Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 16:32, реферат

Описание

Жарнама сөзі латынның «reklamo» сөзінен шыққан, «айқайлау» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде, Грецияларда базаларды, алаңдарда әр түрлі тауарларды мақтап қатты айқайлаған. Жарнама – ең талантты, өз уақытының ерекше лидерімен ынтымақтасу мүмкіндігін береді, ол өз еліне, бүкіл әлемге белсенді әсер етеді. Сондықтанда да жарнама бесінші өкімет деп босқа айтылмайды. Жарнама – ақпараттар беру құралы. Әлемдегі ең бірінші жарнамалық хабарлама жасаған «Күнделікті оқиғалар» газеті. 1630 жыл осы газеттің қызметін пайдаланып Т.Ренардо деген бір адам мекен – жай және анықтама кеңесін ашқан, содан ол жарнаманың әкесі болып саналады. Нарық экономикасына дейін біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ. Ал қазір күнделікті өміріміздің бір бейнесіне айналды. Бізде жарнамаға деген психологиялық бейімделудің жоқтығынан кейде жарнамалар біздерді жалықтырады. Сондай-ақ жарнама жоғарғы сапаны, жоғары кәсіптілікті қажет етеді.

Содержание

1.Жарнама туралы түсінік, мақсаты мен міндеттері.
2.Жарнама түрлері.
3.Жарнама құру принциптері.
4.Жарнаманы қабылдау мен бағалаудың психологиялық заңдылықтары
5.Жарнама компаниясының жоспарлауы.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 18.00 Кб (Скачать документ)
 

Жоспар:

1.Жарнама  туралы түсінік, мақсаты мен  міндеттері.

2.Жарнама  түрлері.

3.Жарнама  құру принциптері.

4.Жарнаманы қабылдау мен бағалаудың  психологиялық заңдылықтары

5.Жарнама  компаниясының жоспарлауы. 

    1.Жарнама  туралы түсінік,  мақсаты мен міндеттері.

    Жарнама сөзі латынның «reklamo» сөзінен шыққан, «айқайлау» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде, Грецияларда базаларды, алаңдарда әр түрлі тауарларды мақтап қатты айқайлаған. Жарнама – ең талантты, өз уақытының ерекше лидерімен ынтымақтасу мүмкіндігін береді, ол өз еліне, бүкіл әлемге белсенді әсер етеді. Сондықтанда да жарнама бесінші өкімет деп босқа айтылмайды. Жарнама – ақпараттар беру құралы. Әлемдегі ең бірінші жарнамалық хабарлама жасаған «Күнделікті оқиғалар» газеті. 1630 жыл осы газеттің қызметін пайдаланып Т.Ренардо деген бір адам мекен – жай және анықтама кеңесін ашқан, содан ол жарнаманың әкесі болып саналады. Нарық экономикасына дейін біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ. Ал қазір күнделікті өміріміздің бір бейнесіне айналды. Бізде жарнамаға деген психологиялық бейімделудің жоқтығынан кейде жарнамалар біздерді жалықтырады. Сондай-ақ жарнама жоғарғы сапаны, жоғары кәсіптілікті қажет етеді.

    Жарнама – бұл философиялық қарым-қатынас, ол адамдар арасында байланыс орна туды көздейді.

    Неге  американдықтар шылым шегуді тастады? Өйткені, көп жылдар бойы көңілді, қорқынышты шылым шегуге қарсы бағытталған  жарнамалық кампаниялар ашылуда.

    Неге  Канадалықтар спортпен айналысуға кірісті? Себебі: олардың ауырғысы келмейді, сол себепті олар спортпен айналысу, денсаулықты жақсарту жайында жарнамалық кампаниялар ашты.

    Жарнама – жаппай коммуникацияның орталығы болып табылады. Ол теледидарда, радиодада ең жақсы уақытты алса, ал басылым беттерінде де тиімді орынды алады. Жарнамаға үлкен қаражат кетеді және оны құруға ең жақсы ақылдар қолданылады. Қазіргі кезде жарнаманың ролі, адам эволюциясы кезеңіндегі қарым-қатынас құралы ретінде тілдің пайда болуының ролімен тең.

    Жарнама – белгілі мазмұннан таралатын тауар немесе қызметпен олардың өндірушілері туралы мақсатқа бағытталған төлемді ақпарат.

    Жарнаманы саудадағы ақпарат беру түрлерінің бірі ретінде және маркетингтің тауар, баға, өтім, жарнама сияқты төрт элементтерінің бірі ретінде қарастыруға болады.

    Нарық дамуы шартында, егер жоғары дәрежеде бәсекелестік болса және әрбір сатушы сатып алушының қажеттілігін максималды түрде қанағаттандыруға ұмтылған жағдайларда  жарнама осындай бәсекелестік күресте  шешуші фактор болуы мүмкін. Тауарды  сатып алудың әрбір циклында  жарнаманың өзіндік ерекшеліктері  бар. Жарнаманы тек сауданың тиімділігін  жоғарлату құралы ретінде ғана қолданса, онда ол жағымсыз нәтиже әкелуі мүмкін. Жарнама әлдеқайда көп ғасыр  бойы арнайы фирмада болмағанымен, ол тек ХІХ ғасырдың ортасында  ғана біртіндеп баспасөзге ене бастады, яғни қоғам ортасында кең қолданысқа ие болды.

    Жарнаманың  осы күнгі дамуына негіз болған алғашқы орталықтардың пайда  болуына жарты ғасырдай ғана уақыт  қажет болды. Олар ХІХ ғасырдың аяғында  АҚШ-та және ХХ ғасырдың 30 жылдарында Францияда  пайда болды.

    Арнайы  мәліметтер бойынша қазіргі уақытта  Ресей территориясында мықты  полиграфиялық базамен, сонымен  қатар зерттеу орталықтарымен жабдықталған 3000 аса ірі отандық және шетелдік жарнамалық агентттіктер бар екен.

    Жарнаманың  мақсаттары мен функциялары. Жарнамалық мәліметтер көптеген мақсаттарға қызмет етеді, ол бір мақсатты үнемі көздейтін  сияқты болғанымен, негізінде ол мүлдем олай емес. Жарнаманың негізгі мақсаттары:

  • потенциалды сатып алушының зейінін аудару;
  • өнімдердіңөсуіне немесе сатылуына барлық жағдайлар жасау;
  • өнімдердің өтуін сақтау;
  • тұтынушылар алдында, фирманың атын, беделін немесе өнімдерін тануға, сол тауарларға қатысты пікірлерді нығайту;
  • сатып алушыға тауарды игергеннен кейін алатын тиімділігін көрсету;
  • сатып алушыға тауарды қосымша зерттеу үшін мүмкіндіктерді ұсыну;
  • тұтынушыға тауар немесе қызмет туралы белгілі бір деңгейде білімін қалыптастыру;
  • тұтынушыны тауарды күнделікті сатып алушыға айналдыру, берілген фирманың тұрақты тұтынушысына айналдыру;
  • тұтынушыға фирма және оның тауарлары жайлы еске салып отыру.

    Жарнаманың  негізгі міндеттері:

  • тауардың және қызметтің клиент үшін жаңа жарнамасы;
  • клиентке таныс тауар мен қызмет үшін жарнама («қолдау» жарнамасы);
  • батыр бейнесіндегі жарнама (мысалы, банк президенті);
  • бәсекелесінен алға түсу;
  • жарнамашы шеберлігінің демонстрациясы.

    Жарнама функциясы оның мақсаттары мен міндеттері бойынша анықталады. Солардың ішінен маңыздысы ретінде келесілерді  атауға болады:

тауар және оның өндірушісі мен сатушының  идентификациясы;

тауар, қызмет және пікір қозғалысы;

сатып алушының ақпараттануы;

сұраныстың  қалыптасуы және т.б.

2.Жарнама  түрлері.

Жарнаманың  үш түрі бар:

1. Ішкі  фирмалық.

2. Қоғамда  кәсіпорынның мәртебесін көтеру  мақсатындағы жарнамалар.

3. Өнімнің  өтімділігін кеңейту мақсатындағы  жарнамалар

    Ішкі  фирмалық жарнаманың басты мақсаты қызметкерлерді өзінің кәсіпорынына сенімділігін иландыру, өз өмірімен олардың өмірінің тығыз байланысқан сезімдерін тудыру. Тек қана кәсіпорынның барлық участоктерінде оның шешімінің табысты әрекеті үшін қажетті жағдайда және оған жауапкершілік көрсетсе, жұмыскерлер өз жұмысына қанағаттанушылық сезімін сезініп және өз фирмасының белсенді жарнамаларын қоғамға, айналаға тасушы болады.

    Ішкі  фирмалық жарнаманың құралдары:

  • фирмалық газет;
  • қоғамда, ортада басшының дұрыс мінез-құлқы;
  • кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының тиімді деңгейі;
  • басшы мен қызметкерлер арасындағы жақсы өзара қарым-қатынас;
  • қызметкерлер үшін әлеуметтік көмектер.

    Кәсірорынның  мәртебесін көтеру мақсатында жарнамалық қызмет мынадай құралдар арқылы жүзеге асады:

  • баспасөзбен байланыс – (әрбір мақала, егер онда фирма жайында сөз болса, ол жарнама болып есептеледі, кәсіпорынға журналистерді шақыру);
  • баспасөздегі хабарландырулар мен құлақтандырулар (тауар жайында емес, кәсіпорын жетістіктері жайында хабарландыру, мысалы: қызметкерлер үшін әлеуметтік көмек, спонсорлық және т.б.);
  • кәсіпорын басшыларының мемлекеттік, қалалық қоғамның өміріне араласуы.

    Жарнамалық  қызметтің басты саласы - өнімнің өтімділігін кеңейту мақсатындағы жарнама. Барлық жарнамалық қызмет нарықты терең білуден құрылады.

    Сатып алушының психологиясы, егер оған тауарды  жасаған фирма таныс болса, онда ол сол тауарға көтеріңкі баға төлеуге дайын болады. Кейбір фирмалар өз тауарларының сапасына қарамастан олардың бағаларын көтеріп қояды. Сондықтан тұтынушыларға тауар  туралы қажетті ақпаратты дұрыс  беру керек. Дұрыс және уақытында  берілген жарнаманы сатып алушы  есінде сақтап, оны нақты тауармен теңестіреді. Осы себептен кәсіпорында  жарнаманың негізгі сюжеті ауыстырылмауы  керек.

    Сонымен, жарнама фирманың барлық қызметін жан-жақты  қамту керек, яғни алдымен оның сыртқы көрінісі, қызметкерлерінің мінез-құлқы, телефонға жауап беретін секретараның және тауардың атауы, оның сырты және қызметкерлеріне қызмет көрсетуімен  ерекшеленуі керек.


Информация о работе Акционерлік қоғам