Ақша қаражаттар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 10:50, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді:
 Қолма-қол ақшаны аударуды;
 төлем тапсырманы ұсынуды;
 чектерді беруді;
 вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
 төлем карточкасын пайдалануды;
 тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
 тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
 инкассалық жарлығың ұсынуды республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерің пайдаланады.
 Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
 төлем тапсырма;
 чек- вексель-тапсырма-талап төлемдері;
 кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ------------------------------------------7
1.1 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері---7
1.2 Төлем карточкаларының есебі------------------------------------------------------9
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі---------------------------------------------12
1.4 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі-------16
1.5 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі------------------------17
ІІ. АҚША ҚАРЖАТТАРЫ, ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ-------22
2.1 Банктегі арнайы шоттардагы ақша қаражатын есепке алу-------------------22
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу---27
ІІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫМЕН ВАЛЮТА ШОТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ------------------------------29
3.1 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі--------------------------29
3.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу------------31
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------35

Работа состоит из  1 файл

акша каражаттар есеби.doc

— 189.50 Кб (Скачать документ)

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде аткарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе белшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі. Аккредитивтің жабьшғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз  тараптардың өз арасында қаралады.

Егер аккредитив қысқа  мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған  болса 4010 "Банк несиелері" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан  ұсынылған болса 1040 "Есеп айырысу  шотындағы қолма-қол ақша" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1040, 1040) кредиттеледі де, 1040 "Аккредитивтердегі ақша қаражаттары" шоты дебеттеледі.

Жабдықтаушылар шотын  төлеу 1070 шоттың кредиті бойынша  және 4510 "Жабдыктаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылмаған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 1040,1050,1051,4010 шоттарының дебеттерінде және 1070 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 7210 шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредитттеледі.

1070" Чек кітапшаларындағы  ақша қаражаттары" шоты бойынша  есеп айырысу чек кітапшаларындағы  чектер арқылы есепке алынады.  Чек — бұл өзінің шот есебінен  қаражатты алушының (чек ұстаушы)  шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

Чек кітапшасы бойынша  депоненттелген сомасы берілген кезде 1070 дебеттеліп, 1050,1051, 1040, 4010 шоттары  кредиттеледі.

Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек  ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға (экспедиторларға) және басқа тұлғаларға беру кезінде 2160 "Басқа  да дебиторлық қарыздар" шотының, "Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар" деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 3440 "Басқа кредиторлық қарыздар" шотының "Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу" деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 3440 шоты дебеттеліп, 1070 шоты кредиттеледі.

1070 "Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол қаражат" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

1060 "Басқа да" шотында  субъектінің құрамына кіретін  филиалдардың, құрылымдық бірліктердің  ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

 

2.2 Ақша қаржысы,  құнды қағаздарын және есеп  берудің бланкілерін түгендеу

Кассаны түгендеу кезінде  кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес кұнды қағаздар ретінде шығарылған баска да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады) Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

Түгендеу актісінде  ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүогізіледі (қолда бар ақша қаржысын тугелдеудің актісі жоғарыда келтірілген).

Жол үстіндегі ақша каражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері  берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезіңде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері  бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Ақша қаражаттарын, құнды  қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін  түгендеу олардың қалдықтарымен  салыстыру арқылы жасалады.

Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық  шыққан сомалары кіріске алынуға  тиісті: ол кезде 1030, 1071, 1010, 1020 шоттары дебеттеліп, 6130 шоты кредиттеледі.

Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

1260 шоты дебеттеліп, 1030, 1071,1010,1020 шоттары кредиттеледі.

Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1260 шоты кредиттеліп, 2150 шоты дебеттеледі, яғни 2150 шоты жабылады.

Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 2150 кредитінен 7210 шоттың дебетіне есептен шығарылады.

 

 

 

ІІІ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫМЕН ВАЛЮТА ШОТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

    1. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

 

Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының  барлығы, нормативтік актілерде  қарастырылғаннан басқасы, тек теңге  түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан  Республикасындағы резиденттер  және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салық пен кеден заңдарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етпейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.

Заңды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.

Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

24 желтоқсан 1996 жылғы  "Валютаны реттеу туралы" Заңдарына  және 31 наурыз 2001 жылғы №88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген "Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне" сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына көшуін (орын ауыстыруын) карастыратын капитал козғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен белгіленген.

Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп  түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам  немесе соған сәйкес басқа валюталық  операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге жатады:

- резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған  несиелер, лизингіні де қоса алғанда;

-  резидент еместердің  экспорттық-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған несиелері;

- резидент еместердің  төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық әрі айрықша құқын берген жағдайда;

- резидент еместердің төлем ретінде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.

Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тәртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Заңды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет ету кезінде болған барлық өзгерістері мен қосымшалары туралы хабарлап отыруға міндетті.

Заңды тұлғалар — резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолында бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс; экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге қаржылық жәрдем (грант) беру; өкілетті банктерден, шетеддік банктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетелдік заңды тұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада (рыногында) теңгеге сатып алынған валюта.

 

 

    1. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу

 

Кәсіпорындар банкілердің  арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының  есебі 42 "Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары" деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

1070 "Аккредитивтегі  ақша қаражаттары" шоты. Бұл  шотта аккредитивтегі ақша каржыларының  қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің тапсыруымен өзі келісімге  отырған контрагенттің пайдасына  берілген банкісінің сәзсіз орындалуы  тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк-эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивте кезделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-шартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті езгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған қүжаттарды төлеуге міндетті.

Қайтпайтын (немесе қаптарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің  пайдалануын өз мерзімінен бұрын  тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген аккредитив — бұл банк-эмитент болып саналмайтын  басқа орыңдаушы банктердің қосымша  кеплідігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік (аударма) аккредитив — бұл бенефициардың  өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір  ғана бенефициармен есеп айырысуға  арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша  есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен телеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттін атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны женінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, баска қажетті құжаттар мен шарттары болуы  қажет.

Информация о работе Ақша қаражаттар есебі