Ақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:17, курсовая работа

Описание

“Ақшанын пайда болуы және мәні” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша массасы мен ақша базасы туралы жазылған.
Ал ақырғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамның ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.






1 Ақшаның пайда болуы және мәні

1.1 Ақшаның пайда болу тарихы

Содержание

Кіріспе 3
1 Ақшаның пайда болуы және мәні 4
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы 4
1.2 Ақша теориялары 7
1.3 Ақшаның түрлері 11
2 Ақша айналысы және қызметтері 16
2.1 Ақша айналысы мен заңы 16
2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы 19
2.3 Ақшаның қызметтері 22
3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі 26

Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 30

Работа состоит из  1 файл

курсовая.docx

— 73.37 Кб (Скачать документ)

Ақша тәлем құралы ретінде тек  қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие  қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай  түрде топтастыруға болады:  тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша  төлем міндеттемелері;  мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер, банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер; сақтандыру міндеттемелері; әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.   

Ақшаның төлем құралы қызметін толық  бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану  қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алудың қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар  оларды жинақтауға немесе қорлануға  тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып  алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық  бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл  қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану  екі формада жүзеге асады:

Көсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық  және жинақ (дипозиттік) шоттардағы, сол  сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде  қоғамдық қорлану формасында;

Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда  байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету  барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда  болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың  қазіргі валютасы – еуро, сол  сияқты Халықаралық валюталық қордың  СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде  жаңа валюта «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық Одаққа бастапқыда  он бір ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия,  Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро»  қолма-қолсыз төлемдер үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың  1 қаңтарынан және 6 айдай  уақыт ішінде енгізіліп, валюталық  одаққа мүше елдердің ұлттық  ақша бірліктері 2002 жылы 1 шілдесінен  бастап өз қызметтерін тоқтатты.                                                              

           3  Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген  елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің  өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде  қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру  формасы.

Ақша жүйесінің өзіне тән  типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның  қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері.

Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың  бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан  құралған 1 теңге болып табылады.

Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста  қазыналық билеттер болса, онда қазіргі  кезде ҚР ақша белгілері болып  олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің  орталық банктерінің айналысқа  ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол  ақшаларды шығарып, олардың айналысын  ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды  сату формасында жүзеге асырады.

Ақша түрлері заңды төлем  құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс  және мыс-никельдік монеталар жүреді.  

 Валюталық бағам дегенміз  – бұл басқа бір елдің ақша  бірлігіне қатысты бейнеленген  сол елдің ақша бірлігінің  бағасы.

Ақша жүйесінің мынадай типтері  болады:  

–  металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

–  несиелік және қағаз ақшалар  айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз  ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

 Биметаллизмнің үш түрі болады:

 –  қос валюталы жүйе, яғни  мұнда алтын мен күмістің арасындағы  шекті қатынас, металдардың нарықтық  құндарына байланысты белгіленген;

–  қатар жүретін валюталар  жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас  мемлекет тарапынан белгіленген;

–  ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда  алтын және күміс монеталары заңды  төлем құралы қызметін атқарады, бірақ  бірдей негізде емес, себебі күміс  монеталарды жасау жабық түрде  жүзеге асырылып, алтын монеталар  жасауға ерік берілді.

Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне  сәйкес келмеді, себебі екі металды  құн төлшемі ретінде қатар  пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап  етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің  орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

Монометаллизм – бұл барлығына  бірдей балама және ақша айналысының  негізі ретінде бір ғана металл (алтын  немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын  монета стандарты, алтын құйма стандарты  және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл  еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды  сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл  стандарт мынадай өзіне тән негізгі  белгілерімен сипатталады:

– алтын елдің ішкі ақша айналысында  болып, ақшаның барлық қызметтерін  бірдей атқарды;

–  алтын монеталарды құюға  рұқсат етілді;

– толық құнды емес ақшалар айналыста  жүре отырып, еркін және шектеусіз  мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

–  алтын және шетел валюталарын  еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын құйма стандартының алтын  монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста  алтын монета болмайды және алтын  монетаны еркін түрде жасауға  тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар  сияқты алтын құймасына тек олардың  сомалары көрсетілген жағдайларда  ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын  құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір  елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз  стандарты бекітілген.

1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық  дағдарыстың нәтижесінде алтын  монометаллизмнің барлық формалары  жойылды. Алтынға айырбасталмайтын  несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді.  Банкнотаның алтынмен қамтамасыз  етілуі және оны алтынға айырбастау  капиталистік елдердің барлығында  тоқтатылды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі  құндарының қалыптасу механизміне  қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан  біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің  заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын  ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен  монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

Қорытынды

1993 жылдың наурызында «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту  мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл  тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын  қоса отырып).

Ұлттық валютаны жасау еліміздің  Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы  мәселе бойынша барлық шаралар қатаң  құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа  мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

Дайындық жұмыстары бітер кезеңде  сол кездегі Премьер-министр С.А. Трещенконың төрағалығымен мемлекеттік  комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде  РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі  айналыстан 1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды алып тастап, бұрынғы  КСРО нышанынсыз жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу арқылы өзінің ақша реформасына  кіріскен еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл  аймағы бұрынғыдағы ТМД елдерінің  жеке бюджеті кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа  енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды.

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде  қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол  кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ  долларына қатысындағы теңге  бағамы еліміздің алтын қорының  тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз  ерекше шиеленістерсіз негіздік.

Бүгінгі күні, міне, Қазақстан өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз  ұлттық валютамыз теңге енгізгелі  он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер  бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы  дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл  ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың  келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне  көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда  біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес.                                     

     

Қолданылған әдебиеттер

 

 

    1. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. –  Алматы:ИздатМаркет 2004.
  1. Сейіткасымов Ғ. С. Ақша, несие, бакнтер. – Алматы: Экономика, 2001.
  1. Дробозино Л. А. Финансы. Денежное обращение.Кредит. – Москва: Финансы, ЮНИТИ, 1997.
  2. Жукова Е. Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.
  3. Ақша, Несие, Банктер. Сейтқасымов Ғ.С
  4. Ақша айналысы және несйе. Мақыш С.Б
  5. Қаржы және несие – оқу-әдістемелік құралы. Қазақ Мемлекеттік университеті. 2000ж.
  6. Экономикалық теория. Әкімбеков
  7. Банк ісі. Мамыров
  8. Комерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б
  9. Дробат  Ю.Л. Экономическая система.-Москва.:Асафа 2004.-302с.
  10. Есипова Р.Р. Денежный оборот Республики.-Алматы,2000.-254с.
  11. Каренова Е.Г. Международный оборот денег.-Тараз,2000.-401с.
  12. Торова Ю.П. Экономические решения.-Москва,2003.-365с.
  13. Миронов П.О. Деньги.Кредит.Банки.-Москва,1999.-473с.
  14. Немигаило П.В. Эволюция денег.-Алматы:Cизиф,2003.-524с.
  15. Летников М.Д. Денежный оборот.-Москва,1998.-453с.
  16. Микосян А.И., Ефремова П.Ч. Денежный оборот.-Екатеринбург

Информация о работе Ақша