Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 19:10, статья

Описание

Жастар – қоғам дамуының маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгілегендей «Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде – халқымыздың санасы туралы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның ішінде болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды Жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз.

Работа состоит из  1 файл

КОСТАНОВА С.С. Жумыспен камту кенистигиндеги мемлекеттик жастар саясатынын теориялык негиздери.doc

— 54.00 Кб (Скачать документ)

   Костанова Самал Саирановна

   Кокшетауский  государственный университет имени  Ш. Уалиханова, г.Кокшетау

   Жұмыспен  қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының  теориялық  негіздері 

   Жастар  – қоғам дамуының  маңызды  бөлігіне жатады. Ел Президентінің  Қазақстан халқына  Жолдауында  белгілегендей «Біздің басты оң игіліктеріміздің  ішінде – халқымыздың  санасы туралы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі  жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның  ішінде  болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай  баға жетпес  капиталды Жан-жақты дамытуға  және оның  дамуы үшін  барған сайын жаңа әрі неғұрлым  өркениетті  жағдай туғызуға тиіспіз. [1]

   Жастар  қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте  және рухани құндылықта маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған қатысу деңгейі қоғам мен мемлекеттің тікелей іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік  жұмыс туралы сөз қозғап отырмыз.

   Мемлекеттік жастар саясаты қоғам ресурстарының  стратегиялық дамуының  маңызды  бағыты ретінде қаралады. Жастар халықтың қоғамның белсенді бөлігіне жатады, және болашақта маңызды потенциалы бар,  сондықтан мемлекеттің қалыптасуында  жастардың орны мен рөлін бағаламауға жол бермеу керек. Жастар өте белсенді, білімді, физикалық және кәсіби дайын, мобильді, ғылыми-техникалық  прцесті жылдам меңгеретін, нарық экономикасының талаптарына,  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  тез  бейімделе алатын топ. Алайда қазіргі  кезеңде жастар мүмкіншіліктеріне қарамастан сай  келмейтін орынды  алады. Нарықтық экономикаға көшу мәселені ушықтырып, жастарды еңбек нарығынан шығарып тастап, жұмыссыздар қатарына  қосты. Жастар нарықтық қатынастарда жаппай  қысқартуға жақын болғандықтан, қазіргі уақытта  жастар арасындағы  жұмыссыздық деңгейінің  пайызы өте жоғары. Сондықтан  еңбек нарығындағы  жастарға аса назар аударып, жас жұмыссыздардың негізгі ерекшеліктеріне назар аудару қажет.

   Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты  Заңының мақсаты  жастардың рухани, мәдени,  кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау,  бүкіл қоғам үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу болып табылса, міндеттерінің біріне жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.[2]

   «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына» жастардың  еңбек және жұмыспен қамту  саласына  кепілдік беру, сонымен қоса жастар жүзеге  асыратын кәсіпкерлік  қызметті қолдау жатыр. Құрылымдық экономикада  еңбек пен жұмысбастылыққа құқық беретін, экономикалық  дербестікті  қамтамасыз ететін арнайы шаралар қажет: еңбекпен қамту  қызметін ұйымдастыру, жастар еңбегін қолдануда  қызығушылықты жоғарылату үшін кәсіпорын мен  мекемелерге  салықтық жәрдемақыларды қолдануға  мүмкіншілік беру, кадрларды қайта даярлау жүйесін жасау.

   Әлеуметтік  саясаттың  бір бөлігіне тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету жатады. Халықты еңбекпен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік саясаттың бағыты  лайықты жұмыс орнында қызмет ету мүмкіндіктерін  кеңейту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту барысында ықпал жасау, келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік  жұмыс орындарын құру,  квалификация мен қайта даярлауды жоғарылату, қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік қызметіне  ашуда мүмкіндік  беруге материалдық  көмек көрсету.

   Бүгінгі күнде көптеген бағдарламалар бар, мысалы, «Жастар тәжірибесі», «Вакансия  жәрмеңкесі», «Жол картасы», «Дипломмен ауылға»  және т.б.  Жасөспірімдерді  жұмысқа орналастыру оларға еңбек  дағдысын  меңгеруге, қалта шығынына ақша табуға және еңбек мотивациясын меңгеруге мүмкіндік береді.

   1999ж.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  жастар саясаты» атты Тұжырымдамасы  қабылданып өңделді, 2004 ж. «Қазақстан  жастары – 2009» атты бағдарлама  қабылданды. 2005 ж. 1 қаңтарынан бастап 2004ж. 7 шілдесінде №581 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы күшіне енді. Мемлекетімізде жасалып жатқан  барлық шаралар, бағдарламалар басымен  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.

   Жұмыссыз  азаматтарға келесідей кепілдіктер  беріледі:

      - еңбекпен қамту  облысындағы кепілдіктер;

      - әлеуметтік қолдау облысындағы кепілдіктер.

   Жұмыссыздарды еңбекпен қамту кеңістігінде мемлекет келесідей кепілдіктер береді:

   - тегін кәсіби бағдарлау, кәсіби даярлау, еңбекпен қамту органдарының  бағыттауы бойынша  квалификацияны  жоғарылату және қайта даярлау; әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

   - егер еңбекпен қамту органының  ұсынуы бойынша басқа жерге  жұмысқа (оқуға) бағытталса, онда  Қазақстан Республикасының  материалдық шығындар заңдылығына сәйкес компенсация беру;

   - жұмысқа алу немесе оқуға бағыттау  кезінде тегін медициналық куәландыру  азаматтардың жасерекшелік және  басқа да ерекшеліктерін ескере  отырып, төленетін қоғамдық жұмыстарға  қатысу үшін жедел еңбек шартын (контракт) құруға мүмкіндік беру.

   Мемлекеттік жастар саясаты – бұл мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға  бағытталған әлеуметтік-экономикалық,  саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.

   Мемлекеттік саясат – жастардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру және дербес өмірге жетістікпен енуге бағытталған басқару органының  атқарушы және заңдылық қызметінің спецификалық бағыты. Мемлекеттік жастар саясаты – мемлекеттің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің  жалпы мәселесі болып табылады.

   Дәстүрлі  әлеуметтік саясаттан мемлекеттік  жастар саясатының  айырмашылығы, жастар саясаты тек компенсациялық механизмдерді  өңдеуге бағытталмаған. Оның мазмұнына  жастардың еңбек және шығармашылық потенциялын көрсететін белсенді инновациялық және өндірістік аспектілер енеді. Бұл мемлекеттік жастар саясатының қоғамның стратегиялық даму ресурсының маңызды бағыты ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

   Қоғамдық  қалыптасудың тереңдігі жастардың  әлеуметтенуіне,  жас ұрпақтың барлық өмір жағдайының процесіне  әсер етті. Жастардың дәстүрлі мәселелерін шешу мазмұны мен әдісі өзгерді.  Мемлекеттік жастар саясатының  объектісіне 14 пен 30 жас аралығындағы жастар, жас отбасы мен жастар бірлестіктері жатады. Бұл саясаттың субьектісіне  мемлекеттік органдар және оның қызметкерлері, жастар бірлестіктері мен ассоциациялары, сонымен қатар жас азаматтардың өздері жатады.

   Мемлекеттік жастар саясатының  принциптері:

      - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда  тұлға құқықтарының,  қоғамдық қызығушылықтардың және мемлекеттің бірігуі;

      - жастарға арналған бағдарламалар мен саясаттың қалыптасуында  жастарды қатысуға тарту;

      - жас азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;

      - жас адамға рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен  дене тәрбиесін дамыту, жұмысқа орналасу  үшін минималды мемлекеттік  кепілдеме беру.

   Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты:

      - жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және физикалық дамуына ықпал ету;

      - жасерекшелік шегі бойныша жастарды дискриминациялауға жол бермеу;

      - қоғамның мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне жастардың  толық қатысуына жағдай жасау;

      - қоғамның және жастардың өздерінің қызығушылық потенциалын  инновациялық жүзеге асыру.

   Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясатының жұмыссыздыққа байланысты шаралар тізімінің негізгі бағыттары:

        1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

        2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы  кепілдіктерді қамтамасыз ету;

        3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;

        жас отбасын мемлекеттік қолдау;

        4) жастардың тегін орта білім алуына  кеңес беру құқығын  іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

        5) әлеуметтік қолдауға мұқтаж  жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;

        6) жастар саясатын жүзеге асыру  жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен  ынтымақтастығы. [4]

   Жастарға  арналған әлеуметтік қызмет орындары  мемлекеттік бюджет тарапынан және ҚР-ның басқа да  тыйым салынбаған заңдылықтарымен қаржыланады.

   Жастардың басым бөлігінде басты мақсаты бар, бұл жастардың бір нәрсеге қол жеткіземіз деген ниеті бар деген сөз.  Жастар нені қаласа соған қол жеткізе алатын ерекше әлеуметтік топ.  Жалпы  мемлекеттік жастар саясатының  жастардың өзекті мәселелерін  шешуге, жастардың белсенділігін жоғарылатуға, оларды жұмыспен қамтуға, жастардың азаматтық жағдайын  күшейтуге  әбден мүмкіндігі бар.  
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
 

   1.  Ел Президентінің Қазақстан Халқына  Жолдауы  «Қазақстан – 2030»

   2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылдың 7 шілдедегі №518-11 Қазастан Республикасының Заңы 1)  I тарау, 1 бап, 2 тармақ; 2) I тарау, 3 бап, 1-2 тармақтар

   3. Распоряжение Президента РК от 28 августа 1999 года №73 «О концепции  государственной молодежной политики РК»

   4.  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты туралы» ҚР 2004ж. 7 шілдедегі № 581 Заңы 

      5. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 2004ж. 11 қазан №1459 Жарлық 
 

Информация о работе Жұмыспен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік жастар саясатының теориялық негіздері