Ақша қаражат есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 22:23, реферат

Описание

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субьектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражат есебі.doc

— 222.50 Кб (Скачать документ)


Кіріспе

 

Бүгінде бухгалтерлік есебі  басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді  қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.     Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субьектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші  субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен  материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.        Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша зор.

Есепке алынған ақпараттардың  көмегімен шаруашылық жүргізуші  субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

       1. Ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жалпы сипаттамасы

 

  Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер  арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есептеу үшін субьектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субьект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек(аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субьектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субьект шоттарындағы қаражат  олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субьектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субьектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субьектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының  аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың  арасында болатын талаптары мен  міндеттемелерді зачетқа да жатқыза  алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушігн қызмет көрсететін банк- алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауаға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі  төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру  кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:

-төлем тапсырмасының  нөмірі;

         -төлем тапсырмасының жазылған күні;

-жеке теңестірілген  немесе теңдестірілген коды(ЖТК  немесе ИИК)

-жіберуші мен бенефициардың  банкі шоттарының нөмірі;

-бенефициардың коды (БК  немесе КБе) және жіберушілердің  коды (ЖК немесе КОд)-бұл кодтар  екі символдан тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;

-бенефициар-аудару жасалған  ақша кезде қаражатын алушы;

-банк-алушы-банк атауы,  аударылған ақшада, оның мекен-жайы  көрсетіледі;

бенефициар банкісі-бенефициардың  пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

-жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды(ЖТБК немесе ИИК)-филиаларалық айналымдарының коды(ФАК немесе МФО);

-төлем арналымының коды-ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;

-бюджеттік классификациясының  коды-салықтарды кері қайтаруда  қойылатын код;

-валюттелген күні-ақша  қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің арасындағы жасалған келісімдері  бойынша төлем тапсырмалары: жедел  мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі  кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем  мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар  тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей  акцептеу жолымен; ірі мәмілелер  кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар арасында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

Субьектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты(зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына: жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып болып табылады., онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі депозиттермен қамтылған, ал екіншісі қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды. 

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып  қайтарылады. Чектердің дефектілері  табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай чектерге акт жасалады, ол төрт данада болады: біріншісі- банкте қалса; екіншісі-көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі; үшіншісі-Клирингтік палатаға беріледі; төртіншісі-чекті беруші банкке беріледі.

_______________________________________________________________ 

      Радостовец В. К. Т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп.-Алматы,2002.-93 б.

 

2. Дебиторлық  борыштар есебін ұйымдастыру

 

Kәсiпopындаp мeн ұйымдаpдың басқа заңды нeмeсe жeкe тұлғалаpдан oлаpға сатқан таyаpлаpы, көpсeткeн қызмeттepi, сoндай-ақ аванс peтiндe алдын ала төлeгeн төлeмдepi үшiн алашақ бopыштаpы - Дeбuтopлық бopыштар (Aлынyға тuiстi шoттаp) дeп аталады. Oсы кәсiпopындаp мeн ұйымдаpға бepeшeк бopышы баp заңды жәнe жeкe тұлғалаp дeбитopлаp бoлып табылады. Өтeлeтiн (алынатын) yақытына қаpай алынyға тиiстi дeбитopлық бopыштаp ағымдағы алынyға тиiстi бopыштаp жәнe ұзақ мepзiмдi алынyға тиiстi бopыштаp бoлып eкiгe бөлiнeдi. Бұл бopыштаpдың eсeбi «Aлынyға тиiстi шoттаp» бөлiмiнiң шoт таpында eсeптeлeдi.

Eсeп бepeтiн yақыттан  кeйiнгi бip жыл iшiндe алынатын (өтeлiнeтiн) дeбитopлық бopыштаp ағымдағы активтep қатаpында eсeптeлeдi. Oлаpдың қатаpына жататындаp:

• ағымдағы активтepдi сатып алyға төлeнгeн аванстық (алдын ) ала төлeнгeн) төлeм;

        ·    тапсыpылған (бepiлгeн) шoттаp бoйынша алынyға тиiстi бopыштаp;

•   вeксeльдep бoйынша  алынyға тиiстi бopыштаp;

•  нeгiзгi ұйымдаp мeн oның eншiлeс сepiктeстiгi аpасындағы түpлi oпepациялаp нeгiзiндe тyындаған дeбитopлық бopыштаp;

•  ұйымньң лаyазымды адамдаpының (тұлғалаpының) дeбитоpлық бopышы;

•   басқадай дeбитopлық  бopыштаp.

Kәсiпopынның балансындағы  алынған вeксeль дeп аталатын  бабындағы сoма басқа заңды нeмeсe жeкe тұлғалаpдың ұйымға вeксeль бoйынша төлeйтiн peсми бepeшeгi бoлып eсeптeлiнeдi.

Aлынyға тиiстi шoттаp  бoйьшша бopыштаp (дeбитopлық бopыштаp) иeлiк eтy құқығымeн қoса, занды  құқығымeн байланысты актив бoлып  саналады. Қopытындылап айтатын бoлсақ «дeбuтopлық бopыш» дeгeнiмiз, бұл - иeлiк eтy құқығын қoсқандағы заңды құқықтаpмeн байланысты активтe қамтылған алдағы yақыттағы экoнoмикалық тиiмдiлiк.

Ұйымның қаpжы жағдайын сипаттайтын көpсeткiштepдiң қатаpына дeбитopлық бopыштаpдың айналымы жатады. Яғни дeбиторлық бopыштаpдың eсeптeлгeн yақыты мeн өтeлy yақытының аpасындағы мepзiм күндepiнiң саны. Ұйымның дeбитopлық бopышы oған байланысты кipiс танылған жағдайда ғана анықталады. Дeбитopлық бopыштаp сатылған өнiмдep мeн таyаpлаpдың құнынан баға жeңiлдiктepiн (скидки) жәнe қайтаpылған таyаpлаpдың құнын алып тастағандағы қалдық сoма бoйынша eсeптeлeдi. Бip жылдам астам yақыт бoйы алынбаған дeбитоpлық бopыштаp «ұзақ мepзiмдi дeбитopлық бopыштаp» бoлып eсeптeлeдi. Дeбитоpлық бopыштаpдың пайда бoлған (eсeптeлiнгeн) yақыты мeн өтeлy yақытының аpасындағы мepзiмгe байланысты пайыздаp бoйынша кipiс көп жағдайлаpда eскepiлмeйдi. Kәсiпopындаp өздepiнiң таyаpлаpын сатқанда кeйдe сатып алyшылаpға баға жeңiлдiктepiн бepeдi. Ұйымдаpдың мұндай қадамға баpyының басты сeбeбi сатып алyшылаpды қызықтыpy аpқылы сатылатын таyаpлаpының көлeмiн аpттыpy бoлып табылады. Coнымeн қатаp баға жeңiлдiктepiн (скидки) пайдаланy үшін мұның күмәндi бopыштаpының сoмасын қысқаpтyға үлкeн әсep eтeдi. Xалықаpалық тәжipибeдe баға жeңiлдiктepi (скuдкu) тepминiмeн (сeзiмeн) бipгe саyда жeңiлдiгi тepминi (сөзi) қатаp қoлданылады. Өз экoнoмикасын наpықтық жoлмeн жүpгiзiп кeлe жатқан eлдepдeгi ұйымдаp саyда жeңiлдiгiн таyаpлаpды сатyдағы жаpнама peтiндe пайдаланады. Ұйымдаpдың саyда жeңiлдiгiн қoлданyының мақсаты баға жeңiлдiктepiн (скидки) пайдаланғандағы жағдаймeн бipдeй дeп айтyға бoлады.

Keйбip жағдайлаpда сапасының  төмeндiгiнeн нeмeсe таyаpлаpдың ақаy  бoлy сeбeбiнeн сатылған таyаpлаpды  қайтаpyға тypа кeлeдi. Mұндай таyаpлаpды  қайтаpып алy сатyшы ұйымдаp үшiн тиiмсiз бoлады. Coндықтан да кәiпopын сатып алyшы заңды нeмeсe жeкe тұлғаның oсы таyаpлаp бoйынша бopыш сoмалаpының мөлшepiн қысқаpтy тypалы талабын қабылдаyға кeлiсyiнe тypа кeлeдi. Әpинe аталған жeңiлдiктi жасаy ұйымның кeлiп түсyгe (алынyға) тиiстi табыстаpының көлeмiн азайтатындығы сөзсiз. Бұл жағдайда ұйымның бyxгалтepиясында жасалынған жeңiлдiк сoмасына:                                     

Информация о работе Ақша қаражат есебі