Аудит түрлеріне сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 23:36, курсовая работа

Описание

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Работа состоит из  1 файл

әшімов Мағжан.doc

— 169.00 Кб (Скачать документ)

Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және ХХ ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х. Монттомери американдық аудиттің сол кезеңін «есепшоттық аудит» деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған американдық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық «тестілік аудитке» өзгеріп, ауысады (трансформацияланады). Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен фирманың қызметі туралы  мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңдігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.

ХХ ғасырда  бухгалтерлер мен аудиторлардың  аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдау (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (LASC – 1973ж. негізі қаланған), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (NHTOCAN – 1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC – 1977ж. құрылған), БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметіінң маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген кридиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр.

 

2.2. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері

 

Американдық бухгалтерлер  ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің  негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып  отыр:

1. Кәсіпкерліктің  дамуы мен капитал өсуінің  әсері;

2. ӨЗін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;

3. Экономикалық  тұрақтылықты, меншік иеленушілерге  және кредиторларға олардың салған  ақшаларының сақталуына кепілдік  беруді қамтаамсыз ететін жағдай  тудырудың қажеттілігі; 

4. Компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға ммүкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;

5. Қаржылық ақпаратты  пайдаланушылар компанияның есептік  жазбаларына әдетте қолдары жете  бермейді және олардың тиісті  тәжірибелері жиі бола бермейді;

6. Пайдаланушылар  қабылдайтын шешімнің салдары  өздері үшін өте маңызды болуы  мүмкін, сондықтан да аудиттер  арқылы алатын ақпараттың толық  болуы мен анықтығы оларға  ауадай қажет.

Аудит – бұл  біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты  аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

Әкімшілікті құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың аарсындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру және бақылау  түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берудіңлердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Бизнес аудитін  жүргізу үшін белгілі бір салалар  мен компаниялар іс-әрекеттің  жағдайы туралы шындыққа жанасымды  ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.

Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір  салалар мен шаруашылық жүргізуші  субъектілер іс-әрекетінің жағдайы  туралы мәліметтерді алу бойынша  бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамалар 310 «Бизнесті білу» атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайды бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастырудақолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің озық  түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.

Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржылық-кредиттік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі ммүкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық  жағдай тудыратын мүмкіндіктері мен белгілі бір өкілеттіліктері болса да еелулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.  Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай  келе жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.

Нарықтық экономика  жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін  дамыту мәселесінің көп қырлы  болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1) Теориялық:  кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;

2) Әдіснамалық:  аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін  анықтау, бизнес жағдайының таладу  көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;

3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен  жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік  және ақпараттық базалардың мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

  • бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
  • шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;
  • қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
  • бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
  • бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
  • бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуге ЭВМ-ді және экономикалық –математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан  Республикасының "Аудиторлық  қызмет туралы". Заңы, 1998 ж., 20 қараша.

2. Адамс Р.  Основы аудита: Под ред. Я.В.  Соколова. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995. -398 с.

3. Аңдреев В.Д.  Практический аудит. М: Экономика, 1994г.

4. Аренс Э.А., Лоббек Дж.К. Аудит. Перевод  с англ. Глав-ный ред. серии  профессор Соклов Я.В. - М.: Финансы и статистика, 1995.-250 с.

5. Белобжецкий  И.А. Аудит. В 2-х частях. М.: Бухгалтерский  учет, 1994 г.

6. Данилевский  Ю.А. Аудит: вопросы и ответы. М.: Бухгалтерский учет, 1993 г.

7. Данилевский  Ю.А. Аудит промышленных акционерных обществ.- М: АО "Финстатинформ", 1995. -78 с.

8. Додж Рой.  Краткое руководство по стандартам  и нормам аудита. - М: "Финансы  и статистика", ЮНИТИ, 1992. -240 с.

9. Дюсембаев  К.Ш. Теория аудита. Алматы. Экономика. 1995 г.

10. Ержанов М.С.  Теория и практика аудита. Алматы. Ғылым, 1994 г.

11. Робертсон  Дж. Аудит. Перевод с англ. - М:  КРМС, Аудиторская фирма "Контакт", 1993, -496 с.

12. Стуков С.А.. Голышев В.Д. Введение в аудит.  М.: Тарнер. 1992 г.

13. Соколов Я.В.  Десять постулатов аудита. Бухгалтерский учет. 1993 г., № 1.

14. Сейткасымов  Г.С., Сейткасымова А.Г. Становление  и развитие аудиторской деятельности. Карағанда. КарГУ, 1993 г.

15. Терехов А.Л.  Аудиты высшие и внутренние. - Журнат "Бухгалтерский учет", 1993, № 4.

16. Угольников  К.А. История аудита, журнал "Контроллинг", 1991


Информация о работе Аудит түрлеріне сипаттама