Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 23:09, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Ақша-несие саясаты ел ішіндегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Кіріспе
Ақша-несие саясатының теориялық негізі
Ақша-несие саясатының түсінігі, мәні, мақсаттары
Ақша-несие саясатының құралдары, типтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Ұлттық Банктің 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
Ұлттық банктің 2007 жылдағы ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық ба
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес еліміздің банк секторының сыртқы борышын басқарудың тиімділігін арттыру қаржы секторын реттеудегі негізгі бағыттардың бірі болады.
Қаржы тұрақтылығына төнген қауіпті уақтылы анықтау жөніндегі өзара іс-қимылдардың және жұмыстарды ұйымдастырудың сапалық деңгейін арттыру, сондай-ақ қаржылық қатынастар субъектілерінің тәуекелдерін халықаралық практикаға сәйкес реттеу жөніндегі үйлестірілген саясатты жүргізу үшін Ұлттық Банк ҚҚА және Үкіметпен бірлесіп 2007 жылы Қаржы тұрақтылығы жөнінде меморандум әзірлеп, қол қоятын болады. Ол құжат қаржы тұрақтылығы үшін тәуекелдерді реттеу бөлігінде органдардың құзыретін, ақпараттық өзара іс-қимыл жасау рәсімін, қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша тұрақты консультациялар жүргізу тәртібін, реттеуші іс-қимылдардың келісілген шараларын іске асырудың жолдары мен қағидаттарын реттейтін болады.
4.2 Ұлттық банктің 2007 жылдағы ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қалыптасып отырған практикада жыл сайын алдағы 3 жылға Ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын əзірлейді, оларда инфляция бойынша мақсаттық бағдарлар, сондай-ақ ақша-несие саясатының оларға қол жеткізу жөніндегі шаралары айқындалады. Орта мерзімді кезеңге арналған саясаттың стратегиялық бағыттарын айқындау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі саясатының болжамдылығын арттырады жəне қаржы нарығы қатысушылары үшін оны дамыту бағытындағы айқындалмаушылық дəрежесін төмендетеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдында тұрған міндеттерді орындау əлемдік қаржы нарығының жəне тиісінше ішкі экономиканың даму перспективаларына қатысты көмескілік дəрежесінің жоғары болуына байланысты күрделі болды. Əлемдік қаржы нарығындағы ахуалдың одан əрі нашарлауы тəуекелінің жоғары болуы жағдайында ірі дамыған елдердің орталық банктері ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің банк жүйелеріне көмек көрсете бастады.
2007 жылы Қазақстан Республикасындағы жылдық инфляция (өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда желтоқсанда) 18,8 % (соңғы 7 жылдағы ең жоғары деңгей) болды. Ағымдағы кезеңнің ерекшелігі инфляциялық қысымның күшеюі жəне қаржы нарығындағы ахуалдың нашарлауы жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдында жəне басқа да орталық банктердің алдында белгілі бір таңдау туындауында болды. Басқа жағынан алғанда бағаның тұрақтылығына қол жеткізуді, ал басқа жағынан алғанда қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканың одан əрі өсуін арналған жағдайды сақтау қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы жағдайларда екі жылға алға, яғни ақша-несие саясатының 2008-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарын əзірлеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл ретте негізгі мақсатты іске асырумен қатар банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешеніне ерекше назар аударылды.
Айқындалмаушылықтың төмендеуіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үш жылдық кезеңге арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын əзірлеу практикасына қайтып оралуға ниеті бар.
Əлемдік экономикадағы қаржылық сілкініс Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы тəуекелдерге тəуелді екенін көрсетті. Экономика дамуының соңғы бірнеше жылдар бойы қалыптасқан түбегейлі ерекшеліктері осалдықтың негізгі факторларының бірі болды. Шикізат салаларының кірістері, банктердің сырттан қарыз алуы, мемлекеттік шығыстардың өсуі экономканың «қызып кетуіне» жəне жиынтық сұраныстың өсуіне ықпал етуін жалғастырды. Сұраныс белсенді өсіп отырған жағдайда инфрақұрылым қызметі мен жылжымайтын мүлікке деген сұранысты тез қанағаттандыруға экономиканың объективтік мүмкіндігінің болмауы жағдайында инвестициялауға арналған құралдардың шектелуі жылжымайтын мүлік нарығының «қызып кетуіне» жəне құрылыс жəне басқа да қызмет көрсету секторындағы кірістіліктің артуына алып келді. Жылжымайтын мүлік нарығы инвестициялар үшін неғұрлым тартымды болды. Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторының соңғы жылдардағы өсуі де банк жүйесіндегі тəуекелдердің айтарлықтай жинақталуына қабаттас болды. Теңгенің нығаюы, Қазақстан Республикасының тəуелсіз кредиттік рейтингінің жəне отандық банктердің рейтингінің көтерілуі, банк секторының инвестициялық тартымдылығы Қазақстан банктерінің капиталдың сыртқы нарықтарына үстемдік жасауына мүмкіндік жасады. Сыртқы қарыз алудың өсуі жəне кредиттеу көлемінің ұлғаю қарқынының өсуі несие портфелінің сəйкес сапасымен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, банктердің активтері сапасының нашарлауының əлуетті тəуекелі бағаланған жоқ.
Банктердің құрылыс саласын жəне жылжымайтын мүлік нарығын басымдықпен несиелуі, бір жағынан, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың одан əрі көтерілуіне жəне банк секторының несиелік тəуекелдерге ұшырауының күшеюі себепші болды. Екінші жағынан, құрылыс секторы іс жүзінде банктердің қаржыландыруына толық тəуелді болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне Қазақстан Республикасы қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі бірнеше жылдар бойы банк жүйесінде туындайтын тəуекелдерді барынша төмендету жөнінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, несие портфелінің сапасын реттеу, ең төменгі резервтік талаптардың тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды, несиелік тəуекелді неғұрлым барабар бағалауға, провизияларды қалыптастыруға жəне қаржы ұйымдарының капиталын ұлғайтуға бағытталған жаңа талаптар əзірленді, шетелден қарыз алуға шектеулер енгізілді. Сонымен қатар əлемдік қаржы нарықтарында туындаған мәселелер банк жүйесінің жинақталған тəуекелдерінің пайда болуына жəне ұлттық экономиканың сыртқы қаржы күйзелістеріне осалдығының күшеюіне алып келді. Сырттан қаржыландыру ресурстық базаны толықтырудың маңызды көздері болып табылатын Қазақстан банктері ағымдағы өтімділіктің жетіспеуі проблемасына ұшырады. Банктік қаржыландырудың төмендеуі бірінші кезекте құрылыс көлемінің қысқаруына, сондай-ақ басқа салалардағы белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Тəуекелді қайта бағалау, қаржы жүйесіндегі қорландыруға қатысты қиындық “Standard & Poor’s” жəне “Fitch” халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстан Республикасының тəуелсіз несиелік рейтингін, сондай-ақ бірқатар отандық банктердің рейтингтерін төмендетуіне алып келді. Соған қарамастан экономиканың өсу қарқыны 2007 жылдың аяғына дейін бəсеңдемеді.
Əлемдік экономика 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында жоғары қарқынмен дамыды. ХВҚ-ның бағалауы бойынша оның өсу қарқыны осы кезеңде жылдық көрсетумен 5 % жуық болды. Осы өсудің жартысы Қытайдың, Үндістанның жəне Ресейдің экономикаларының дамуына келді. Сонымен қатар, əлемдік қаржы нарығы 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында ставкалардың біртіндеп шамалы өсуімен сипатталды. Осындай өсудің себебі инфляция деңгейінің артуы нəтижесінде кейбір дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдатуы болды. Еуропа орталық банкі бір жылдың ішінде базалық пайыздық ставканы екі рет көтерді – наурызда 3,75 % деңгейге дейін жəне маусымда 4 % дейін. Жапония банкі ставканы 2007 жылғы ақпанда 0,5 % деңгейге дейін көтерді. ФРЖ-ның базалық ставкасы 2007 жылғы қыркүйекке дейін 5,25 % деңгейде қалды. Валюта нарықтарында АҚШ долларының əлсіреуімен, еуроның, фунт стерлингтің нығаюымен жəне Қытай юанінің баяу нығаюымен сипатталған 2006 жылғы трендтер жалғасты.
2007 жылдың екінші жартыжылдығында дамыған экономикалардың өсу қарқыны төмендеді. Еуропа мен Жапониядағы өсудің бəсеңдеуі ұлттық валюталардың нығаюымен жəне инвестициялар ағынының төмендеуімен байланысты болды.
АҚШ-та өсудің бəсеңдеуіне «sub-prime» ипотека дағдарысы жəне нəтижесінде тұтынушылық сенімділіктің құлдырауы себепші болды. Бұл ретте 2007 жылғы тамызда АҚШ-та 2007 жылдың басында туындаған ипотекалық заемдар нарығындағы дағдарыс жергіліктіден ғаламдыққа ауысты. Нəтижесінде қаржы нарықтарындағы құбылмалылық артты. АҚШ-ғы «sub-prime» ипотека нарығының құлдырауы, сондай-ақ тəуекелдер жəне түпкілікті шығындар туралы екіұштылық əлемдік қаржы нарықтарындағы өтімділіктің келесі дағдарысына алып келді. Тəуекелдердің өсуі портфельдік инвесторлар капиталды дамушы нарықтардан шығаруға алып келді. Нəтижесінде дамушы нарықтардың көпшілігі үшін сыртқы нарықтарға жол түгелдей дерлік жабылды.
Бірқатар орталық банктер, атап айтқанда АҚШ Федералдық резервтік жүйесі, Еуропа орталық банкі өз елдеріндегі банк жүйелерінің өтімділігін қолдау үшін несие басымдылығын жүргізу арқылы туындаған дағдарысқа жауап қатты. Осы жағдайларда əлемдік нарықтардағы пайыздық ставкалардың құбылуы күшейді. 3 айлық долларлық депозиттер бойынша Либор ставкасы 2007 жылғы шілденің аяғындағы жағдай бойынша 5,36 %-дан 2007 жылғы 7 қыркүйекте өзінің 2007 жылғы ең жоғары мəні 5,73 %-ға жетті. Еуропа орталық банкі тарапынан 2007 жылғы желтоқсанда өтімділік құйылғаннан кейін Либор ставкасы 4,73 % дейін төмендеді (2007 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша). Тұтастай алғанда, əлемдік экономика негізгі көзі əлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық болып табылатын жоғары айқындалмаушылық кезеңіне кірді. Соңғы айларда жағдайдың тұрақтануына қарамастан, ірі банктер бағалы қағаздарға инвестицияланған, сенімділігі төмен ипотекалық заемдарға байланысты активтерді есептен шығаруын жалғастыруда. Əлемнің жетекші елдерінің (АҚШ, Еуроаймақ, Ұлыбритания, Канада жəне Швейцария) орталық банктері 2007 жылғы желтоқсанда өтімділік дағдарысынан шығу үшін күштерін біріктіретіндігі туралы жариялады. Əлемдік экономика қаржы нарығындағы тұрақсыздықпен қатар тауар нарықтарындағы бағалардың айтарлықтай өсуі проблемасына ұшырады. Мұнай өндірудің резервтік қуаттарының шектелуі, оған негізінен қарқынды дамып келе жатқан жəне геосаяси тəуекелдері ұлғайып отырған елдер тарапынан сұраныстың тұрақты өсуі жағдайында 2007 жылдың басынан бері мұнай бағасының тұрақты өсу үрдісі байқалды. Мəселен, жыл басымен салыстырғанда 2007 жылғы желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың орташа бағасы ХВҚ-ның деректері бойынша 46,8 % өсіп, бір баррель үшін 91,45 АҚШ долл. құрады.
2007 жылы негізгі металдар мен азық-түлік өнімдерінің бағаларының да өсуі жалғасты. Мəселен, азық-түлік жəне өнеркəсіп тауарлары кіретін, отынға жатпайтын биржалық тауарлар бағаларының индексі ХВҚ-ның есебі бойынша 2007 жылғы 9 айда 6,1 % өсті. Бұл ретте метал бағаларының индексі 1,5 %, ал азық-түлік бағаларының индексі 18,2 % өсті.
Негізгі дəнді дақыл өндіруші елдердегі өнімнің төмен болуы, өсімдік шикізатымен жасалатын отынның (биоэтанол) балама түрлерінің əлемдік өндірісінің өсуі əлемдік нарықтағы тиісті тауарларға деген ұсыныс көлемінің қысқаруына алып келді, бұл олардың бағаларының өсуіне əкеп соқты. Мəселен, ХВҚ деректері бойынша бидайдың əлемдік бағасы (Канада) 2007 жылы 2 есе өсті, АҚШ ауылшаруашылық департаментінің деректері бойынша күнбағыс майының бағасы 2007 жылғы қаңтар-қарашада 91,9 % өсті.
Əлемдік қаржы жəне тауар нарықтарындағы теріс үрдістер салдарынан əлемнің көптеген елдерінде инфляция өсті. Мəселен, АҚШ-та жылдық инфляция (соңғы 12 айда) 2006 жылғы желтоқсандағы 2,5 %-дан 2007 жылғы қарашада 4,3 %-ға дейін, Еуроаймақ елдерінде 1,9 %-дан 3,1 %-ға дейін, оның ішінде Германияда 1,4 %-дан 3,1 %-ға дейін өсті.
Əлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың өсуі Қазақстан Республикасының экспорттық кірістірінің одан əрі өсуін қамтамасыз етті. Кедендік статистиканың деректері бойынша тауарлар экспорты 2007 жылғы 9 айда 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 % өсіп, 33,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Энергия тасымалдауыштарының əлемдік бағаларының жоғары деңгейінің сақталуы мұнай кен орындарының инфрақұрылымын дамыту үшін шетелдік тікелей инвестициялардың ағынына себепші болды. Бұл ретте негізінен банк секторының сыртқы заемдары шикізатқа жатпайтын сектордың жоғары өсу қарқынының көзі болды.
Ағымдағы операциялардан кірістер (негізінен тауар экспортынан түскен түсімдер) өткен жылдардағыдай импорт шығыстарын жəне резидент еместерге қаржы жəне еңбек ресурстарын тартқаны үшін кірістерді өтеген жоқ. 2007 жылы осы үрдістер күшейді, нəтижесінде ағымдағы операциялар шоты бойынша дефицит одан əрі ұлғайды. Төлем балансының ағымдағы шотының дефициті 2007 жылдың 9 айында 5,3 млрд. АҚШ долл. астам болды, ал 2007 жылдың нəтижесі бойынша 7 млрд. АҚШ долл. деңгейінде болады деп күтілуде (2006 жылы – 1,8 млрд. АҚШ долл.).
Шетелдік тікелей инвестициялардың нетто-ағынының айтарлықтай өсуі салдарынан (2007 жылғы 9 айда 6 млрд. АҚШ долл. жуық) бірлескен кəсіпорындардың импорт, ең алдымен халықаралық қызмет көрсету шығыстары өсті. 2007 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша халықаралық қызмет көрсету балансының дефициті 5,7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 28,5 % көп.
Шетелдік тікелей инвесторлар қайтарған сомалар ағымдағы шот бойынша шығыстардың негізгі бөлігін құрайды. 2007 жылдың 9 айында олар 6,9 млрд. долл. құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 23,3 % көп.
Ағымдағы операциялар шоты бойынша дефициттің ұлғаюы да банк секторының сыртқы борышы бойынша сыйақылар төлемдерінің өсуі есебінен болды. 2007 жылдың 9 айында бұл сома 2,3 млрд. АҚШ долл. құрады (2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті).
Тікелей инвесторларға дивидендтер төлеу жəне халықаралық қызмет көрсетуге жұмсалған шығыстар бірлескен кəсіпорындар алған экспорттық кірістер мен тікелей инвестициялар есебінен жеткілікті түрде қаржыландырылады. Сонымен бірге төлем балансының елден капиталдың əкетілуін айқындайтын қалған операцияларын қаржыландыру мүмкіндіктері (сыртқы борышқа қызмет көрсету жəне өтеу) Қазақстан резиденттерінің халықаралық капитал нарықтарына кіруіне жəне резиденттер жинақтаған шетелдік активтердің көлеміне тікелей қатысты болады. Мəселен, 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржыландырудың банк секторының сыртқы заемдармен қамтамасыз етілген нетто-ағыны 2006 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 5,2 млрд. АҚШ долл. нетто-ағынымен салыстырғанда 12,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Елге сыртқы ресурстардың ағыны ағымдағы төлемдердің қаржыландыру қажеттілігінен айтарлықтай асты жəне жеке сектордың шетел активтерінің өсуімен өтелген жоқ. Төлем балансының қаржылық шотының операцияларымен қалыптастырылған шетел валютасына деген артық ұсыныс теңгенің айырбас бағамына нығаю жағына қарай айтарлықтай қысым көрсетті, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығындағы операциялары есебінен əлсіреді.