Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 13:50, курсовая работа

Описание

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан қүрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын де-мократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономика-лық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні........................7
1.2 Бейдағдарыстық басқаруды ұйымдастыруды концептуальды тұрғыдан қарастыру.................................................................................................................. 20
1.3 Бейдағдарыстық менеджмент: басқару құралдары мен әдістері......................27

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
2.1 Дағдарыс жағдайьндағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері........................................................................................................................34
Бейдағдарыстық басқарудағы мемлекеттің рөлі..............................................39
2.3 Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің түрлері..................................43

3 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР
3.1 Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы.........................................................52
3.2 "Тас-Құм" АҚ сипаттама және қаржылық-экономикалық жағдайын талдау..........................................................................................................................58
Бейдағдарыстық бақылау тиімділігі.................................................................74

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................84
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............

Работа состоит из  1 файл

Касипорыннын дагдарыска карсы саясаты_ДР.docx

— 189.77 Кб (Скачать документ)

Жартылай  дағдарыстың аралылықтан айырмашылығы, ол барлық эконо-миканы қамтымай, тек қоғамдық ұдайы өндірістің бірін ғана қамтиды. Бұған мысал ретінде 1932 жылы Германиядағы банк дағдарысын келтіруге болады.

Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір  саласын ғана қамтиды. Бұған әртүрлі себептер түрткі болуы мүмкін. Олардың ішінде: сала дамуының үйлеспеуі, кұрылымдық қайта қүрылулар артық өндіріс. Бұндай дағдарыстар ұлттық және халықаралық болады. Соңғысына 1958-1962 ж.ж. әлемдік кеме қатынасы дағдарысы және 1977 тоқыма өнеркәсібіндегі дағдарыс [22].

Құрылымдық дағдарыс қоғамдық өндірістің пропорционалды заңының бұзылуы болып табылады. Бүл сала аралық диспропорцияда көрініс табады, біржағынан және айрықша түрдегі натуралды түрде дамуды реттеуге бағытталған өнімді шығару. 1977 жылдары батыс экономикасын энергетика-лық, шикізат және азық-түлік дағдарыстары жансыздандырды.

Кезекті кезеңді дағдарыс басталар алдында, өндіріс жоғары деңгейге жетіп оның соңы артық өндіріске әкелетіні  белгілі. Бұл кезде өнімді өткізу мүмкін сияқты болып, банктер өнеркәсіпті және сауданы несиелендіріп, өндірісті кеңейтіп және үсынысты көбейтуде. Өзіңіз елестетіп көріңізші, ав-тострада да көпір жарылып алдыңғы машиналар тоқтап қалады, бірақ арт-тағы көліктер алға жылжи береді, жылжи береді, қозғалыс қауіпсіздік қызметі жолды бөгемегенше «тығын» үзарған сайын, оны тарату қиынға соғады.

 

1.2. Бейдағдарыстық басқаруды үйымдастыруды, концептуалды

түрғыдан  қарастыру

Өндірістік - экономикалық іс-әрекетті басқару  теориясында дағдарысқа қарсы басқару  проблематикасы басты бағыттардың  біріне айналуда. Барлық деңгейдегі щаруашылықтағы ұдайы өндіріс процестерінің қиындауының объективті тенденциялары – жекелей кәсіпорыннан бастап глобалды экономикаға      дейін      тәжірибелі      түрде      дағдарысқа      қарсы басқаруды үйымдастыруға  бағытталған ғылыми-әдістемелік     жобалардың қажеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар бүгінгі күнгі экономикалық әдебиеттердің дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын талдай отырып, дағдарысты басқарудың теоретика-методологиялық базистері әліде қалыптасу стадиясында екенін көрсетеді. Сондықтан да, қазіргі күнгі кон-цептуалды түрғыдан қарастыру, қалыптасқан дағдарысты басқару теориясына бәскелес ретінде айтуға болады.

Проактивті және реактивті дағдарысқа қарсы басқару проблематикасын салыстырып қарау, соңғы уақытқа дейін дағдарысқа қарсы менеджменттің басты сүрақтарына кірмеді [23]. Әзірге «проактивті дағдарысқа қарсы басқару» термині кең қолданыс тапқан жоқ, және жекелей ғалымдар әртүрлі түсіндіріп жүр.

Бірақ, қарама-қайшы  қарастыру көздерін, біржағынан дағдарысты болдырмаудың, екінші жағынан, қандай да бір дағдарыс құбылыстарының нақты да стратегиясына қарағанда, тактикасын, менеджмент теориясындағы классиктер еңбегінен көруге болады. Бірақта, үзақ уақыт бойы менеджмент теориясында дағдарысқа қарсы басқару, басым бағыттар қатарына кірген жоқ, сондықтан да реактивті және проактивті әдістерді салыстыру жалпы сипатта болып, екі мүлдем басқа методологиялық түрғыдан келгендегі, жағымды және жағымсыз жақтарын кешенді зерттеу өз формасын тапқан жоқ.

Менеджмент  теориясы әдебиеттерінде дағдарыстармен күресте проак-тивті әдісті енгізуді қолдайтын пікірлерді кездестіруге болады, бірақ олар ортақ мақсатты үстанып, дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісінің басым бағыттарын жүйелі қолдануды үсынбайды. Мысалы, жиі кездесетін мынадай пікірлер: «Дағдарысқа қарсы іс-әрекеттер мақсатының алғы шарты болып, жай ғана қиыншылықтарды масштабты дағдарыстарға айналдырмау» [24]. Мұндай нақты мысалдар сияқты сөздер көптеп кездесіп, бірақ жүйелі әдістемелі түрде дәлелденбеген.

Біздің  ойымызша, проактивті дағдарысқа қарсы  басқаруда объективті, теңестірілген  түрғыдан қарастыру кезінде оның дағдарыспен күрес кезіндегі  басым бағыттарны ғана емес, сонымен  қатар кемшіліктерін еске-ре кеткен жөн. Дағдарыс қүбылыстарын басқаруда проактивті әдісті таза түрде қолдану, біржақты шектелген. Әрине, алдын-ала сәйкестендірілмеген, аз белгілі құбылыстар қандай да бір дағдарысқа қарсы әдістерге қиындық туғызады. Мысалға, 70 жылдары дамыған елдерде пайда болған «стагфляция» феномені мүлде күтпеген жағдай болып, және сол кездегі макроэкономикалық әдістерге жат қүбылыс болды. Бүндай дағдарыс қүбылыстарымен күресте қажетінше реактивті әдістерді қолдануға болады, бүл мысалда көрсетілгендей біраз уақыт кезеңінен кейін нәтижесін береді.

Дағдарысқа  қарсы басқарудың проактивті әдісінің шектелуінің бірі, на-рықтық шаруашылық жүйесіндегі әлеуметтік экономикалық процестердің жоғарғы динамикасы болып  табылады, ол екі немесе одан да көп  жағымсыз процестерге әкеледі, және үлкен дағдарыс потенциалына ие ку-мулятивті  эффекті қалыптастырады. Бұған нақты мысал ретінде ТМД ел-деріндегі қоғамдық дағдарысты келтіруге болады, ол бір уақытта бір-бірін күшейткен бірнеше дағдарыс қүбылыстары, жиынтығында терең және үзақ дағдарысты туғызды. Бұл мысалда дағдарыс жағдайының өрши дамуына байланысты проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды қолдану мүлде мүмкін   болмады.

Дағдарыс  құбылыстарымен күресте реактивті және проактивті әдістерінің басым бағыттары мен кемшіліктерін жүйелі түрде қарастыру экономикалық басқару жүйесіндегі барлық негізгі бөліктерде салыстыруға мүмкіндік береді. Біздің саналы түрдегі реактивті және проактивті әдістердің қарсы қойылып салыстырылуы, дағдарысқа қарсы басқаруда әржақтың артықшылығы мен кемшілігін айқынырақ ажырату болып табылады. Тәжірибе кезінде, реактивті және проактивті де әдістері дағдарыс қүбылыстарымен күресте, түйықталып қолданылмайды [25]. Сонымен бірге, реактивті дағдарысқа қарсы басқаруды, дағдарыс жағдайында қарама-қайшы іс-әрекет үйым ретінде, бүнда болып жатқан дағдарыс қүбылыстарына әсер ететін стратегияға ие. Бүл ойды тарқата айтқанда, реактивті әдісі, макроэкономикалық деңгейде де, және иерархияның жоғары деңгейінде де кең тараған. Макроэкономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің бүкіл тарихы реактивті түрғыдан келудің жоғары тұрғанын көрсетті.

Қазіргі күнгі баяу қүбылыс болып, әлемдік  энергетикалық дағдарысты ай-туға болады. Халықаралық деңгейдегі бірыңғай тиімді және экологиялық таза энергетика технологиясын қүру орнына, кейбір дамыған елдер энерго үнемдеу бағдарламасын жасауымен шектеледі, тек қарапайым шешімдер қабылдап, мысалы салық төлемін тез көтеру, энерго тасымалдаушылардың барлық түріне акциздік төлемдерді қосқанда. Ең біріншіден мүнай сілкінісінен кейінгі 30 жылда дамыған елдер энерго түтыну қүрылымы аз-дап өзгерді. Бірақ батыс европа елдеріндегі отын түрлерінің бірқатарына бекітілген жоғары 60-70 % бөлшек саудада алынатын жоғары салық мөлшері де тиімділік бермейді.

Микроэкономиалық  деңгейдегі компаниялар мен коорпациялар арасын-дағы қатынастағы дағдарысқа қарсы басқару әдістерінде айырмашылық  көп емес. Шағын және орта биснез өкілдері дағдарысқа қарсы мененджменттің реактивті әдісін үсынады. Жоғары бәсекелестік саладағы кіші кәсіпорындар дағдарысқа қарсы  шараларды  жүргізуде  максималды  экономдауға тырысады, сондықтан да кішігірім компаниялардың тоқырауға үшырауы, дағдарыс құбылыстарынан сақтанудың қарапайым шараларын жоққа шығаруы, заңды құбылыс. Ірі масштабтағы бизнес шеңберіндегілер дағдарысқа қарсы ме-неджментті үйымдастыруға аса жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар ірі компаниялардың басым бөлігі (кіші бизнестегілер секілді) дағдарысқа қарсы басқарудың реактивті әдісін қолданады [26]. Бұл бизестің ортақ идеоло-гиясына сәйкес, қысқа және орта мерзімді мақсаттарға бағыттапған, ең ал-дымен ағымдық пайданы жоғары деңгейде үстап тұру. Бұл позициядан қарағанда, дағдарысқа қарсы шаралар шығындары, өнділірген өнімнің өзіндік қүнын көтеру элементі ретінде қарастырады, немесе табыстылықты төмендету, немесе сату көлемін қысқарту. Бұл контексте ірі коорпарациялардың негізгі бөлігі, құрылымдық бөлІмшелерді аз қүрып, олар тікелей дағдарысқа қарсы шараларды жүргізумен айналысады. Ірі компанияларда мененджмент функциясы ішінен, дағдарысқа қарсы басқару басым бағыттар қатарына жатпайды. Бүндай қатынас қапдық соммамен дағдарысқа қарсы қүрылымдық бөлімшелерін қаржыландыруда дағдарысқа қарсы менеджменттің жеңілдетілген әдістерінің формалары мен процедура-ларын қолданғанда, дағдарысқа қарсы бөлімшелерге персонал таңдауда та-лаптардың төмен болуы көрініс табады.

Ірі компаниялардағы  басқару функцияларының жоғары бөлшектенуі ме-неджмент функциясының әрқайсысын сапалы үйымдастыруға объективті жағдай туғызады, және дағдарысқа қарсы басқару да тізімде бар [27]. Сондықтан да ірі компанияларда, әсіресе нарықта өзіндік орны барлар, дағдарысқа қарсы менеджменттің жеңілдетілген әдісінен бас тартады. Бүндай корпорацияларда дағдарысқа қарсы басқарудың таза реактивті әдісінен бас тартып, одан гөрі дағдарыс жағдайларын ескертуге көп көңіл бөледі.

Дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті концепциясын жасағанда тікелей дағдарыс қүбылыстарын аз болжануын ескеріліп, онымен күресте реактивті әдісті қолданған жөн. Жекелеген жағдайда стратегиялық сұрақтарды шешу кезінде мақсатты түрде дағдарыс жағдайының толысу тактикасын таңдау қажет. Мысалға, макродеңгейде басқаруда үкімет белгілі бір ұзілісте, ха-лыққа білгісіз шараларды жүргізер алдында ұстап тұра алады (салықтың көтерілуі, түтыну тауарларының импортына шектеу қойлғанда және т.б.).

Біздің ойымызша, дағдарысқа қарсы  проактивті басқаруды кешенді түрде, әртүрлі кең әдіс жиынтығын колданатын, бастысы, басқару моделі мәнінің  қалуы, ал оның ішінде: дағдарыс қүбылыстарының қарама-қайшы күшті іс-әрекетінің максималды мүмкін болатын ескертулер мен алдын-алуларды пайдалану және болып жаткан дағдарыс қүбылыстарымен белсе-не күресу.

Көп жағдайда, әсіресе микроэкономикалық  деңгейде, дағдарыс жағдайларын алдын-алудың қосымша шығындырын рационалды деп  мойын-дауға  болады.   Әрине,  дағдарыс  құбылыстарын  жоюда  проактивті  жүйені енгізуде шығындарды толық салыстыру қажет, мүмкін болатын табиғи апаттардан, әртүрлі технологиялық ақаулардан және авариялардан, бәсекелестік басымдылықтан айырылу және басқа да көптеген дағдарыстар. Жекелей компаниялар мен ұлттық экономиканың өдірістік-экономикалық қызметінің орнықтылығын жоғарлатуды дағдарысқа қарсы басқарудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Осыған ұқсас мысалды ұлттық экономикалық катынастардан келтіруге болады, өндірісті диверсификациялауды жүргізудің өзі прогрессивті процесс болып табылады, қосымша еңбек ресурстарын жүмылдыруға, өндіріс қуатын арттыру, шикізат ресурстары және тағы басқа мүмкіндіктерді бе-реді. Ұлттык экономиканың дағдарысқа карсы потенциалын дағдарыс құбылыстарьша тәуелділігін азайту арқылы көтеруге болады, яғни әлемдік нарықтар конъюктурасьшдағы шикізат пен алгашқы знерготасмалдауыш-тарға өзгерістердің жағымсыздығымен байланысты.

Біз ұсынған конңептуалды 6-шы суретте проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды үйымдастырудағы әлеуметтік-экономикалық дамудың орнықты концепциясы мен дағдарысқа қарсы басқарудың проактивті әдісін, сыртқы экономикалық ортаның жағымсыз әсері қайшылықтарынан қорғаудың ке-шенді идеологиялық бүтіндігінің органикалық бөлігі ретінде өзара байла-нысы суреттелген [28].

Дағдарысқа  қарсы басқарудың бүтіндігі барлық басқару бөлімшелерінің өзара іс-әрекетінің дәлдігімен, (немесе макродеңгейде  мемлекеттік реттеу ор-гандары) дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасын  жасаудан және іске асы-руда көрініс  табады. Соңғы пункт болып дағдарысқа қарсы басқарудың ғылыми-әдістемелік базасын жасау болып табылады.  Біздің қөзқарас бойын-ша, дағдарысқа қарсы басқару проактивті әдісінің стратегиялық мақсаты, орнықты даму теориясы болып табылады, оның мәні дағдарыс құбылыстарын көре білу мен мүмкіндіктерінде көрініс табады, дағдарыс жағдайларына белсенді қайшы тұру, бірінші кезекте, профилактикалық және ескертпелі формаларын және әдістерін қолдану, ал мүмкіндігінше -кейбір дағдарыстардың пайда болу себептерін түп орнымен жою.

Дағдарысқа қарсы проактивті әдісті қолдану жағдайды толықтай шеш-пейді, бірақ жоғары табысты өндірістік - коммерциялық қызметте ішкі себеп-терден туындайтын мүмкіндіктерді пайдалануға  қатаң шектеулер орнатады,

егер жоғары табыс табу коммерциялық және өзге тәуелділіктермен тура бай-ланыста  болса. Әрине, басқа да әдістер болуы мұмкін (венчурлық опера-цияларды жүргізу), бірақ бүл мүқият дәлелденген бірыңғай шаралар болуы керек, әрине олар, үзақ мерзімді орнықты даму стратегиясының жалпы мәнін жоғалтпауы керек.

 

6-сурет, – Проактивті дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастырудың концептуалды сызбасы

 

 

1.3 Бейдағдарыстық менеджмент: бейдағдарыстық басқару құралдары мен әдістері

Бейдағдарыстық менеджмент батысеуропалық экономистермен "негізгі мәселе дағдарыстан шығу болатын, кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайды жою үшін қажет қызмет" ретінде анықталады. Бүл қызмет "кәсіпорынның қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайдан шығу үшін қажетті әдістер мен тәсілдердің кәсіпорында қолданылуының интенсивтілігін арттырумен" сипатталады. Сонымен бірге, Хаберландтың ойынша, қатаң және жылдам шешім іс-шараларды жүргізумен бір уақытта байланысты қысқа мерзімді мәселерге бүкіл назар аударылады. Кейбір дағдарыстардың босатушы және ең сипатын бөліп көрсеткісі келген авторлар, дағдарысқа қарсы менеджментте керісінше, "жақындап келе жатқан үзілмелі пункт (дағдарыс) жайлы мәлімдеуге және дамудың жаңа бағытын әзірлеуге жол беретін" құралдарды кұру ретінде анықтайды [29].

Мақсатты  қоюмен қатар, дағдарысқа қарсы менеджмент ұғымы өзіне уақытша сипаттамаларды да қосады. Біріншіден, бұл анықтаманы дағдарыс кезінде дағдарыстық үрдістің әлсіреуіне, өтілуіне әкелетін іс-шараларды әзірлеу мен жүргізу жөніндегі барлық мәселелер бар, бүны Копптың ойынша тар мағынада дағдарысқа қарсы менеджмент сияқты сипаттау қажет, және екіншіден, бүдан тағы дағдарыстың алдын-алуды және терапиясын қосу қажет, сонда бұл кең мағынадағы дағдарысқа қарсы менеджмент үғымы болады. Ұқсас анықтаманы Янике де берді, бұнда ол "жылдам       дағдарысқа   қарсы   менеджмент   ретіндегі   қатаң   дағдарыс шеңберіндегі   әрекеттер   мен   басшылық   міндеттері"   және   "превентивті (ескертуші) дағдарысқа қарсы менеджмент" немесе "антиципативті (озық) дағдарысқа қарсы менеджмент" сияқты дағдарыстардың алдын-алу мақсатын анықтайды [30].

Бұл жұмыста "бейдағдарыстық менеджмент" үғымы ең кең мағынада қарастырылады және уақытша шектеулер жөніңдегі, мақсат қою жөніндегі және міндеттер саласындағы сипаттаманы да есепке алады, сондықтан, "дағдарысқа қарсы менеджмент" кәсіпорында базисті айнымалы шамаларды сақтау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүргізу ретінде анықтауға болады.

Информация о работе Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы