Зейнеткер мәселелері және оларды шешу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:19, статья

Описание

Қазақстан Республикасы өзінің қалыптасу сатысында зейнетақы тағайындау мен төлеудің толық бірдейлігіне негізделген Кеңес Одағынан қалған зейнетақы жүйесін пайдаланып келді. Осы жүйеде
зейнетақының мөлшері жалақының 50%-ымен белгіленді жəне ол соңғы он жыл істеген жұмысқа сүйену арқылы бес жыл қатарынан есептелетін жұмыс өтілі мен жалақының көлеміне байланысты болды. Зейнетке шығатын жас өзге елдермен салыстырғанда біршама жеңілдікті еді. Мəселен, əйелдер 58 жасқа 20жыл еңбек стажы бар, ал еркектер 63 жасқа толған 25 жыл еңбек стажы бар зейнетке шығуға құқылы болса, ал бірқатар саладағылар (əскери қызметкерлер,көп балалы аналар, Семей полигоны, экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдар мен зиянды өндірістерде жəне еңбектің қауіпті жағдайларында
жұмыс істейтіндер жəне т.с.с.) одан да ерте шығатын еді.Зейнетақының сатып алу қабілетіне зейнеткерлердің əл-ауқаты, өмір сүру ұзақтығы мен тұрмыс сапасы тікелей байланысты.