Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 11:20, доклад

Описание

Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. [Дала уалаяты газеті]]нің 1896-жылғы 27-санында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеясын қолдаған сауатты азамат А.Құрмамбаевтың “Қазақ тілі турасынан” деген мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың жазба тілі ноғай (татар) сөздерімен “шұбарланып барады” деп қауіп айтады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары.docx

— 14.18 Кб (Скачать документ)

Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары (графика, алфавит, әліпби) мен орфографиясы (емле) проблемасы ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап баспасөз бетінде көтеріліп, әлеумет назарына іліне бастады. [Дала уалаяты газеті]]нің 1896-жылғы 27-санында Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық идеясын қолдаған сауатты азамат А.Құрмамбаевтың “Қазақ тілі турасынан” деген мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың жазба тілі ноғай (татар) сөздерімен “шұбарланып барады” деп қауіп айтады. Бұл қазақ тілінің сөздік қазынасы жайындағы алғаш көтерілген мәселе болса, әрі қарай ұлттық (“қазаққа керек”) жазу-графика, орфография, пунктуация мәселелері де әңгіме бола бастайды. “Дала уалаяты газетінің” (әрі қарай ДУГ) 1896 жылғы 31-32 – сандарында жарияланған ағартушы Д.Сұлтанғазиннің “Қазақ тілінше жазу туралы” деген көлемді мақаласында қазақ тіліне шеттен келген сөздер жайында айта келіп, «көп заманнан бері қазақ тілінде жүріп, бұзылған себебінен (автор бұл кезде «бұзылған» деп фонетикалық тұрпаты қазақ тіліне икемделіп өзгерген құбылысты айтып отыр) араб, парсы сөздерін қазақтың сөйлеуі бойынша жазу жарайды» - деп орфографияға қатысты ең алғашқы пікірлердің бірін айтады. Бұл принципті қазақ емлесі күні бүгінге дейін танып келеді. Ал орыс тілінен еніп жатқан сөздерге келгенде, Д.Сұлтанғазин өзгеше принципті ұсынады. Алдымен, ол қазақ тіліне араб, парсы сөздерін көптеп қабылдай бергенді қостамайды да, орыс тілінен сөз алуға назар аудару керек дейді. Олардың емлесі жайында да пікір айтады. Орыс сөздерін екі топқа бөледі, ертеде еніп, қазақша тұлғаланып кеткендерді сол қалпында жазу дұрыс дейді. Ал жазу арқылы келген сөздерді араб жазуының мүмкіндігінше орысша тұлғасын сақтап жазуды қостайды: «орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсастырып жазуға тырысу керек». Сондықтан жандарал, жанарал деп жүрген сөздерді генерал деп жазу керек дейді. Газет осы тәртіпті ұстанған. Біздің бүгінгі емлемізде талас тудырып келе жатқан мәселенің бірі жазба арқылы келген орыс сөздерінің орысша орфограммасын сақтап жазу немесе қазақша «сындырып» айтылуынша жазу дилеммасы басын ХІХ ғасырдан алады екен. Біз қазір «Сұлтанғазинше» жазып жүрген сияқтымыз.

 

ХІХ ғасырдың соңғы онжылдығында қазақ мәдениеті үшін алфавит таңбаларының тіл табиғатына үйлесімді, қолайлы болуы жөніндегі мәселе жиірек сөз болды. ДУГ-та Д.Сұлтанғазиннен басқа Р.Дүйсенбаев, О.Әлжанов, И.Бисенұлы сияқты сауатты, білімді, ағартушы авторлар да тіл, графика, емле жайында пікірлерін білдіріп отырды. Д.Сұлтанғазин аталған газеттің 1899 жылғы 23-нөмірінде «Қазақ сөзін қалайша жазу турасы» деген мақаласында қазақ әліпбиі жөнінде сөз қозғап, христиан миссионерлері ұсынған «орыс» жазуы мен араб жазуының қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне қайсысы қолайлырақ дегенді талдайды. Бірақ араб әліпбиін былайша реформалау керек деген сияқты нақты ұсыныстар айтпайды. Тіл (қазақ тілі) жайында жазылған мақалалардың көпшілігінде араб әліпбиінің қазақ тілі үшін жарамсыз, оны толықтыру не жаңа алфавит жасау қажет дейді [1]. Араб алфавитінің қазақ тіліне үйлесімсіздігін Д.Сұлтанғазин де, О.Әлжановтар да айтады. Демек, араб графикасын реформалау идеясы ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында әлеумет назарына ұсынылса да, оның жүзеге асырылуы ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылының үлесіне тигені белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды.


Информация о работе Қазақ тіліне қызмет ететін жазу таңбалары