Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 22:07, реферат

Описание

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, олардың ағымдық өтімділігі, сатушылар мен сатып алушылардың ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу механизмін қамтамасыз етуде ақша нарығында қаржы құралдары маңызды рөл атқарады. Кез-келген қаржы құралдарының негізінде ақша жатады.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал, бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни

Содержание

1.Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні.
2.Экономикада ақша нарығының ролі. Ақша нарығының құралдары.
3.Қолма-қол және қолма-қолсыз (айналыстағы) қаржыларды пайдалану арқылы төлемдер.

Работа состоит из  1 файл

akwa narygy.docx

— 19.65 Кб (Скачать документ)

3-тақырып: Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

 

1.Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні.

2.Экономикада ақша нарығының ролі. Ақша нарығының құралдары.

3.Қолма-қол және қолма-қолсыз (айналыстағы) қаржыларды пайдалану арқылы төлемдер.

 

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржылық қызметінде, олардың ағымдық өтімділігі, сатушылар  мен сатып алушылардың ақшалай  қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу механизмін қамтамасыз етуде ақша нарығында  қаржы құралдары маңызды рөл  атқарады. Кез-келген қаржы құралдарының негізінде ақша жатады.

Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі  тауар өндірісі тауар айналысының  дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің  өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның  еңбек өнімі балама негізде басқа  өнімге айырбасталса, онда ол тауарға  айналады. Ал, бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни

                                                     өндіріс құралдары


                                      Т-А                                              өндіріс – Т/ - А/ 

                                                     еңбек күші

 

сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде  тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде әрекет етеді.

Ақшаның бастапқы формалары  қабыршақ, мал және  т.б. болды. Кейіннен олардың орнын алтын, күміс және мыс монеталары ауыстырды. Ақшаның  монеталық формаларын ауыстыратын  несиелік ақшалар пайда болды.

Несиелік ақшалар –  айналымдағы толық құнды ақшаларды  алмастыратын және несие белгісі  ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген  құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі  эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Несиелік ақшалар өз дамуында бірнеше сатылардан өтті. Несиелік ақшаның алғашқы тарихи түрі бұл  вексель. Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме.

XIV ғасырдың соңында несиелік  ақшаның тағы бір түрі банкнота  пайда болды. Алғашқыда банкнотаны  кез-келген банк эмиссиялады,  кейіннен эмиссиялау ролын мемлекет  өзіне алды.

XVI-XVII ғасырларда қолма-қолсыз  есеп айырысу пайда болды. Несиелік  ақшаның жаңа формасы – чек  пайда болды. Чек бұл талап  бойынша құрылған қатаң есеп  берудің ақшалай құжаты, онда  чек берушінің (ұстаушыға) банктің  төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы  бар.

Ақша келесідей қызметтерді  атқарады:

  • құн өлшемі;
  • айналыс құралы;
  • төлем құралы;
  • қор жинақтау құралы;
  • дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның қызметтерінен ақша нарығының келесі қызметтері анықталады:

    • Төлем қызмет і- нарық қатысушылары арасында есеп айырысу операциялары жүзеге асырылады;
    • Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемелерді рәсімдеу, яғни вексельдер шаруашылық субъектілерін коммерциялық несиелеуді жүзеге асырады;
    • Тіркеу қызметі және т.б. 

Ақша нарығының құралдарынан және Қазақстан қаржы нарығының  ерекшеліктерінен ақша нарығы келесі сегменттерге бөлінеді (2-сурет).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыскөзі: Искаков Ұ.М., Бохаев Д.Т., Рузиева Э.А. «Қаржы нарығы және делдалдары». Оқу құралы, А.:2008

2-сурет. Қазақстанда ақша  қаражаттары нарығының негізгі  сегменттері.

 

Қазақстан Республикасының аймағында  ақша нарығының қаржылық құралдарымен айналыста келейсідей операциялар  жүзеге асырылады:

  • Қолма-қол ақшалар берілуі (банкнота);
  • Чектердің берілуі;
  • Вексельдердің берілуі немесе олардың индоссамент бойынша берілуі;
  • Төлем карточкаларының қолданылуы;
  • Міндеттемелік қолхаттар айналысы.

 

Ақша нарығының төлем  құралдары (қолма-қолсыз есеп айырысу  формалары). Қазіргі кезде ақша қаражаттарының айналысында қолма-қолсыз ақша айналысы дамуда. Ол коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қолма-қолсыз ақшалар арқылы есеп айырысудың мынадай  негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылды:

  • Төлем тапсырмалары;
  • Төлем талап-тапсырмасы;
  • Аккредитивтер;
  • Чектер;
  • Вексельдер;
  • Пластикалық карточкалар.

Жабдықтаушылар  мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық келісім шартында өздері анықтайды. Есеп айырысу бойынша  бір-біріне қоятын талаптарды екі жақ  банкті қатыстырмай өздері қарастырады.

Төлем тапсырмасы шот иесінің өз шотынан алушының шотына тапсырмада көрсетілген белгілі бір соманы аудару туралы банкке беретін жазбаша өкімін білдіреді. Төлем тапсырмаларымен алынған тауарлармен көрсетілген қызмет үшін, барлық тауарлық емес операциялар бойынша, келісімшартта қарастырылған жағдайда аванстық төлемдер бойынша есеп айырысулар жүргізіледі. Есеп айырысудың бұл формасы Қазақстанда кеңінен тараған.

Төлем талап-тапсырмасы. Сатушының талабы бойынша сатып алушыға тауар келісімшарты бойынша көрсетілген соманы шотына аудару туралы жазбаша өкімін білдіреді.

Аккредитив сатып алушы банкінің сатып алушының тапсырмасы бойынша жөнетілген тауарларды, сондай-ақ аккредитивтік өтініште қарастырылған басқа жағдайларды растайтын құжаттарды негізге ала отырып жабдықтаушыға төлем аудару турасындағы жабдықтаушының банкіне беретін тапсырманы білдіреді. Аккредитивтер жабық (депозиттік) және ашық (кепілдікті), қайтарып алынатын және қайтарып алынбайтын боп бөлінеді.

Төлеушінің жабдықтаушы  есеп айырысу үшін қаражатты алдын-ала  сақтап қоятын, әрекет яғни алғашқысының қаражатты өз есеп айырысу шотынан  жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке аударатын әрекеті жабық аккредитив деп саналады.

Ашық аккредитив орындаушы  банктен өзінің шотын жүргізетін эмитент-банктен аккредитивтің барлық сомасын есептен шығарып тастауын білдіреді.

Қайтарылып алынбайтын аккредитив жабдықтаушының қаражатты алушының келісімінсіз күшін жоймайды немесе өзгертілмейді. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда аккредитив қайтарып алынатын деп саналады.

Чек берушінің чекті ұстаушыға  чекте көрсетілген ақша сомасын  төлеу туралы төлеушіге беретін  сөзсіз жазбаша ұсынысы чек деп аталады.  Чек беруші – бұл тауар үшін төлемдерді төлейтін немесе толтырылып, қол қойылатын чек арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Чек ұстаушы-бұл чек бойынша төлемді алатын тұлға. Чектер есеп айырысу чегі және ақшалай чек болып бөлінеді. Есеп айырысу чегі төлем тапсырмасы сияқты төлеушімен рәсімделеді, алайда төлем тапсырмасынан айырмашылығы чек төлеушіден заңды тұлғаға – төлемді алушыға шаруашылық операциялар іс жүзінде асырыған сәтте беріледі. Содан кейін чек төлемді жүзеге асыратын банкке беріледі.

Ақшалай чектер чекті ұстаушыға  банктен қолма-қол ақша алу мүмкіндігін  береді. Мысалы: еңбек ақы, шаруашылық қажеттіліктер үшін, іс сапар шығындар және т.б.

  Вексель бұл бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай (соло) вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта) – вексель  беруші кредитордың (трассант) қарыз  алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельдік және аллонжда (аваль ретінде есептеу  деген жазумен рәсімделеді).

Банк қызметіне механикаландыру  мен автоматтандыруды енгізу, банктік  есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ  мен компьютерлерді кең қолдануға  өту электрондық ақшалардың пайда  болуына ықпал етті, яғни компьютер  жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Ол клиенттің шоты негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.


Информация о работе Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары