Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2011 в 07:56, доклад
Ғылым саласына байланысты мынандай қажеттіліктер қалыптасты, яғни ұлттық ғылым деген сөз казір жоқ, тек халықаралық ғылым бар деген сөздер қалған.
Қазіргі таңда ғылым түбегейлі өзгерістерге төтеп беріп жүр. Сонымен қатар, ғылым дәстүрлі түсіністікпен қарағанда жойылып барады, оның орнын жаңа технологиямен негізделген нақты зерттеулер ағыны басады.
Мажирова А.М.
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы
Ғылымды өзгертетін технологиялар
Ғылым саласына байланысты мынандай қажеттіліктер қалыптасты, яғни ұлттық ғылым деген сөз казір жоқ, тек халықаралық ғылым бар деген сөздер қалған.
Қазіргі таңда ғылым түбегейлі өзгерістерге төтеп беріп жүр. Сонымен қатар, ғылым дәстүрлі түсіністікпен қарағанда жойылып барады, оның орнын жаңа технологиямен негізделген нақты зерттеулер ағыны басады. Сонымен қатар, соңғы он жылдықта болған фундаменттік өзгеріс, өзекті мәселелерді шешуге бағдарланған зерттеулер жүргізетін озат технологиялар жиынтығына айналатын ғылым болып қалады. Осыған орай, соңғы он жылдықта ақпараттық кеңістікте дәстүрлі ғылым бетін өзгертетін әр түрлі технологиялар мен өзгерістер байқалып келеді.
1. Ағылшын тілі жаңа замандағы семантикалық технология. Ғылымдағы ең басты өзгеріс, ол ғылымның ағылшын тіліне айналғаны. Оған әр түрлі көзқараспен қарауға болады: бұл дерек біреулерге ұнауы не ұнамауы мүмкін, бірақ сонда да ештенеге қарамай тәуелсіз дерек болып қала береді. Ал қазіргі таңда ғылым саласындағы жетістікке тек ағылшын тілін жақсы сөйлейтіндер және өз жұмыстарын осы тілде жазып шығаратындар жете алады. Тек ағылшын тіліндегі ақпараттық кеңістікте жүрген адам ғана ғылыми әлемге өзін ұсына алады. Тіпті қазіргі замандағы ғалымдар барлық жетістіктерін ағылшын тілінен басқа орыс немесе қытай тілінен жариялап, үш жерден данышпан болған жағдайда да, ол әлемдік ғылыми қоғамдастықтармен бағаланбайды. Бұл қаншалықты қатаң айтылғанмен, ағылшын тілін білмегендерге ғылым әлемінде жетістікке жету мүмкін емес.
Бұл деректің айғағы болып, келесіні тізіп айтуға болады. Мысалы, британдық Times Higher Education Supplement құрылған рейтингіне сәйкес, 2006 жылы ең үздік әлемдік жүз жоғары оқу орындарының ішінде АҚШ – тан 33 университет көрінеді, 15-і Ұлыбританиядан, 7 ден Австаралия мен Жаңа Зеландия, 3-і Канададан. Соңында жүзінің ішінде 65 жоғары оқу орны ғана ағылшын тілді елдерге жатады. Егер осы жерге ағылшын тілдегі ақпараттық кеңістікке бейімделген озат жоғары оқу орындарын алсақ, яғни Сингапурдағы ұлттық университет пен Токиядағы университет, онда бұл пайыз одан да көтерілетін еді. Бұл рейтингте М.В.Ломоносов атындағы Москвалық мемлекеттік университеті 93-і орынды ғана алып отыр, ал Ресейдің қалған жоғары оқу орындары «алтын жүздікке» кірген жоқ.
Осы жағдайды түсіне отырып, коптеген елдердің ғылыми құрылымдары ағылшын тілін жұмыс тілі ретінде қолданып келеді. Мысалы, коптеген голландық және австриялық институттар өздерінің барлық ғылыми әдебиеттерін ағылшын тілінде дайындап келеді, ал Жапонияда экономикалық журналдырдың көп мөлшері тек ғана ағылшын тілінде шығарылады. Ресейде академиялық ғылыми журналдырды орысша және ағылшын тілінде бірдей сақтау дөстүрі әлі жалғасып келеді.
Айтылған сөздер келесідей қорытынды шығарады: осы замандағы ғалым ғылыммен айналысу үшін, ол біріншіден семантикалық технологияны меңгеріп алу керек, яғни ағылшын тілін.
2. Интернет – сайттар жаңа заман ғылымының ақпараттық технологиясы. Ғылымға деген тағы бір көзқарас, ол басу құралына деген көзқарас. Егер, бұрынғы кезде барлық ғылыми инновациялар кітаптар мен журналдарда жабдықталған болса, онда казір олар электрондық кітпатар мен электорндық журналдарда сақталады, яғни Интернет-сайттарға сайкес орналастырылған. Осыған орай, жаңа мәдениет қалыптасқан, яғни жазылған мақалалар мен эсселер Интернет кеңістігіне еш бассылымсыз қағаз түрінде жарияланады. Ғалым үшін ең басты мәселе өз ойшылдық жекеменшігіне құқығын бекіту болып келеді.
Жаңа үрдіс негізінде не жатыр? Өйткені кітапқа немесе журналдарға басып шығару әлемдік электрондық жүйеге енгізуге қарағанда қиын әрі қымбатқа соғады. Бірақта ол мақалалар сыртқа жариялана ма алде жоқ па, оны тек анонимді рецензент-сарапшылар шешеді. Осыған байланысты ғылыми жұмыстарды арнайы интернет – сайттарға орналастыру өз ғылыми нәтижелерімен қоғамды ақпараттандырады. Осындай жағдайда зерттеуді күмәнсіз сарапшы біліктілігімен емес, ғылыми қоғамдастықпен бағаланады. Жаңа тенденцияны мойындайтын болсақ, қазақстандық журналдар өздерінің электрондық нұсқаларын паралельно электронды және қағаз түрінде тіркейді.
Айтылған үлгілерде жаңа технологиялардың салтанатты дәрежесі қарастырылады. Ол семантикалық (ағылшын тілі) және ақпараттық (интернет кеңістігі). Қазіргі таңда электрондық жүйелерді жиі қолданылуына еш таңғаларлық жоқ. Өйткені, американдық физик-тәжірибешілерінің қызметкерлері, яғни Б.Грин және онымен бірлескен авторлары өздерінің зерттеп біткен еңбектерін архив түрінде Интернет желісіне орналастырып, барлық әлемге жариялай алды. .
3. Жаңа ғылымның тұрақты технологиясы ретіндегі зерттеу қағидалары. Тағы бір қызық заңдылық, ол әйгілі ғылым өкілдерінің бірі көрнекті әкімшілік ортаның емес, керісінше қарапайым қатардағы ғалым болып келеді. Бұл жерде айтылған сөзге түсінгенім, сені ғылым табиғатында мойындауы үшін сенің жоғары лауазымда отыруын міндетті емес. Осыған бір үлгі келтіретін болсақ, атақты-физик математик Г.Я.Перельман өз ғылыми жетістігін мойындату үшін ол ешқандай докторлық диссертация қорғаған емес, не профессорлық дәрежеге ие болғаны да емес және лаборатория жетекшісі де болғаны емес, керісінше ол тек ғана Санкт-Петербургтағы Стеклов атындағы Математика бөлімшесінің жай ғана қызметкері және физико-математика ғылымының кандидаты болды. Осыған ұқсас тағы бір мысал, 2005 жылы экономика бойынша көрсеткен жетістігі үшін Нобель премиясын алған Исраэль (Роберт) Ауман ешқандай жоғары лауазымды иеленбей-ақ, не университет ректоры болмай-ақ зейнеткерге шыққанша Израильдегі Еврей университетінде рационалдық зерттеу орталығында профессор болып қалды. Сол жетістігімен ол ғылыми Олимп шыңына жетті.
Осы айтылғанға қорытынды жасайтын болсақ: осы замандағы ғалым ғылыми нәтижелерін алға бастыру үшін бағытын әкімшілік мансапқа емес, керісінше нақты ғылыми жобаға бұру керек.