Аудит Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 14:49, реферат

Описание

Аудиттің объектісі болып табылатын шаруашылық қызметкерлер кіретін болса, оның мақсаты осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды кемітудің тиімді жолдарын анықтау, өндірістің тиімділігімен пайдалылығын, еңбек өнімділігін арттыру, яғни жұмыстың нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды дайындау. Ал аудиттелетін субъект – қаржылық есептілігі және өзге ақпарттар бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға болып табылады.
Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Аудит компоненттері
2.2. Аудит принциптері
2.3. Аудит концепциялары
2.4. Аудиттің жалпы постулаттары
2.5. Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері
ІІІ.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Исаева А.doc

— 64.50 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Аудит компоненттері 

2.2. Аудит принциптері 

2.3. Аудит концепциялары  

2.4. Аудиттің жалпы  постулаттары

2.5. Аудит стандарттары  мен нормаларының ерекшеліктері

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Аудиттің қаржылық, экономикалық, техникалық және тағы басқа қызмет салаларында жүргізіледі.

Аудиттің негізгі мақсаты  – шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп беруінің нақты, дұрыс жасалынғанын анықтау болып табылады. Қазақстан республикасындағы «Аудитторлық қызмет  туралы» заңында мынадай анықтамалар берілген:

Аудит Қазақстан республикасының  заңында берілген талаптарға сәйкес,  аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке  байланысты басқа да ақпараттар туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.

Аудиттің объектісі  болып табылатын шаруашылық қызметкерлер кіретін болса, оның мақсаты осы  қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды кемітудің тиімді жолдарын анықтау, өндірістің тиімділігімен  пайдалылығын, еңбек өнімділігін арттыру, яғни жұмыстың нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды дайындау. Ал аудиттелетін субъект – қаржылық есептілігі және өзге ақпарттар бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға болып табылады. 

Аудит теориясы мына негізгі  элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1. Аудит компоненттері 

Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шарушылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

Екінші  компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты  бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік бері ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.

Үшінші компонент –  бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен  өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек  және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу крек.

 Төртінші компонентіне  техникалық тұрғыда аудиторлық  қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші  компонент  ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты  жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер (өлшемдер) алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қыбалданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.

 Аудиттің алтынша  компоненті – аудиторлық есеп  беруді жасау. Аудитор осы арқылы  тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

2.2. Аудит принциптері 

Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және тағы басқа.

Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, объективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырылған жұмысты мінсіз әрі адал орныдауы талқылауда білдіретін пікірінің объективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Ғылымилық принциптің мағынасы – аудиттің қорытындылары аудит теориясы және басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді. Сондықтан да аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесін терең меңгерген жоғары білікті маман немесе ғалым аудиторлық іспен жиі айналысады.

Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақтылы жүргізілуін  білдіреді. Ол аудиттің іс-тәжірибе талаптарына жауап беруі керек деп ұйғарады. Сондықтан да келіп түскен ұсыныстың жүзеге асуы қаншалықты анықтығын, яғни іс жүзінде асыруға келетінін анықтап алу қажет.

Аудиторлық бақылаудың объектісі  болып табылатын жүйелердің сақтау принципі аудит барысында белгілі бір ықпал ету сапалы сипаттамаларды және іс-жұмыс тәртібін бұзбатындай шекте жүзеген асырылуын талап етеді.

Жариялылық принципін сақтау  қажеттілігі аудитті жүргізуге  де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялылықтың  аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеру пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.

Негізгі принциптердің маңызы мен  оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы  жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін  арттырады.

2.3. Аудит концепциялары 

Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдамасы бар:

  1. Мінез-құлық (тәртіп)  этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді.
  2. Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеді. әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешқандай сыртқы факторлар (қысым, күш көрсету) әсер етпеуі керек.
  3. Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
  4. Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағмұлматтар мөлшерін жинап бағалау керек.
  5. Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну бара – барлығы  әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабылданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.

 

2.4. Аудиттің жалпы постулаттары

Аудиттің негізгі мәселелерінің  бірі – оның  постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы  постулат – бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Дж. Робертсон мынадай анықтама ұсынады: «Постулат – бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізгі бар аксиомалық бекіту. Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады.

Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Тіпті олардың шынайылығы толық дәлелденбесе де постулаттар анық болуы керек. Кез келген постулат немесе аксиомалар білімнің даму процесінде өзгерістерге ұшырауы ықтимал болғандықтан олар соңғы инстанциясында шынайы болмауы да мүмкін. Осы жөнінде Дж. Робертсон былай деген: «Аудиторлық тексерудің бір жағдайларын есекермей тұрып, постулаттарға көзсіз ере беруге болмайды. Постулаттар белгілі бір жағдайда жалған болып, соған сәйкес әрекет етеді, - яғни, аудиторлық тексеруде жүргізуге қалай болса, солай ұқыпсыз қарайды».

Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады.

Әр түрлі ғалымдар мен манман-практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделеген постулаттар болып мыналар саналады:

    1. Қаржылық есеп берудер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.
    2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.
    3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.
    4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
    5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалсы, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.
    6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
    7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.
    8. Есеп беру мәліметтерінің объективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.
    9. Әрбір тізбекті текс еру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын  кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз  болады.
    10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір  деңгейде иландырады.
    11. Бұрынғы ( алдыңғы) ақпараттың құндылығы.
    12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.

Осылайша, аудит саласын  стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тәжірибелік жұмыстарына міндетті түрде қажет болады. Олардың күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолданылуы аудиторлық  тиімділігіне оң әсер ететін , кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.

 

2.5. Аудит стандарттары  мен нормаларының ерекшеліктері

 Стандарттарды аудиттің  теориясы мен іс-тәжірибесінде  негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің ұлттық  стандарттары аудиттің жүргізілуі жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі  оңтайландырады.

Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен  және негізгі постулаттармен реттеледі.

Аудиторлық стандарттар  әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады,алайда олар резизиялық іс-тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Әрбір нақты  аудиторлық (ревизиялық) орган сыртқы тексеру стандарттары оның мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты дәрежеде сәйкестігін дербес анықтауы керек.

Стандарттардан бір  айырмашылығы аудит нормалары негізгі  принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды:

  • өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру;
  • жекелеген салаларды ревизиялау;
  • бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және тағы басқа.

Нормалар көз жеткізіп иландыратындау болуы керек, бірақ  олардың тура нұсқаулық (директивалық) сипаты жоқ. Аудиторлар нормадан ауыткуы  мүмкін, бірақ олардың сақталмау  себептерін түсіндіріп беруге әрдайым дайын тұруы керек.

Аудиторлық стандарттар мен  нормалар сияқты жарияланған ресми  құжаттарды мемелекеттік, бақылаушы, заңды  және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылық алып, пайдалануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

 Қорыта келгенде, ғалымдардың әр түрлі пікірлерін шолу арқылы озық ғылыми тұжырымдарды және кәсіби аудитті, ішкі бақылау, бухгалтерлік есеп пен бизнесті қаржы – экономикалық  талдауды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі озық идеялар мен жетістіктер жинақтап қорытылды, тұжырымдар жасалды және нақтылы ұсыныстар әзірленді.

Бақылау – аудиторлық  қызмет теориясының  тұжырымдамалық негіздері, компоненттері, принциптері, постулаттар, стандарттар  мен нормалар анықталды. Қаржылық есеп беруді ұйымдастырудың әдіснамасының басты проблемалары қаралады, тетіктер мен іс – тәжірибе жасалады.

Аудиттің  компоненттері  көптеген  шаруашылық жүргізуші  субъектілердің басшылығымен дайындалған  ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік бері ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында қолданылады.

Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және тағы басқа жатады. Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Постулат – бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізгі бар аксиомалық бекіту. Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Аудит стандарттары мен нормалары халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі  оңтайландырады.

Информация о работе Аудит Қазақстан