Жастар арасындағы девиациялық мінез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 15:05, реферат

Описание

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептерін мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер "құқық бұзушы" деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар "құқық бұзушыны" девианттты (ауытқыған) не делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
Девианттты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде "норма" ұғымы енеді. Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда мораль мен этикетте және т.б. жатыр.

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------------3

I Тарау Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық
1.1 Девиация түсінігі -------------------------------------------------------------------------4
1.2 Девианттық іс-әрекеттің негізгі формалары: қылмыскерлік, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік---------------------------------------------------------------------9

II Тарау Девианттық мінез-құлық
2.1 Девияцияның басты себебі------------------------------------------------------------17
2.2 Девианттық мінез-құлықтың зерттеудің негізгі бағыттары -------------------21

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------26

Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------------------------------------28

Работа состоит из  1 файл

Жастар арасындағы девиациялық мінез.docx

— 12.77 Кб (Скачать документ)

Жастар  арасындағы девиациялық мінез-құлық [ 25 бет ]

Жоспар

Мазмұны 
 
Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------------3 
 
I Тарау Жастар арасындағы девиациялық мінез-құлық 
1.1 Девиация түсінігі -------------------------------------------------------------------------4 
1.2 Девианттық іс-әрекеттің негізгі формалары: қылмыскерлік, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік---------------------------------------------------------------------9 
 
II Тарау Девианттық мінез-құлық 
2.1 Девияцияның басты себебі------------------------------------------------------------17 
2.2 Девианттық мінез-құлықтың зерттеудің негізгі бағыттары -------------------21 
 
Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------26 
 
Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------------------------------------28

 

Кіріспе

Кіріспе 
 
Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез-құлығының себептерін мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер "құқық бұзушы" деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар "құқық бұзушыны" девианттты (ауытқыған) не делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. 
Девианттты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде "норма" ұғымы енеді. Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда мораль мен этикетте және т.б. жатыр.  
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік және т.б.) байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және әрекетке қатысушылардың өзара арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі). Сондықтан девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын мағынада алып қарастырады.  
Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық деп есептелмейтін ауытқулар ретінде түсініледі.  
Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру – девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез-құлық деген атқа ие болды. Бұл екі мәнде социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады[1].


Информация о работе Жастар арасындағы девиациялық мінез