Алдағы кезен шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 19:13, реферат

Описание

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.

Работа состоит из  1 файл

БӘСЕКЕЛЕСТЕР.rtf

— 51.69 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

       Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі - банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар - халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

Банк -өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік операцияла жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.

Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.

Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банктің ісінің техологиясы айтарлықтай өзгерген.

 Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

 Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші денгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа бактердің барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.

Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық эконмиканың негізгі түйіні болып табылады.

 

 Бәсекелестікті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау

 

      Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру міндетін адал бәсекелі орта болған кезде ғана шешуге болады, бұл өз кезегінде, күшті монополияға қарсы жүйенің қалыптасуына байланысты.

   Сондықтан Үкімет бәсекелі ортаны дамыту және нарықтың монополиялануын болдырмау мәселелеріне бұдан әрі де баса назар аударатын болады.

   Бәсекелестікті дамыту саласындағы негізгі міндеттер нарық субъектілерінің үстем жағдайды асыра пайдалануының алдын алуға, теріс пиғылды бәсекені және бәсекеге қарсы келісімдердің жасалуын болдырмауға, экономикалық шоғырлануды бақылауға және тауар нарықтарының тиімді әрі серпінді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға келіп тіреледі.

  Үкімет 2007 жылдың аяғына дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту саласында орта мерзімді салалық бағдарлама әзірлеуді ұйғарып отыр. Ішкі бәсекелестікті арттыру үшін монополияға қарсы заңнама күшейтіледі. Қазіргі уақытта Үкімет «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» қағидаттық жаңа заң жобасын әзірледі, бұл таяу арада республика Парламентінің қарауына енгізіледі. Мегахолдингтердің және мемлекеттік монополиялардың бейінді емес активтері мен функцияларын бәсекелі ортаға беру жөніндегі жұмыс жалғасады.

  Монополияға қарсы органның өкілеттіктерін күшейту, адал бәсеке ережелерін бұзушыларға санкциялар қолдану жөніндегі тиісті функцияларды ұсына отырып, оның монополияға қарсы реттеу жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейту көзделіп отыр.

  Табиғи монополия салаларын тарифтік реттеуді дамытудың негізгі бағыттары табиғи монополия субъектілеріне қатысты жүргізілетін тарифтік саясатты экономикалық дамудың жалпы мемлекеттік саясатына табиғи түрде қосу қағидатымен айқындалған. Бұл бағыттар ағымдағы жылы қолданыстағы нормативтік базаны жетілдіру және тариф белгілеудің макроэкономикалық өлшемін айқындау әдіснамасын әзірлеу арқылы дамытылатын болады.

   Табиғи монополия субъектілері жұмылдырылатын экономика салалары тарифтерінің инвестициялық тартымдылығының болжамдылығы мен артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қолда бар реттеу құралдарын, олардың инфрақұрылымдық желілерін жаңғырту және кеңейту жөніндегі міндеттерді іске асыруды кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Осылай, таяу арадағы бірнеше жылда нормативтік базаға рәсімдік процесті оңайлатуға ықпал ететін қажетті өзгерістер енгізе отырып, базалық табиғи монополия субъектілерінің көпшілігін орта және (немесе) ұзақ мерзімді кезеңге арналған белгіленген тарифтер бойынша реттелетін қызметтер көрсетуге көшіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Айналыс шамасына қарай инвестициялық тарифтер белгіленетін болады, оларды есептеу қағидаттары мен әдістерін Агенттік әзірлеп қойған және олар тиісті әдістемелерде ескерілген.

  Тиімді бәсеке үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау республиканы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін болады.

  Үкімет серіктестік қатынастар негізінде кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қолдау көрсету қажет деп санайды. Бұл ретте салық режимін жетілдіру мемлекет саясатының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі құралдарының бірі ғана болып табылатын болады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін басты басымдық бәсекені дамыту болуы тиіс.

  Үкімет кәсіпкерлік мәдениетін дамыту мен тарату жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік субсидияларды емес, жеке капиталды тарту үшін бәсекелестік негізді құру жөніндегі жұмысты жүргізетін болады. Мұндай көзқарастың әртүрлі нұсқалары Австрия, Испания, Польша және Құрама Штаттары сияқты елдерде табысты қолданылған.  Кәсіпкерлік қызметті дамыту мемлекеттік реттеудің қарапайым әрі тиімді режимімен ынталандырылатын болады. Мысалы, энергияны қажетсінетін салаларда Үкімет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды енгізетін компанияларды ынталандыру мәселесін қарайды.

  Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері арқылы кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер туғызу тұрғысында мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

     Бизнесті дамыту үшін барлық ықтимал әкімшілік кедергілерді азайтуға арналған нақты қадамдар қабылдау болжанып отыр. Жеке кәсіпкерлікті тексерулердің барлығы заңмен ғана реттелетін болады. Бұл нормалардың барлығы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңда қарастырылған.

     Шағын ксіпкерлікті дамыту қоры тарабынан шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық-кредит саясатында елеулі өзгерістер болжанып отыр. Ол өздерінде бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруды қалайтын халықтың әр түрлі жіктері үшін нақты көмекші болуы тиіс. Қордың филиалдық-өкілдік желісін кеңейту, өңірлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, әсіресе ақпараттық-талдау, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну бөлігіндегі жұмыстарды күшейту қажет.

     Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл жасауы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.

    Үкімет шағын кәсіпорындарды озық технологиялармен және басқару тәжірибесімен алмасу бойынша мемлекеттік көтермелеу, олардың халықаралық стандарттарды енгізуі мен халықаралық нарықтарды игеруі тетіктерін әзірлеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты халықаралық қаржы институттарымен, бірінші кезекте Қазақстанда экономиканың жеке секторына кредит беру жөніндегі жобаларды іске асырушы Азия Даму Банкімен және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен тығыз ынтымақтастыққа негізгі назар аударылатын болады.

   Бұған қоса, өндіруші емес салаларға инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жандандырылатын болады. Әрі бұл экономикаға қаржы капиталынан басқа, жаңа технологиялар әкелетін, біздің бизнес-менеджменттің кәсіпқойлығының өсуіне ықпал ететін, іріктелген басым кластерлердің қосымша құндары тізбектерінің жетіспейтін тұстарын толықтыратын, нәтижесінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін инвестиция болуы тиіс.

    Осыған байланысты Үкіметтің алдағы кезеңге арналған бағдарламасында трансұлттық және ірі шетелдік компанияларды экономиканың шикізат емес секторына тарту жөніндегі тұтас іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр.

    Атап айтқанда, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің жанынан сауда миссиялары құрылатын болады, олардың міндеттері шетелдік инвестицияларды Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына тарту ғана емес, сонымен бірге қазақстандық кәсіпорындардың тауарлары мен инвестицияларын сыртқы рыноктарға экспорттауға жәрдемдесу болады. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпорындардың қатарынан отандық инвесторлардың класын дамыту қажет. Бұл үшін инвестициялық заңнаманы, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ отандық компаниялар арасында инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылданатын болады.

    Жеке компаниялар, қарқынды дамып келе жатқан өндірістер мен салалардың, мысалы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі қатысушылары үшін қазіргі заманғы жабдықтар лизингін  кеңейту мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.

    Үкімет жеке меншікті қорғау, инвесторлардың құқықтарын  қорғау және қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар шараларды әзірлеуді және қолдануды жоспарлап отыр.

       Даулар мен төрелік рәсімдерді тәуелсіз қарау жүйесін нығайту көзделіп отыр.

  Өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) желісі құрылатын болады, олардың қызметі инвестицияларды тартуға және жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде жинақталған пайданың бір бөлігі өңірдегі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталатын болады.  

     Бұл корпорациялардың қызметі бүкіл елімізде де, одан тысқары жерлерде де жүзеге асырылатын жаңа жобаларды тартуға бағытталатын болады. Кез келген ӘКК-нің қызметі әкімшілік округтен үлкен аумаққа таралатын болады және өндірістік байланыстарға мейлінше жуық болады. Үкімет Қазақстанда 5 ӘКК құру орынды деп санайды. Олардың қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу мен ынталандыру шараларының кеңейтілген жүйесі қолданылатын болады. Әрбір ӘКК мөлшері бойынша елеулі игерілмеген жер учаскелерін қоса алғанда, елдің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқаратын холдингілік компанияны білдіреді.  Жергілікті атқарушы органдардың аудандық және қалалық әкімдіктердің жанынан құрылған кәсіпкерлік бөлімдері ұйымдастырушылық рөл атқаратын мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі рөлі күшеюі тиіс.

     Құрылған Кәсіпкерлік практика жөніндегі республикалық оқу орталығының мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл үшін оған құрылған Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталықтардың желісі арқылы өңірлерде өкілдігі бар кәсіпкерлік проблемалар ғылыми-зерттеу орталығы мәртебесін беру болжанып отыр. 

      Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар жұмыстарының нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік еркіндігі индексін сынау және рейтингілік бағалау жүйесін енгізу жүреді, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз етеді.   Азаматтық қоғамды дамыту шеңберінде бизнес пен биліктің әлеуметтік серіктестік қағидаттары сыбайлас жемқорлық әрекеттерге өркениетті қарсы күш болады.

    Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін рентабельді емес кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану шараларын қабылдайтын болады. 

      Қайта капиталдандыру және/немесе өңірлік холдингілерге енгізу арқылы рентабельді емес кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

     Қазақстанға инвестициялар тарту процесі ескі активтерді қайта сату емес, жаңа салаларға шоғырлануы тиіс.

     Үкімет жаңа бизнестерді дамыту үшін негіз ретінде жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды пайдалану жөніндегі жұмысты жүргізетін болады. Бұл рентабельді емес кәсіпорындардың активтерін пайдалана отырып, жаңа басқаруды, жаңа технологияларды немесе өндірістің жаңа факторларын енгізу негізінде оларды «ширату» жүргізілетін болады. Үкімет, сондай-ақ бірқатар рентабельді емес кәсіпорындарды оларды толық кедейлегенге дейін сатып алу мүмкіндігін де қарастырады.

Мұндай кәсіпорындардағы ахуал дағдарысқа қарсы басқаруды енгізу арқылы жақсы жағына өзгеруі мүмкін. Оларды қайта капиталдандыруға немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға беруге болады.

    Рентабельді емес кәсіпорындардың базасында жаңа өндірістер мен технологияларды дамыту мақсатында оларды нәрлендіру және қайта құрылымдау жөніндегі іс-шараларды тиімді жүзеге асыру үшін мыналар жоспарланады:

 

1. Нәрлендіру және қайта құрылымдау рәсімдерін қолдану мүмкін болатын рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру тәртібін бекіту.

 

2. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және олардың төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг және талдау жүргізу тетігін айқындау.

 

3. Қаржылық жағдайға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша нәрлендіруды және қайта құруды жүргізу жолыменжаңа технологиялыр мен жаңа өндірістерді қолдану мүмкін болатын кәсіпорындардың дерекқорын қалыптастыру.

 

 


Информация о работе Алдағы кезен шығындарының есебі