Тұлғаның рөлдік теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 17:12, реферат

Описание

Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды бағыт-бағдарлары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.

Содержание

Кіріспе

Әлеуметтік роль дегеніміз не?

Тұлғаның рөлдік теориясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

әлеуметтік рөл.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

     Жоспар: 
 

  1. Кіріспе
 
  1. Әлеуметтік  роль дегеніміз не?
 
  1. Тұлғаның  рөлдік теориясы
 
  1. Қорытынды
 
  1. Қолданылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

     Әлеуметтану ғылымының адамдардың пікірлері, іс-әрекеттерінің  уәждері, өмірлік жоспарлары, құнды  бағыт-бағдарлары, қызметтің мақсаттары және т.б. қазіргі адамның тұлғалығын бейнелейтін мәселелер болып саналады. Тұлғаны танып-білу бұрыннан келе жатқан нәрсе.

     Әлеметтендіру туралы айтқанда біз мәдени нормаларды игеру мен әлеуметтік рөлдерді меңгеру  процесін әңгіме етеміз. Бұл процесс адамның индивидке және тұлғаға айналуын білдіреді. Әлеуметтендіру процесі сатылардан өтеді, оларды негізгі өмірлік циклдар деп те атайды. Бұл балалық шақ, жасөспірімдік, ер жету, және қарттық шақтар. Әлеуметтендіру процесінің нәтижеге жету деңгейіне орай немесе аяқталуына сәйкес оны бастапқы немесе ерте әлеуметтендіру деп бөліп көрсету ғылымда орын алған, бұл балалық пен жасөспірімдік кезеңді қамтиды және жалғастырушы немесе толығып жеткен есейген әлеуметтендіру деп те бөлуге болады, бұл қалған екі кезеңді қамтиды.

            Рөлдік мінез-құлық өте қатаң шектелген, өйкені әр түрлі қызметтерді араластыру немесе олардың бәрін бірдей орындамаку бүкіл әлеуметтік жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл шектер абсолютті емес; рөл іс-әрекетке жалпы бағыт береді және оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі варианттық фактор болады. Мысалы, фирма директорының рөлі басшылық жасау қызметін жүзеге асыруды талап етеді және оны басқа біреудің қарамағында қызмет істеу міндетімен алмастыруға болмайды. Бірақ басшылық жасау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: беделге сүйену, демократиялық, бетімен жіберушілік, ал бұл тұрғыдан алғанда фирма директорының рөліне ешқандай шектеу қойылмайды.

       Бір адам көптеген рөлдерді орындайды, олар бір-бірімен қарама-қайшы келуі де, бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін, мұндай жағдай рөлдік қайшылықтарға әкеп соқтырады. Бұған әлеуметтануда жиі жазылып жүрген әйелдердің кәсіби және отбасындағы рөлінің арасындағы қайшылық мысал бола алады.

      Рөлдермен қатар, қоғамдық жқмысты тікелей алып жүруші, жалпы әлеуметтік жүйе үшін мәнді де маңызды, адамдардың бір-бірімен өзіндік қатынастары бар, мұнда да адам белгілі бір орын алады және соған сәйкес қайсыбір міндеттерді орындайды. Осы қарым-қатынастардың астары «тұлғааралық рөл» ұғымымен бейнеленеді. Әлеуметтік рөл сияқты тұлғааралық рөлдер де әр түрлі шағын топтарда тіптен қарама-қарсы болуы да мүмкін, айталық, дос, дұшпан, сенімді адам, т.б. Көбіне-көп адам өз мінез-құлқында осы әр түрлі күтілістерді еріксіз ескеруіне тура келеді, мұндайда адам бір емес, бірнеше топтардың күткеніне бағыт-бағдар ұстайды.

      Рөл өзінің қоғамдық маңыздылығы тұрғысынан алғанда, объективті құбылыс ретінде танылса, ал ол индивид санасында өзіндік ұйғарым тауып, өзінше оған түсініктеме берсе, субъективті де болады. Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, қайсыбір рөлдің негіздерін тұлғалық мәннен емес, әлеуметтік қажеттіліктерден іздеу қажет. Айталық, қазіргі әйелдердің индивидуалдық ұстанымдарында әйел (ана) рөлі аса елеулі маңызға және құндылықтарға ие бола алмайды, бірақ қоғам алдында бұл рөл әйелге үлкен міндет жүктейді. Социум тұрғысынан алғанда, рөлдік қалыптардан ауытқу, оларды мойындамау жөнсіздікке әкеп соқтырады. Сондықтан рөлге қатысты мінез-құлық ережелерін мейілінше ұстану тұлғаның өмір сүруін жеңілдетеді, оның қайшылықты жағын азайтады, өзін-өзі сезіну сеніміне және оның баянды болуына негіз қалайды.

   Әлеуметтік рөлдер бүкіл қоғамдық  организмнің қалыпты өмір сүруі  үшін қаншалықты маңызды екендігіне  қарай маңыздылығына да бөлінеді. Бұл қайсыбір топтардың қоғамдағы орнына және тиісінше әлеуметтік құрылымдағы оның мүшелеріне, олардың құрылым тұрақтылығын қолдау үшін маңыздылығына байланысты. Әлеуметтік мәртебе қоғамдық қатынастардағы әлеуметтік топтар мен жекелеген тұлғалар жағдайының интегративтік көрсеткіші болып табылады. Кез келген қоғамда және қоғамдық өмірдің кез келген саласында, айталық, өндірістік, құқықтық, тұтыну және басқа да саласында әлеуметтік теңсіздікті айқындайтын және нықтайтын мәртебелер сатысы, пирамидасы бар.

        Рөлдер теориясы тұлғаның әлеуметтену процесінде оған бейімделу жағдайын жақсы бейнеледі. Бірақ бұл схеманы бірден-бір және соңғы схема деп қарауға болмайды, өйткені мұнда тұлғаның белсенділігі, шығармашылық бастаулары есепке алынбайды.

         Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

     Мұны  тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан  түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына. Әрбір  топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-тілектер қойылып, ол оны орындайды.                Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

     Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары  «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»  ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл  қоғамдағы адамдардың белгілі бір  алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен  қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.

     Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белігілі бір  қызметін атқарған жағдайда белгілі  бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдері бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.

     Әлеуметтік  рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға боладф. Әлеуметтік рөлдерді игеріп, меңгеруде  адам әлеуметтік тәртіп стандартын игеріп, меңгереді,өзін өзі бағалап, бақылауды  іске асырады. Сөйтсе де, адам өмірде бірнеше байланыс-қатынастарға еніп, әр түрлі рөлдегі іс-қызметтерді орындауға мәжбүр болады. Сондықтан адамға қойылатын талап-тілектер де қайшылықта болады. Осылардың салдарынан адам сыртқы дүниемен байланысында, өзінің тұтастығын, бүтіндігін, бір сөзбен айтқанда, «мендігін» сақтау үшін белгілі бір шартты қажет етеді. Бұл оның өзімен өзінің болуын және әр түрлі қызмет рөлдерін орындау үшін керек. Бұл тұрғыдан қарағанда тұлғаның өзі осындай шарт ретінде болады.

     Осы тетік өзі орталық қызмет атқарушы орган болып, өзінің «мені» атқаратын қызметімен біріктіріледі, өзінің іс-әрекетіне адамгершілік баға беріп, оны іске асырады, өзінің орнын тек қана бір әлеуметтік топтан іздеп қоймай, сонымен қатар өмір сүрудің мақсатын білу үшін екінші бір құбылыстардың мәнін, мақсатын білуге ұмтылады.

Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға өзінің рөлдік мінез-құлқын белгілі бір  әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез-құлық  дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез-құлқы.

     Сонымен, жан-жақты дамыған тұлға белгілі  бір әлеуметтік жағдайда бейімделу  құралы ретінде рөлдік мінез-құлықты  пайдаланады. Рөлдік мінез-құлықты  рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компоненттері сатылы жүйе ретінде құрылады.

     Рөлдік  тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары  пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863-1931ж.ж.), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.

     Ал, Мидтің әлеуметтану теориясының  пайда болу негізінде өткендегі  болған әрекет, оқиға (қысқаша «акт») ұғымы жатыр. Бұл акт ұғымы әрекеттеуші субъектінің шынайы өмірді қабылдаудағы ерекшелігін анықтайды. Мидтің пікірінше, әрекет етуші субъект кең мағынада физикалық «субъект», «тірі форма», «әлеуметтік мен» («я») ретінде қарастырылады. Объектілер ұғымының мазмұны, Мидтің пікірінше, индивидтің өткендегі барлық ерекшелігімен сипатталатын тәжірибесі. Осыған қарай объектілер индивид пен олардың арасындағы қатынастарды бейнелейді.

     Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға  кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды.

     Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу  процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа  шығарады.

Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:

а) жұрт мені қалай қабылдайды;

ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;

б) мен  жұрттың тигізген ықпалына қалай  жауап беремін.

Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

     Джордж  Герберт Мид тұлға өзінің «менін»  қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни «мен» деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.

Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре  алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. өзін «ойлауды» үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол рақылы өзінің «менін» сезіне бастайды.

     Мидтің  пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.

Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен  адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің  еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық  шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

     Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене  бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.

     Үшінші  саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар  тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін тұ\үсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның  барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды.бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік міне-құлқы негізінде екі ұғыммен  түсіндіріледі:

     Олар: «әлеуметтік статус» және «әлеуметтік  рөл» . Әлеуметтік рөл туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ  тоқталайық.

Мысалы, әрбір адам әлеуметік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді. әрбір адамның бірнеше статусы болуы мүмкін, бірақ оның жағдайын бір ғана статус анықтайды. Бұл жалғыз статус басты немесе интегралды деп аталады. Ол басты немесе интегралды статус адамның қызметі (лауазымы) арқылы белгіленеді. Мысалы, директор, профессор сияқты әлеуметтік статус адамның сыртқы мінез-құлықы мен пішінінен (киімі, сөйлеу мәнері) және басқа әлеуметтік мамандық белгілер ең алдымен адамның алдына қойған өмірлік басты нысаналарынан, іс-әрекеттерінен, мақсаттарынан, т.б. байқалады.

     Әлеуметтанушылар  статустардың екі түрін бөліп  көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен байланысты. Еңбегі арқылы қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор. Статсутың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт). Көбінесе, қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі. Ол ересек адамның интегралдық статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі , орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир) жатады. 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тұлғаның рөлдік теориясы