Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 09:00, реферат
Жалпы, зейнетақы жинақтары дегеніміз - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы. Зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны.
Зейнетақы жинақтарының жалпы ұғымы
Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктері
Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктері жөнінде халықтың ақпараттандырылуына салыстармалы талдау
Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктеріне жағдай жасау – еліміздің экономикалық-әлеуметтік саясатының дұрыс бағытта екендігінің жарқын айғағы
ЖОСПАР:
Жалпы, зейнетақы жинақтары дегеніміз - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы. Зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының тиісті Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:
1) жинақтаушы
зейнетақы қорларының
2) зейнеткерлiк
активтердi басқаруды жүзеге
2-1) екінші
деңгейдегі банктердің
3) зейнетақы
активтерiн инвестициялық
3-1) олардың
қаржылық тұрақтылығын
4) жинақтаушы зейнетақы
қорларының және зейнетақы
5) жинақтаушы
зейнетақы қорларының ақша мен
бағалы қағаздарды жинақтаушы
зейнетақы қорларымен және
6) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
7) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;
8) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
9) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық есеп берiп отыруы;
11) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат беріп отыру;
12) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
13) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
14) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi.
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты үлесінің инфляцияның деңгейі ескеріле отырып сақталуына мемлекеттік кепілдіктің болатыны жұрттың бәріне бірдей бессаусақтай белгілі деп айта алмаймыз. «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ-ның тапсырысымен GFK-Қазақстан жүргізген маркетингтік зерттеулердің деректері бойынша зейнетақы жарналарының сақталу кепілдігі туралы 57% қазақстандық біледі екен. Бұл – орташа есеппен. Қазақстанның 21 қаласында жүргізілген зерттеулер барысында 2010 жылғы наурызда 2500 адамға сауалнама жүргізілді. Хабардар адамдар мен әзірше бейхабар адамдар санының арасындағы алшақтық орасан зор. Мәселен, Степногорскіде 82% хабардар, ал Қызылордада 77% бейхабар болып шықты.
Зейнетақы қорларының салымшылары бүгінгі таңда өз жинақтарының кірістілігі үшін қандай да бір жауапкершілік атқармайды. Жауапкершілікті ЖЗҚ мен мемлекет өз мойнына алған. Салымшылардың ЖЗҚ-ға салған жинақталған зейнетақы қаражаты барлық басқа қаржы салымдарынан олардың сақталуына мемлекеттің заңнамаға сәйкес кепілдік беруімен ерекшеленеді. Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляцияны ескере отырып, нақты төленген зейнетақы жарналарының сомасына мемлекет кепілдік береді, яғни салымшының өзі аударған сомасына инфляция деңгейі қосылады. Салымшының инвестициялық кірісі мемлекет кепілдік беретін жинақ сомасына жатпайды.
Зейнетақы қорларының салымшылары ЖЗҚ акционерлері туралы, зейнетақы активтерін басқару мен инвестициялық портфель туралы, кастодиан банк туралы, жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға, өздерінің жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыруға, республикадан тыс тұрақты тұру орнына ауысқан кезде оларды алуға, сақтандыру ұйымына ауыстыруға құқылы. Зейнетақы қорларының салымшылары мен алушылары қорды таңдауға және жылына екі рет оны ауыстыруға құқылы. Талдаушылар салымшылардың 35%-ы зейнетақы қорын ауыстыру тәжірибесін қолданған деп хабарлауда. Социологтардың деректері бойынша зейнетақы қорын таңдаудың негізгі критерийлері ақыл-ойға құрылған, сол сияқты көңіл-күйге негізделген факторлар болып табылады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: жинақталған зейнетақы қаражатының сол ЖЗҚ-дағы кірістілігі, қаржылық тәуекелдердің төмен деңгейі, зейнетақы қорының оң беделі, қордың нарықтағы едәуір жұмыс тәжірибесі, ЖЗҚ қызметінің қаржылық және статистикалық көрсеткіштері. Алайда бұлардың барлығын зерделеп, салыстыру керек. Зейнетақы агенттерінің ақпаратын ойланбай-ақ қабылдай салу – ең оңай жолдардың бірі. Кейде, тіпті, олар «жинақтарды капиталдандыру» сияқты уәделерді үйіп-төгеді. Олар басқа қорға ауыстырғаннан кейін жинақтар сомасына барлық жылдар ішінде алынған инвестициялық кіріс қосылады және салымшы барлық сомаға жаңа инвестициялық кіріс алады деп сендіреді. Бірақ олар, әрине, салымшы ауысқан қорда инвестициялық кірісті есептеу тек міндетті зейнетақы жарналарына ғана емес, оларға есептелген инвестициялық кіріске де қолданылатындығын айтпайды. Басқа сөзбен айтқанда, қорларда әрбір шоттағы капиталдандыру күн сайын жүргізіледі де, бір қордан екінші қорға ауысу қосымша пайда әкелмейді! Алайда оның қызық жағы да бар: егер салымшы кететін зейнетақы қоры тап сол кезде шығынға ұшыраса, онда ол салымшының шотын шығындарымен бірге ауыстырады. Бүгінгі таңда Қазақстан заңнамасы салымшыға басқа ЖЗҚ-ға ауысқан кездегі теріс инвестициялық кірісін (шығынын) зейнетақы қорларының өтеп беруіне міндеттемейді. Яғни, кез келген зейнетақы қорының салымшысы шығындардан сақтандырылмаған, егер де адам жеткілікті түрде орнықпаған немесе тұрақсыз қордан кеткен жағдайда ғана бір қордан екінші қорға ауысу дұрыс шешім болып көрінуі мүмкін.
Сондықтан мамандар салымшылардың қорларды жиі ауыстырғанын қаламайды, керісінше оларға өте консервативті болуды ұсынады.
Біздің мемлекет салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғайды, бірақ олардың өзі де жинақтарын кімнің басқаруына тапсыратынын ойлануы тиіс.
Жоғарыда аталған зерттеу деректеріне сүйенсек, орташа есеппен салымшылардың 54%-ы ғана зейнетақы қорларын өз бетінше таңдайды екен. Қостанайдағы салымшылар өз таңдауын жасауда барынша еркін екендіктерін көрсетті: олардың ішіндегі 85%-ы өз жинақтарын сақтайтын қорды өздері таңдаған. Тараздағы салымшылардың дербестігі төмен болып шықты: олардың 25%-ы ғана зейнетақы қорын өздері таңдапты. Біздің еліміздің заңнамасы бойынша жұмыс беруші салымшының зейнетақы қорын таңдауына қысым жасауға құқылы емес. Ол өзінің қызметкеріне белгілі бір зейнетақы қорын ұсына алады. Алайда оған бұйрық бере алмайды. Ол тіпті компания қызметкерлерінің өз ақшаларын қай қорға аударып жатқандығын білмеуі тиіс. Біріншіден, зейнетақы жарналарының құпиясы заңнамамен қорғалған. Екіншіден, компания басшысы әкімшілік қысым жасаған кезде салымшылардың шотына қордың алатын инвестициялық кірісінің деңгейі үшін де өзіне жауапкершілік алатынын түсінуі тиіс. Ал егер ол қор төмен кірістілік алса ше? Онда кім жауап береді: кәсіпорын басшысы ма әлде бас бухгалтері ме? Үшіншіден, барлық ұжымның бір қорға аударуы ешқандай да төлемдердің «ыңғайлылығын» тудырмайды. Қазіргі кезде зейнетақы аударымдары бір төлеммен МЗТО-ға аударылады да, сол жерден ЖЗҚ-мен жасалған шарттардың негізінде салымшылардың жеке шоттарына таратылады.
Жинақталған зейнетақы қаражатына арналған сенімді қордың ауқымды салымшылары, орасан зор жинақталған зейнетақы қаражаты (активтері), теңгерілген, сапалы инвестициялық портфелі, айтарлықтай беделі бар атақты акционерлері болуы тиіс. Тұрақты зейнетақы қоры өз алушыларына зейнетақыларын жүйелі түрде төлей алады, оның саясаты ашық әрі айқын, қызмет көрсету орындары да көп, яғни қор клиентке жақын және оған зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат берудің ыңғайлы тәсілдері мен жан-жақты жайлы жағдайды ұсына алады. Ендеше төменде осы кепілдіктің қалай жүзеге асырылатыны, оның төленуі үшін қандай құжаттарды жинап, тапсыру керектігі, қандай жағдайда төленбей қалатыны және де жарнаның нақты үлесінің сақталуы үшін мемлекет қаражаты есебінен берілетін айырма төлемі жайында айтатын болсақ:
2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қаңтардағы № 204 «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары» туралы қаулысы бекітілді. Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне алу құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен орындау тәртібін айқындайды.
Айырма төлемі — оны алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезінде нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары мөлшерінің арасындағы инфляция деңгейі ескеріле отырып, айырма ретінде белгіленіп, мемлекеттік бюджет есебінен төленетін біржолғы төлем. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға айырма төлемін алу үшін зейнетақы төлеу орталығының тұрғылықты жеріндегі бөлімшесіне белгіленген үлгі бойынша өтініш береді. Өтінішке оның жеке куәлігінің (төлқұжатының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының), әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмелері, жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, саны сияқты ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысымен бекітілген басқа да ақпараттар қоса тапсырылады. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары береді. Зейнетақы төлеу орталығы айырма төлемі туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде барлық зейнетақы қорларына осы адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге дейін жеке зейнетақы шотының болған-болмағаны және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер сұратады. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы мәліметтерді Орталыққа электронды форматта ұсынады. Орталық қорлардан мәліметтер түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді. Айырма төлемі сомасының есебін жүзеге асырғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде белгіленген үлгі бойынша айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макеті, сондай-ақ айырма төлемін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің жобасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органы – облыстағы бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жіберіледі. Осы құжаттар келіп түскен күннен бастап департамент үш жұмыс күні ішінде айырманы төлеу не төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі. Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болған жағдайда бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Елімізде міндетті зейнетақы жарналарын аудару жұмыстары 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқарылып келе жатқаны белгілі. Міндетті зейнетақы жарналары азаматтардың табысының 10 пайызы көлемінде ұсталып отырады. Зейнет жасына дейінгі жинақталған қаражатты әр азамат өзінің жинақтаушы зейнетақы қорынан алады. Ал егер жинақтаушы зейнетақы қорында қаражат толық көлемде сақталмаса ше? Мұндай кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес мемлекет азаматтардың табысынан нақты ұсталып, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған міндетті зейнетақы жарналарына жоғарыда көрсетілгеніндей кепілдік береді.
Яғни, қайталап келтірсек, ҚР
Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204
қаулысына сәйкес, азаматтардың зейнет
жасына жетіп, зейнетақы рәсімдеуге
құқық беретін мезетінде
2012 — 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа арнаулы қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі күні бүкіл әлемді жайлаған дағдарыстың екінші толқыны тұсында азаматтардың жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарын толық көлемде алуына жағдай жасалуы еліміздегі экономикалық-әлеуметтік саясаттың дұрыс бағытта екендігінің жарқын айғағы болып табылады.
Жинақтаушы зейнетақы
Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күні;
Заңның 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында
көзделген жағдайлар туындаған
кезде – мерзімсіз бірінші
немесе екінші топтағы
Заңның 23-бабы 1-тармағының 4)
тармақшасында көзделген
Заңның 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында
көзделген жағдайлар туындаған
кезде – Қазақстан
Информация о работе Зейнетақы жинақтары сақталу кепілдіктері