2009 жылғы халық санағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 22:52, реферат

Описание

2009 жылғы халықтың ұлттық халық санағын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында жүргізді. Халық санағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» №1138 қаулысына сәйкес жүргізілді.

Работа состоит из  1 файл

2009 каз.стат.населения.doc

— 51.00 Кб (Скачать документ)


 

 

 

Тұрар Рысқұлов атындағы Казақ экономикалық университеті

«Есеп және статистика» факультеті

«Статистика және бағалау» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: 2009 жылғы халық санағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               Орындаған: Ахатаев Н.

                                                                                    Топ: ЕжА-132

 

 

2009 жылғы халықтың ұлттық санағы туралы

 

              2009 жылғы халықтың ұлттық халық санағын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында жүргізді. Халық санағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» №1138 қаулысына сәйкес жүргізілді.

              Халық санағының қорытындысы бойынша еліміздің ең басты игілігі – халықтың әлеуметтік – демографиялық және экономикалық жағдайы туралы толық көрінсі алынатын болады. Еліміздің халқы туралы деректер халықтың саны, жынысы, жасы, ұлты және т.б. бойынша өңірлік бөліністе алынатын болады.

              Көптеген қоса орындаушылардың белсенді қатысуымен халық санағының әдіснамасы әзірленді және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде тәжірибелік санақ іс-шаралары жүзеге асырылды. Олардың қатарында әртүрлі министрліктер мен ведомстволар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар және басқалары бар.

              2007-2008 жылдар аралығында санаққа бірінші кезектегі дайындық іс-шараларының барлық кешенін орындау жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі барлық алдыңғы өткен санақтардың ақпараттарын жинады және зерттеді, демографтардың және басқа да мамандардың ескертулері мен ұсыныстарын,  санақты өткізудің халықаралық тәжірибесін ескерді.

              Санаққа дайындық жұмыстарының ең маңызды кезеңдерінің бірі 2007 жылғы ақпанда Оңтүстік – Қазақстан облысының Түркістан қалалық әкімшілігі аумағында статистика органдары ұйымдастырған, пилоттық санақты өткізу болып табылады, онда халық санағының бағдарламасы сынақтан өткізілді.

          2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанның барлық  аумағында жалпыға бірдей халық санағы өткізілді. 25 ақпан күні таңертеңгі сағат 8.00-де республика бойынша бір уақытта 50 мыңға жуық есепшілер шықты.

              уындаған мәселелерді шұғыл шешу және оның өткізілу барысын бақылау мақсатында Республикалық  штаб құрылды, ал облыстар мен Астана және Алматы қалаларында халық санағы бойынша штабтар құрылды, оған  нақты іс-шаралардың орындалуына жауап беретін, халық санағына жәрдемдесу жөніндегі облыстық (қалалық) комиссияның мүшелері кірді. Санақ кезінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде тегін байланыс желісі (8-800-080-78-28 телефоны) жұмыс істеді.

              Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, санақ алды кезеңінде және халық санағы кезінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және оның аумақтық органдары өткізген белсенді жаппай – түсіндіру жұмыстарының арқасында санақты ұйымдасқан түрде өткізу мүмкін болды. Алматы және Астана қалаларында, барлық облыстық және аудан орталықтарында көшелер арқылы тартылған стенділер орнатылды.

 

           Халықтың белсенділігіне оң ықпалын тигізген Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың санақты өткізу қарсаңындағы үндеуі болды.

              2009 жылғы сәуірдің басында барлық облыстық (Астана және Алматы ққ.) Статистика департаменттері қалалық және аудандық статистика бөлімдерінен санақ мәліметтерін қабылдауды аяқтады. Санақ мәліметтерін қабылдау процесінде  толтыру сапасы бойынша және халық санағы мәліметтерінің электрондық өңделуіне бақылау жүргізілді. Халық санағы мәліметтерін өңдеу облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналастырылғын орталықтарда өткізіледі.

              2009 жылғы 1 сәуірден бастап барлық облыстық, Астана және Алматы қалаларының Статистика департаменттерінде санақ мәліметтерін өңдеу үшін орнатылған сканерлерге қызмет көрсеткен түзетушілер қабылданды. Сканерден өткізілген және верификация мен түзетуден өткен санақ бланкілерінің бейнесі электронды түрде облыстық (Астана және Алматы ққ.) Статистика департаменттерінен байланыс желісі бойынша ҚР Статистика агенттігінің «АЕО» РМК –ға санақ деректерінің қалыптандырылған қорын құру үшін жолданды.

              Қазіргі уақытта 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқы санағының қорытындыларын дайындау іс-шараларының жоспарына сәйкес санақтың алдын – ала нәтижелерін еліміздің Президенті 2009 жылғы 1 қыркүйекте өткізілген демалыстан кейінгі депутаттық корпустың бірінші бірлескен отырысында атап өтті. Тұтастай алғанда 10 жыл ішінде халық саны 14 900 мың адамнан 16 300 мың адамға көбейген.

              2009 жылғы халық санағының негізгі көрсеткіштері бойынша ақпаратты, атап айтқанда қысқаша қорытындыларды, ағымдағы жылдың соңында алу және жариялау жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» №1138 қаулысына сәйкес, алдымызда 2010 – 2011 жылдар аралығында санақ қорытындыларын толығымен дайындау және жариялау (90-ға жуық жинақ), ал 2011 жылы 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен талдамалық есепті дайындау мен шығару мәселелері тұр.

 

 

 

2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары туралы

 

              2009 жылғы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары бойынша 2010 жылы 20 томнан тұратын қазақ және орыс тілдерінде (барлығы 40 том) 16 тақырыптық сериялы жарияланымдар дайындалды.

              Жинақтар ҚР Статистика агенттігінің www.stat.gov.kz сайтындағы «2009ж. ҚР халық санағы» айдарында орналасқан.

 

              2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16009,6 мың адамды құрады.

 

Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті (6,9%).

              Халықтың жекелеген жас топтары құрылымында өсім байқалады: еңбек жасындағы (халықаралық стандарт бойынша 15-64 жасты құрайтындар) халық және егде жастағы (65 жас және одан үлкен) адамдар үлесі көбейген, бірақ сонымен қатар балалардың (0-14 жас) үлесі төмендеген. Сонымен бірге республикада 60 және одан жоғары жас болып саналатын егде жастағы халық үлесі 1,2 пайыздық пунктке төмендеген.

              Халықтың сауаттылығы 99,5%-дан 99,7%-ға дейін артты, сондай-ақ халықтың білім деңгейі, әсіресе жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар халық санатында айтарлықтай өсті. Негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ бастауыш білімі бар халықтың үлесі төмендеген.

              5 мыңнан астам адамда ғылым докторы, 17,5 мың адам - ғылым кандидаты және 1,7 мың адам – PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие. 50 мыңнан астам адамның 2 және одан жоғары білімі бар, оның ішінде 23,8 мыңы – ерлер, ал 27,5 мыңы - әйелдер.

              Санақаралық кезеңде жұмыспен қамтылған халық саны 1,6 есеге көбейген және 6599,5 мың адамды құраған. Жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлесі 20-49 жас тобында және сонымен қатар алдыңғы санақпен салыстырғанда олардың үлесі едәуір өскен, яғни  жұмыспен қамтылған халық құрылымында жасару байқалады.

              Еліміздегі отбасылар саны 13,8%-ға, соның ішінде қалалық отбасылар 3,4%-ға, ауылдық отбасылар – 30,3%-ға көбейді. Алайда отбасылардың орташа көлемі 4 адамнан 3,5 адамға дейін азайған.

 

              Республикада 2 адамнан (30,1%), 3 адамнан (26,7%), 4 адамнан (22,2%) тұратын отбасылар кеңінен таралған. Небары 11,7% - 5 адамнан, 5,6% - 6 адамнан, 1,9% - 7 адамнан тұратын отбасыларды құраған. 8-10 және одан көп адамнан тұратын отбасылар үлесі өте төмен – 0,2%-дан.

              Санақаралық кезеңде республикаға ТМД елдерінен келген көшіп-қонушылардың айтарлықтай саны Өзбекстаннан келген көшіп-қонушыларға келеді – 58,8%, Ресейден – 20,6%, Түрікменстаннан – 10,7% және Қырғыз Республикасынан – 5,4%. Басқа елдерден келгендер арасында айтарлықтай үлеске Қытайдан - 52,6% және  Монғолиядан - 24% келген көшіп-қонушылар ие.



Информация о работе 2009 жылғы халық санағы