өзгерген. Екінші хатшы Сорокиннің
орнына Мәжіліс депу¬таты В. Косарев сайланды
да, 2004 жылы ол және партияның өзге де 11
мүшесі партия қатарынан шықты. Жақында
Компартияның хатшылығына жаңадан тағы
бір мәжіліс депутаты - Т.Тоқтасынов сайланды.
" Желтоқсан" ұлттық-демократиялық
партиясы
1992 жылғы қазаннан бері республикалық
"Азат" партиясының құрамына енген.
"Желтоқсан" қозғалысының негізін
1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына
қатысушылар калады. Ұйымдық жағынан "Желтоқсан"
козғалысы 1989 жылы қалыптасты. Бұл қозғалысты
ұйымдастыруға тікелей себеп болған оның
белсенділерінің 1986 жылғы Алматыдағы
Желтоқсан окиғаларының себептері мен
оған берілген ресми бағамен келіспеуі
болды.
Қозғалыстың басында сазгер Хасен Қожа
Ахмет тұрды. Ол ресми саясатпен келіспеуіне
байланысты жауапқа тартылып, 1986 Желтоқсан
окиғасына қатысты тағы да сотқа тартылды.
Дәл осы жағдай 1991 жылғы Қазақстандағы
президенттік сайлау кезінде "Алаш",
"Азат" қозғалыстарының Хасен Қожа
Ахметтің кандидатурасын қолдауына себеп
болған.
1990 жылы мамыр айында "Әділет", "Ақиқат","Аза-мат",
"Жерұйық", "Кәусарбұлақ", "Форум"
қоғамдық ұйымдарының бастамасымен құрылтай
съезі шакырылып "Желтоқсан" қоғамдық
комитет негізінде "Желтоқсан" партиясын
құру жөнінде декларация қабылданды.
Құрылтай съезіне Алматыдан, республиканың
бес облысынан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Мәскеуден, КСРО-ның баска да аймақтарынан
келген 80 өкілі қатысты.
Партияның лидерлері болып X.Қожа Ахмет
пен А. Нәлібаев сайланды. Партия бағдарламасында
республикандық саяси-экономикалық тәуелсіздігі
үшін күрес, желтоқсан кұрбандарын ақтауға
қол жеткізу, қазақ тілінің мемлекеттігін
бекіту, шет елдердегі қандастарымызбен
тығыз байланыс орнату көрсетілген. Сонымен
қатар, үлкен маңыз алып келе жаткан ислам
факторына да көңіл бөлген.
Қазақстан демократиялық прогресс партиясы.
Құрылтай конференциясы 1991 жылы 24 қарашада
өтті. Республиканың алты облысында, негізінен
орыс тілді түрғындар басым облыстарда
1000-нан астам мүшелері бар. Партия ресми
тіркеуден өтпеген. Негізгі әрекеті саяси
саланы камтиды. Партия мемлекеттік құрылымдарды
Жоғарғы Кеңес пен Өкіметті қатаң сынға
алумен айналысады. Партияның негізін
орыс тілді зиялылар тобы құрайды. Партияның
төрағасы А.Докучаева.
Бұл партиялардан басқа партиялар да бар.
Корыта келе қазіргі қоғамның өмірінде
саяси партиялар алдыңғы қатардағы орынның
бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті
қорғап, нығайту немесе оны өзгерту үшін
құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін
топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі.
Олар қоғамның саяси дамуының маңызды
көрсеткіші болып саналады.
Қазақстанның республикалық "Еңбек"
саяси партиясы.
"Қазақстан инженерлер Одағы" қоғамдық-саяси
қозғалыс негізінде 1996 ж 10 қаңтарда
құрылған. Алғашында 11 облыста филиалы
жұмыс істеді. Олар өздері центристік
бағыт ұстайтындарын мәлімдеді. Мақсаты
-демократиялық мемлекет құру. Әлеуметтік
базаны инженер-техникалық зиялылар қауылы
кұрады. Партиялық тізім бойынша Парламент
сайлауына қатысып,1.38 % дауыс жинады. Алғаш
төрағасы Мәжіліс депутаты Ө.Жолдасбеков,
кейіннен Б.Т. Жұмағұлов болды.
Халықтық-кооперативтік партия ХКП.
Өздерін аса ірі, таптық және әлеуметтік
жіктеулерден ада, негізінен кооперация
мен ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерге
арқа сүйеп отырған бірден-бір партиямыз
деп жариялады. 1994 жылы 20 ақпанда құрылды.
Қазақстанның "Дәуірлеу" партиясы.
Өздерін парламенттік типтегі партия
деп атады. Партия төрайымы болып 1995 жылдың
қаңтар айының 27-де өтқен құрылтай съезінде
Алтыншаш Жағанова сайланды. ҚДП-ның басты
ұстанар жолы руханилық пен ізгіліктің
қайта жанданып дәуірлеуіне күш салу болды.
Қазақстанның Демократиялық Партиясы.
1995 жылдың 1-шілде айында құрылды. Партияның
бастапқы кезеңіндегі төрағалары президенттің
кеңесшісі Төлеген Жүкеев және Алтынбек
Сәрсенбаев болды. Бұлар 1999 жылы наурыз
айында "Отан" партиясының құрамына
кірді.
Республикалық социал-демократиялық "Отан"
партиясы.
1999 жылы ақпан айында Алматыда өткен құрылтай
съезінде Қазақстанның Демократиялық
партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі
партиясы, Қазақстанның Либералдық және
"Қазақстан-2030" қоғамдық қозғалыстарының
бірігуі барысында құрылды. Парламент
әлеуметтік базасы бюджеттік ұйымдар
, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер,
ғылыми және шығармашылық зиялылар қауымы,
орта және кіші бизнес өкілдерінен тұрды.
Құрылтайға 400-ге жуық уәкіл қатысты.С.Терещенко
партияның төрағасы болып сайланды (қазіргі
уақытта республикалық "Отан" саяси
партиясының партия төрағасының міндетін
Амангелді Ермегияев баскарады). 2004 жылы
12 наурызда кезектен тыс VI съезінде партия
төрағасының орынбасары болып Қазақстан
Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармұқан
Тұяқбай мен бұрынғы вице-премьер Александр
Сергеевич Павлов сайланды.
"Қазақстаннын республикалық Халықтық
партиясы".
Оның төрағасы бұрынғы экс-премьер Ә. Қажыгелдин.
1998 жылы 17 желтоқсанда құрылды. Оның шетелге
кетуге мәжбүр болуына байланысты партияны
саяси кеңесінің төрағасы Ә.Қосанов басқарады.
Бір кездегі партия жетекшілігінде болған
Ғ. Алдамжаров 2001 жылы қантар айында кенеттен
бұл партиядан шығып, Президент әкімшілігіне
ауысты, кейін Қазақстанның Беларусь мемлекетіндегі
елшісі қызметіне ауысты. Партияның алға
қойған мақсаттарының бірі - адамның құқығы
мен бостандығы қорғалатын құқықтық мемлекет
құру деп жарияланды. Партия мемлекеттік
биліктің бір қолға шоғырлануына қарсы
шықты. Бұл бағытта бірнеше шаралар жасауға
талпыныс білдірді. Партия мүшелерінің
қайта тіркелуі үшін 50000 мүшесі болу керек
деген заң талабына байкот жариялап, өз
жұмысын тіркеуден өтпей-ақ астыртын жалғастыруда.
"Азамат" Қазақстанның демократиялық
партиясы.
1996 жылы 20 сәуірде өмірге келген "Азамат"
қоғамдық қозғалысының негізінде құрылған.
Тен төрағалары М.Әуезов, Ғ.Әбілов болған.
Әр түрлі қызметтерге ауысуына байланысты
партия өз жұмысын тоқтатты.
"Азаматтық партия".
Төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашов. Ол
1996-1998 жылдары Президент Әкімшілігінде
Стратегиялық зерттеулер орталығының
сектор меңгерушісі қызметінде болған.
Партия 1998 жылы 17 қарашада Ақтөбеде өзінің
құрылтай съезін өткізді. Бұл партияны
құрған бастамашылар "Алюминий Казакстан"
АК (Павлодар), Жезқазған мыс қорыту зауыты
, Ақтөбе ферросплав зауыты , Балқаш тау-кен
байыту комбинаты, "Восточный" Екібастұз
көмір кені, Рудный "ССГПО" АҚ, Ақсу.
Еуразиялық энергетикалық корпорациясы
кәсіпорындары ұжымдары. Партия әуел бастан
Президенттің саяси курсын қолдайтынын
ашық жариялады. Ал Президент өзі бұл партияның
құрылтайына қатысып, ол партияның саяси
лидері болуға келісімін берді.Қазір Әділет
министірлігі партияны қайта тіркеуден
өткізген кездегі мүшелердің саны 63458
адам деп отыр. Ал партия жетекшілері өз
мүшелерін 105303 адам деп жариялауда. Бүгінде
ҚАП-ның Парламенте 24 депутаттан тұратын
фракциясы бар.
"Қазақстанның демократиялық таңдауы"
халықтың партиясы.
21 ақпан 2004 жылы бұл партияның құрылтай
съезі Алматы қаласында "Анкара"
қонақ үйінде өтті.Оған ҚДТ-ның 1200 мүшесі
атынан сайланған 167 өкіл катысты. Құрылтайда
ұйымдастыру комитетінің төрағасы Асылбек
Қожахметов баяндама жасады. Халықтық
партия Қазақстанның саяси билік жүйесіне
түбегейлі езгерістер енгізу арқылы оның
демократия жолына біржолата түсуін камтамасыз
етуді басты мақсат етіп қойып отыр. Ғ.Жақиянов
бірауыздан партияның лидері болып танылды.
Құрамы 33 адамнан тұратын Саяси кеңес
пен құрамы 7 адамнан тұратын Саяси кенес
Төралқасы сайланды. Осы құрылтай съезінде
партия Саяси Кенесінің төрағасы болып
Асылбек Қожахметов сайланды.
"Қазақстан әйелдері ұйымдарының саяси
бірлестігі" партиясы
1999 жылы маусым айында құрылтай съезін
өткізді. Осы жылы 11 тамызда Әділет министрлігінен
тіркеуден өткен. Негізгі мақсаты Қазақстан
әйелдерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтары мен бостандықтарын
қорғау және жүзеге асыру деп жариялады.
Бұлар Аграрлық партиямен бірігіп партиялық
тізіммен Парламент Мәжілісіне сайлауға
қатысты. Партия жетекшісі Раушан Бергібайқызы
Сарсембаева.
Қазақстанның "Патриоттар" партиясы
(ҚАП).
Басқарушысы - Ғани Есенгелдіұлы Қасымов.
Мәжіліс депутаты, бұрынғы Кеден комитетінің
төрағасы, генерал. Партия 2000 жылы 1 шілдеде
өзінің құрылтай съезін шақырып, өмірге
келгенін жариялады. 2003 жылы
21 наурызда Әділет министрлігінен қайта
тіркеуден өтті. Құрамында 51188 мүше бар.
Олар қазақ ұлтының топтасып бірігуіне,
олардың Отанды сүюшілік сезімдерін қалыптастыруға
ат салысатындықтарын, оны рухани тәрбие
арқылы іске асыратындықтарын жариялады.
Партия жетекшілері қазіргі саяси билікті
сынаудан бас тартатындықтарын білдіргенімен,
Қасымовтың өзі депутат ретінде халық
мүддесін қорғау барысында үнемі белсенділік
танытып келеді.
Қазақстанның Аграрлық партиясы ( ҚАП
).
Төрағасы – Р. Мадинов, Мәжіліс депутаты.
1997-1999 жылдары бұрынғы Премьер-министр
Н.Балғымбаевтың кеңесшісі болған және
партия же-текшілігін қатар атқарған.
КАП өз құрылтайын 1999 жылы 6 кантарда өткізді.
Қазір партия қатарында 98000 мүше бар. Қайта
тіркеуден 2003 жылы наурызда өтті.
"Руханият" қоғамдық бірлестік партиясы.
Бұл партияның құрылтай съезі 2003 жылы
5 сәуірде өтті. Ол сол жылы 6 қазанда Әділет
министрлігінен тіркеуден өткен. Партия
қатарында 53000 мүше бар деп жарияланды.
Оның 65 % әйелдер болды. Өз кызметінде бұл
партия бюджет тен қаржыланатын сала қызметкерлері
мен ғылыми, мәдени, техника саласының
өкілдеріне және студенттер мен әйелдерге
сүйетіндігін мәлімдеді. Бұл партия "Дәуірлеу"
партиясыньң мұрагері болды. Өйткені бұл
аталған екі партияның басшылығында Алтыншаш
Қайыржанқызы Жағанова болды.
Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл»
партиясы .
2000 жылы 30 қаңтарда өткен құрылтай съезінде
құрылды. Осы жылғы 30 наурызда Әділет министірлігінен
тіркеуден өткен. 2000 жылдың 1 тамызында
ҚСД «Ауыл» партиясының қатарында 10000
мүше болған. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылықтарының
басшылары мен шаруалар болды. Мақсаты:
ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау,аграрлық
секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге
ат салысу, қоғамды одан әрі демократияландырудағы
саяси және экономикалық реформаларды
жүргізуді тездету, елдегі тұрақтылықты
баянды ету. Партияның төрағасы – Қазақстан
Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғани
Әлімұлы Қалиев.
Қазақстанның демократиялық «Ақ жол»
партиясы.
Партияның құрылтай съезі 2002 жылы 16 наурызда
болды. 3 сәуірде Әділет министірлігінен
тіркеуден өткені туралы куәлік алды.
«Ақ жол »өзінің негізгі мақсаты етіп
Конституциядағы адам құқығы мен бостандығы
толық сақталуын және билікті орталықсыздандыруды
қойды.Партия қатарында бүгінде 115000 мүше
бар.Негізінен олар мемлекет қызметкерлері,
кәсіпкерлер,бюджет саласының қызметкерлері
мен зиялылар. Тең төрағалары бұрынғы Парламент
Мәжілісінің депутаты Болат Мұқышұлы
Әбілов, бұрынғы Еңбек министрі Әлихан
Бәйменов, бұрынғы вице-премьер Ораз Әлиұлы
Жандосов. Кейін тағы екі төраға қосылды:
Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі
Алтынбек Сәрсенбаев және зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекттік орталық бас директорының
бірінші орынбасары Людмила Аркадьевна
Жуланова.
«Асар» партиясы
«Асар» қозғалысы 2003 жылы 25 қазанда саяси
партияға айналды. «Асар» партиясының
құрылтай съезіне 1200 делегат қатысты.Партия
жетекшісі Дариға Назарбаева. «Асар» партиясыны
центристік бағыт ұстанады.
Қазақстанның демократиялық партиясы .
2004 жылы 29 сәуірде «Құқықтық Қазақстан»
азаматтық қозғалысы өзін Қазақстанның
демократиялық партиясы деп жариялады.Партия
қатарында 50000 –нан астам мүше бар. Мақсаты:
азаматтардың ел тәуелсіздігін баянды
ету жолындағы топтасуы деп санайды. КДП-ның
төрағасы – Мақсұт Нәрікбаев.