Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 18:21, реферат
Социологиялық мектеп ең алғаш Францияда қалыптасты. Сондықтан оны кейде Франция социологиялық мектебі деп те атайды. Оны қалыптастырушылар және дамытушылар Фердинант де Соссюр (1857–1913), Антуан Мейе (1866–1936), Жозеф Вандриес (1875–1960), Эмиль Бенвенист (1902) т.б. лингвистер болды.
Социологиялық мектеп – ХХ ғасыр тіл біліміндегі беделді және кең өріс алған бағыт. Социологиялық деп аталуының себебі, индивидуалистік бағытқа қарсы, тіл – қоғамдық, әлеуметтік құбылыс деп түсіндіруінде. Тіл тек қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.
1. Франция социологиялық мектебі;
2. Фердинант де Соссюрдің лингвистикалық тұжырымдары;
Социологиялық мектеп. Фердинант де Соссюр концепциясы.
1. Франция социологиялық мектебі;
2. Фердинант де Соссюрдің
Социологиялық мектеп ең алғаш Францияда қалыптасты. Сондықтан оны кейде Франция социологиялық мектебі деп те атайды. Оны қалыптастырушылар және дамытушылар Фердинант де Соссюр (1857–1913), Антуан Мейе (1866–1936), Жозеф Вандриес (1875–1960), Эмиль Бенвенист (1902) т.б. лингвистер болды.
Социологиялық мектеп – ХХ ғасыр тіл біліміндегі беделді және кең өріс алған бағыт. Социологиялық деп аталуының себебі, индивидуалистік бағытқа қарсы, тіл – қоғамдық, әлеуметтік құбылыс деп түсіндіруінде. Тіл тек қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.
Социологиялық мектеп көтерген және шешкен тіл білімінің мәселелерін байқау үшін оның кейбір қайраткерлерінің еңбектеріне жеке тоқталып өтейік.
Фердинант де Соссюр «Үндіевропа тілдері вокализмінің алғашқы жүйесі» атты тұңғыш еңбегін университетте оқып жүрген кезінде жариялаған. В.А.Звегинцев: «Өзінің ғылыми құнын күні бүгінге дейін жоймаған бұл жұмыс үндіевропа вокализмін зерттеуде, сол арқылы тіл білімінде тарихи–салыстырмалы әдісті дамытуда үлкен роль атқарды», – деп жазады. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой–пікірлердің дамуына осы күні де күшті әсерін тигізуде. Оның тіл ғылымына қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі – «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып шықты. Оны шығарушылар – де Соссюрдің шәкірттері А.Сеше мен Ш.Балли. Кітап көп ұзамай–ақ бірнеше европа халықтары тілдеріне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды.
Де Соссюр алғашқы кезде тарихи–салыстырмалы тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейіннен, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1906–1912жылдар арасында ол бағытынан қол үзіп, панхрондық лингвистика (лингвистикалық құбылыстарды мезгілмен шектелмейтін, универсалды, тіл атаулының барлығына тән ортақ қасиет) жолын ұстанды. Қазіргі заман структуралистері де Соссюрді структуралистік лингвистиканың негізін салушы дегенде, оның осы еңбегіне сүйенді.
Фердинант де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы:
Тілдің құрылымына тән ішкі мәселелермен қатар оған игі әсерін тигізетін сыртқы құбылыстардың да болатыны даусыз. Тіл білімі үшін тілдің өзіндік құрылымын, ішкі жүйесін зерттеу қандай қажет болса, тілге әсерін, ықпалын тигізетін сыртқы жайттарды білу де сондай қажет. Өйткені тілдің ішкі құрылымындағы көптеген құбылыстардың кейде одан сыртқы, яғни экстралингвистикалық жайттардың әсерінен болып жататындығы даусыз. Осы тұрғыдан алғанда де Соссюрдің тіл білімінің міндеті – тек тілдің ішкі жүйесін ғана зерттеу деген пікіріне қосылуға болмайды.
6. Синхрондық және диахрондық лингвистика. де Соссюр зерттеудің синхрондық, диахрондық түрлерін анықтап, тіл білімін синхрондық және диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.
Синхрондық
лингвистика тілдің ішкі
Жалпы лингвистика
тарихында тіл
Франция социология мектебі. Егер Женева социологиялық мектебінің құрамында Ф.де Соссюр, Ш.Балли, Ш.Сеше болса, Франция социология мектебінің құрамында А.Мейе, Ж.Вандриес, Э.Бенвенист. Екеуінің де идеялық көсемі – де Соссюр. Бұл мектеп өкілдері негізінен Ф.де Соссюрдің концепциясын басшылыққа алады. Ең көрнекті өкілдерінің бірі – Франция мен СССР Ғылым академияларының академигі, үндіевропа салыстырмалы тіл білімінің маманы, профессор Антуан Мейе. Оның лингвисткиалық концепцияларын толығырақ көрсететін еңбегі – «Үндіевропа тілдерін салыстыра зерттеуге кіріспе». Ал орыс тілінде «Тарихи тіл білімі және жалпы тіл білімі» деген атпен 1938 жылы мақалалар жинағының екі томы жарық көрді.
Тілде болатын өзгерістерге Г.Пауль сияқты Мейе де фонетикалық өзгеріс, аналогия және бір тілден екінші тілге ауысу заңдылықтарын жатқызады, осы үш түрлі принципті неғұрлым қатал сақтап, дәлме–дәл қолданса, тілдердің даму тарихы соғұрлым дұрыс анықталады дегенді айтады. Сөздер тарихын олар атау болған заттар тарихымен байланыстыра зерттеудің, экспериментті фонетиканың және лингвистикалық географияның қалыптасуының арқасында, – дейді Мейе, – бұл үш принцип жетіле, айқындала түсті, алайда олар тек жеке фактілерді түсіндіруден аса алмады, ал лингвистиканың мақсаты тіл дамуының жалпы заңын белгілеу; ол заң тіл дамуының жеке бір кезеңі немесе жеке бір тіл үшін ғана маңызды болмай, дамудың барлық кезеңі үшін де, барлық тілдер үшін де бірдей дәрежеде маңызды, ортақ, жалпы заң болу крек; мұндай жалпы заң физиологиялық, психологиялық та емес, тілдік болады.
Тіл – әлеуметтік құбылыс, ол – қатынас құралы; қатынас құралы болғандықтан, тіл – ұжымның табысы. Оның өзгерісі – индивидуумға тәуелді емес, индивидуум ұжымға тәуелді, ол тілді қолданғанда ұжым мүшелеріне түсінікті болуын көздейді; басқаға түсінікті болу міндеті – индивидуумның тілді қолданғанда бетімен кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тіл – күрделі
жүйе, жүйе құрайтын тілдік
Француз
социологтарының А.Мейемен
Женева мектебі— Ф. де Соссюр идеяларына сүйенетін және Женева университетінің дәстүрін дамытатын тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттағы мектептердін бірі. Ж. м. оқымыстыларының алғашқы ұрпағы — Соссюрдің шәкірттері Ш. Балли, А. Сеше, С. О. Карцевский, екінші ұрпағы — А. Фрей, Р. Гёдель т.б. Женева мектебінің негізгі зерттеу нысаны әр түрлі тілдердің, әсіресе француз тілінің, материалдары негізінде қарастыратын жалпы тіл білімі проблемалары, индивидуалдық және әлеуметтік құбылыстардың тіл мен сөйлеудегі өзара қатынасы, тіл мен ойлаудың байланысы, семитология, семантика және синтаксис мәселелері. Соссюрдің "Мемуар о перво¬начальной системе гласных в индоевропейских языках" (1879) енбегі, оны бүкіл әлем алдында танытты, себебі бүл еңбекте морфологиялық деректерге сүйеніп, ғылымға фонология жүйесін кайта жаңартудың жана принципі енгізілді.
Соссюр концепциясының тілдік жағы И. А. Бодуэн де Куртенэ, Н. В. Крушевский, У. Д. Уитни идеяларымен ұштасып жатыр.
Информация о работе Социологиялық мектеп. Фердинант де Соссюр концепциясы