Ақша теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:44, реферат

Описание

Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әртүрлі формаларын туғызады. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай =балта), яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді.

Содержание

Ι Кіріспе.
1.1 Ақшаның қажеттілігі және шығу тегі.
ΙΙ Негізгі бөлім.
1.1 Ақшаның түрлері.
ΙΙΙ Қорытынды.
1.1 Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі.

Работа состоит из  1 файл

Ақша теориясы реферат.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

Ақшаның қазіргі экономикада  атқаратын  қызметтеріне мыналар жатады:

  1. құн өлшемі және баға масштабы.
  2. айналыс құралы.
  3. төлем құралы
  4. қорлану және қор жинау құралы
  5. дүниежүзілік ақша.

Ақшаның құн  өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады.

Тауар құнының ақшамен  бейнеленуін оның бағасы деп атайды. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп дталады.

Ақшаның айналыс  құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атрқарады. Тауар айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауар сатып алу, яғни тауарлардың ақшаға айнылуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).

 Ақшаның  төлем құралы қызметі.  Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, содай – ақ бірқатар тауарлардың өндірілісі мен сатуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сату және сатып алу, яғни несиеге беру қажеттілігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т ( тауар) – М ( міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар). Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты несие және қаржы қатынастарына да қызмет етеді. Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауғ немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық  бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану  екі формада жүзеге асырылады:

    1. кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қолану формасында;
    2. банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

  Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сырқы серіктестіктерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар  жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төллем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.

 

 

 


Информация о работе Ақша теориясы