Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 18:25, реферат
«Бiреуге мал, бiреуге жан қайғы» болған заманда суицид ауруы да әркiмнiң ығына байланып, екiнiң бiрiнде кездесетiн жағдайға айналғандай. Елiмiзде бұл ауруға шалдыққандардың саны күннен күнге артып отыр. Әсiресе соңғы уақытта балалар арасында жиi кездесетiн суицид – жауапсыз жұмбақ дүниеге айналып барады.
Суицид деген термин 17-шi ғасырда пайда болған. 18-шi ғасырдың ортасына дейiн бұл ұғым кеңiнен пайдаланылмаған. Тек 20-шы ғасырда адамдардың өз-өзiне қол жұмсауы көбеюiне байланысты « суициодология» деген дербес зерттеу саласы пайда болған.