Ақша қаражаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:30, реферат

Описание

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады.

Работа состоит из  1 файл

ақша қаражаттары.doc

— 52.00 Кб (Скачать документ)

Барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі  мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз  нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.

     Ақша қаражаттарын  сақтау үшін және заңды тұлғалар  арасында есеп айырысу үшін  Қазақстан Республикасының банк  мекемелерінде банк шоттарын  ашады. Банк шоттары – бұл  банк пен клиенттер арасындағы  келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

     Корреспондеттік  шоттар – банк шоттары банктер  мен ұйымдардың кейбір операция  түрлерін жүзеге асырады.

     Ағымдағы (есеп  айырысу) және жинақ шоттары  – бұл да банктік шоттар, бірақ  олар жеке және заңды тұлғалар  үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның  оқшаланған бөлімшелері үшін  де ашылады.

     Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

     Субъект  шоттарындағы қаражат олардың  иелерінің әмірі бойынша есептен  шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз  шоттағы қаражатты есептен шығаруға  соттың, мемлекеттік салық қызметінің  рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

     Қазақстан Республикасының  аймағында ақшаны төлеу мен  аударуды жүзеге асыруда келесі  әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді  беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

     Ақшасыз есеп айырысудың  негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері;  кеден мен салық қызметінің  органдарының инкассалық жарлықтары  болып табылады.

     Төлеуші  мен алушылар өзара есеп айырысу  нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Қазақстан Республикасы Қаржы  Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік  есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық  қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге  эртүрлі төлемдерді түлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.

Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар  күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол  ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

1)   ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   тұлғаларға   есеп айырысу шоттарын;

2) Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшін  заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

3) Бюджеттік  мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

4) Республикалық  бюджетте түрған мекемелерге  бюджеттік шоттарды;

5)     Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Ақшалай қаржылармен  есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) Ақшамен есеп  айырысу операцияларын толық  және уақтылы дер кезінде есептеу.

2) Субьектідегі  ақшалай қаржылардың түгелдігін  және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды  бақылау.

3)  Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

1)  Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дүрыс жүргізу.

2)  Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде кӨрсету.

3)      Бұл інген    лимиттерге,    қорларға    және    сметаларға    сәйкес    ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.

4)   Белгіленген   мерзімдерге   ақша   қаражаттары   мен   есеп   айырысудың жағдайына    түгендеуді    ұйымдастыру    және    жүргізу.    Мерзімі    кешігетін дебиторлық   және   кредиторлық   берешектердің   туындауын   болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.

5)  Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.

6) Есеп айырысу  — төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен  қызметтер үшін сомалардың уақтылы  аударылуына, сондай — ақ несие  тәртібінде алынған ақша қаражаттарының  қайтарылуына бақылау жасау.

Ақша қаражаттардың  есебі мынадай алғашқы құжаттардың  негізінде жүзеге асады:

-    төлем тапсырмасы;

-    нақты жарнаға хабарландыру;

-    төлем талап тапсырмасы;

-    кіріс касса ордері;

-    шығыс касса ордері;

-    ақшалай чектер;

-    слиптер;

-    қаражатты депонирлеудің төлем тапсырмасы;

-    банктік көшірмелер.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.

Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бугалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: «Заңды тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы  нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық  құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;                                                                     
  2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.  
  3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

 


Информация о работе Ақша қаражаттары