Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:22, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін сақтамағаны үшін кінәлі басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазьмды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ.............................4
1.1 Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама..................................................4
1.1 Әскери қызметшiлердiң мәртебесi..............................................................5
2. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН
ҚҰҚЫҚТАРЫ.................................................................................................7
2.1 Әскери қызметшілердің қызмет уақыты және демалысы. .......................9
2.2 Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету...............................11
2.3 Меншік құқығы..................................................................................................13
2.4 Медициналық қамтамасыз ету.........................................................................15
2.5 Әскери қызметшілерге қаза тапқанда және жарақат алған жағдайда берілетін жеңілдіктер................................................................................................17
Білім құқығы........................................................................................................19
Көлікте жүру.......................................................................................................20
Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру .................................................................................................21
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ...............................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

дайын °скери ·ызмет мерей.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

2.2 Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету

Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен  қамтамасыз етедi. Әскери қызметшiлерге  ақшалай үлес Қазақстан Республикасының  Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды. Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады. Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс.Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық ақшалай үлес және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне айлық ақшалай үлесiнiң жартысы көтерме жәрдемақы төленедi. Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi. Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының, сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.  Парашютпен секiрудi әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.

 

2.3 Меншiк құқығы

Әскери қызметшi "Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес меншiк иесi болуға, өз мүлкi мен басқа да меншiк объектiлерiн  иеленуге, пайдалануға және оларға билiк етуге құқылы. Әскери қызметшiлердiң  меншiгi олардың ақшалай және заттай үлес алуы (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы), жеке үй жанындағы шаруашылығын жүргiзу, әскери қызметке шақырылғанға (кiргенге, белгiлегенге) дейiн алынған кiрiсi, мұрагерлiк, сый ретiнде көшкен мүлiк, сондай-ақ осы Заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет есебiнен құрылады және көбейтiледi. Мемлекет әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары ретiнде меншiктi жекешелендiру процесiнде одан басқа азаматтармен тең үлес алуға кепiлдiк бередi.

Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен  әскери (арнаулы) оқу орындарының  курсанттарынан басқа) мен олардың  отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер, қызметтiк тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi. Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы әскери қолбасшылықтың ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары олардың таңдаған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезектiлiгiнiң тiзiмiне енгiзедi. Шетелге және климат жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтен өту үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi тұратын тұрғын жайлары олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады.  Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшiлерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылуды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын үйлердi ұстау мен орталықтандырылған жылуды беру Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбелер бойынша мемлекет есебiнен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен 20 және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын тұрғылықты жерi немесе жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезектiлiк тiзiмiнен шығаруға болмайды және олардың әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады. Тұрғын жай сатып алу үшiн немесе жеке тұрғын үй салу үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға тұрмысқа жайлы тұрғын жайды өтеусiз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.

2.4 Медициналық қамтамасыз ету

Әскери қызметшiлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау - бастықтардың мiндетi. Оларға жаттығулар, басқа да жауынгерлiк әзiрлiк шараларын өткiзу, қызмет ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезiнде, жұмыс жүргiзген және күнделiктi қызмет кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету жүктеледi. Әскери қызметшiлердiң әскери-медициналық бөлiмшелерде, бөлiмдер мен мекемелерде медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Әскери қызметшiлердiң қызмет ететiн немесе тұратын жерiнде әскери-медициналық мекемелер жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi. Жеке денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың әскери қызметшiлерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетуi бойынша шығындары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өтеледi. Әскери қызметшiлерге емделуге жұмсаған қаражатын олар құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар өтейдi. Офицерлердiң отбасы мүшелерi (зайыбы, жұбайы, 18 жасқа дейiнгi балалары) әскери-медициналық мекемелерде тегiн медициналық жәрдем алуға құқылы. Емханаларда емделген кезiнде отбасы мүшелерiне дәрi-дәрмек ақы төлетiп берiледi, бұған заңға сәйкес ақы алынбайтын реттер кiрмейдi. Әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер өздерi құрылымында әскери қызметтен өткен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi. Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiктерiнде аталған әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары және оларға берiлетiн жеңiлдiктер әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болатын офицерлер мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi, соғыс қимылдарына басқа да қатысушылар, әскери қызмет мiндетiн атқару кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер, полковник атағымен және одан жоғары атақпен запасқа немесе отставкаға шыққан офицерлер медициналық және санаториялық-курорттық емделуден бiрiншi кезекте өтуге құқылы. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушiлерi медициналық көрсеткiштерi болған жағдайда әскери санаторийлерде санаториялық-курорттық тегiн емделумен қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшi әйелдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әйелдердi, ана мен баланы қорғау мәселелерi жөнiндегi барлық жеңiлдiктердi пайдаланады. Бұл жеңiлдiктер анасы жоқ балаларды (анасы қайтыс болған, аналық құқынан айрылған жағдайда және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда) тәрбиелеп отырған әскери қызметшiлерге де қолданады.

2.5 Әскери қызметшiлерге қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

Әскери қызметшi немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi адам әскери қызметтен өту кезеңiнде  қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат  алған жағдайда оларға бiр жолғы  өтем төленедi. Бiр жолғы өтемдi төлеу  тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Әскери қызметшi қызметiн атқару (жиын) кезiнде не қызметтен өту  кезеңiнде алған жарақат (контузия), ауру салдарынан қызметтен босағаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын  дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi. Әскери жиынға шақырылып, әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақ алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскери қызмет (әскери жиын) өткiзiлген жерде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жерленедi. Мәйiттi жеткiзуге әзiрлеумен, мәйiттi жеткiзумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және оны орнатумен байланысты барлық шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен жасалады. Әскери қызметшiнiң әскери қызметтен өту кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бiр жолғы өтем: 

I топтағы мүгедекке - отыз айлық  ақшалай қаражаты;

II топтағы мүгедекке - он сегiз  айлық ақшалай қаражаты;

III топтағы мүгедекке  - алты айлық ақшалай қаражаты  мөлшерiнде төленедi.

Әскери қызметшiлер, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде  мүгедектiкке әкеп соқпайтындай қатты  мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) ретте оларға бiр жарым  айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.

Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды  қоспағанда, Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бiр жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бiр жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.  Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, оқу орындарына стипендия алатын курсанттарына (тыңдаушыларына) осы баптың үшiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктерiнде көрсетiлген жағдайларда Қазақстан  еспубликасындағы жұмысшылар мен қызметшiлер ең төмен жалақысының тиiстi мөлшерi төленедi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнайы) оқу орындарының стипендия алатын курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге мынадай жағдайларда: 

осы баптың үшiншi бөлiгiнде  көзделгендей жағдайда - 500 айлық есептiк  көрсеткiш мөлшерiнде;

осы баптың алтыншы бөлiгiнде  көзделгендей жағдайда:

I-топтағы мүгедекке 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

II-топтағы мүгедекке  150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 

III-топтағы мүгедекке  50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 

осы баптың жетiншi бөлiгiнде  көзделгендей жағдайда: ауыр жарақат  үшiн 12 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы өтемдерi төленедi. Аталған жағдайларда соттың немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке әрi мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiледi әрi келтiрiлген зиян оны келтiрген кiнәлi тұлғалардың есебiнен немесе бюджет қаражатының есебiнен қалпына келтiрiледi. Аталған жағдайларда мемлекеттiк өкiмет органдарының, жоғары тұрған командованиенiң немесе сот органдарының шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызмет, зейнеткерлiк, басқа да жеке және мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiлiп, кiнәлiлер немесе республикалық бюджет есебiнен зияны өтеледi.

 2.6 Бiлiм алу құқығы

Әскери қызметшiлердiң  әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар. Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқи алады. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiлiп, орта кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби және қосымша кәсiби бiлiм беру ұйымдарында оқудың кешкi немесе сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi. Оқу кезеңiнде әскери қызметке шақырылған адамдардың әскери қызметтен босағаннан кейiн өздерi шақырылғанға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқығы бар.

2.7 Көлiкте жүру

Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер  мен әскери (арнаулы) оқу орындарының  курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының аумағында қызмет бабымен орын ауыстырғанда және әскери қызметтен босағанда стационарда емделуге барып, қайтқанда темiр жол, әуе қатынасы, су және автомобиль көлiгiмен тегiн жүру, бұған қоса он тоннаға дейiн өз мүлкiн тегiн тасымалдауға құқығы бар. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) отбасыларының мүшелерiне, бiрге жүретiнiне әскери қызметшiлер қызмет бабымен Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстырған және олар әскери қызметтен босатылған кезде тегiн жүрiп-тұруға олармен бiрдей жеңiлдiктер берiледi. Аталған жағдайлардағы шығындар құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен жасалады. Жергiлiктi өкiлдi органдар мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге қала iшiнде, қала маңына және жергiлiктi жерлерде қатынайтын қоғамдық көлiктiң барлық түрiне (таксиден басқа) жол жүруге жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беруге құқылы. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жiберiлiмдерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақшалай өтем төленедi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары: стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде; әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде тегiн жүруге құқылы.

Информация о работе Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама