Аудиторлық қызмет туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 11:26, курсовая работа

Описание

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділкті қалыптастыруға септігін тигзеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді,сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................................3


I АУДИТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.........................………5
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы…………………………………………..5
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері ……………………………………8
1.3. Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері……………………..11

II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ АДЫМЫ.................................14
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы..............................................................................14
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері…18
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................20

Работа состоит из  1 файл

kursavoi audit.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді - өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты  секторындағы шаруашылық жүргізуші  субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызмететрінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

2.1 ҚАЗАҚСТАН  АУДИТІНІҢ ДАМУЫ

 

             Қазақстанда аудиттің қалыптасуы оның кең танымал болуына                   « Қазақстан аудиттың » сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның министірліктерде, үкімет деңгейінде және парламен комитеттерінде талқылануында бас кеңесші,сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.

          Сонымен,алғашқы аудиторлық фирмалардың  құрылтайшы құжаттарында-ақ, артына  « ҚР аудиторлық қызмет туралы»  заңда көрініс тапқан аудит пен оның мақсаттары берілді.

           1990 жылдан бастап рынокта «  Эрнест энд Янг Сыртқы аудит»  БК пайда болды. Ол орналасқан  жері және иелігіне қарамастан  олардың өтініштері бірлескен  кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер  жүргізді. Бұл сол кезде  «  Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.

            Қазір Қазақстанда аудиторлық  қызмет көрсететін ірі халықаралық  аудиторлық ұйымдар мен жергілікті  аудиторолық фирмалар өз қызметтерін  дамытуда. Қазақстан Республикасының   Қаржы министірінің 05.04.2001 жылғы  № 173 « Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы» бұйрығымен  жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтінгті ҚР Үкіметінің 2001жылғы 28-ақпанындағы № 290 « Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнінднгі шаралар туралы» қаулысына сәйкес дәлелденді.

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің                        қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету  мақсатында бухгалтерлік есепке алу  мен аудит жүйесін реформалаудың  негізгі бағыттарын, оларды іске асыру  жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру.

Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді  тиімді орындауы үшін қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік, стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.

Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде  қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан  экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек  маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Отандық және әлемдік  тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:

- осы ақпаратты пайдаланушылармен  (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған  жағдайда әкімшілік тарапынан  дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;

- қабылданған шешімдер  салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығымен;

- ақпаратты тексеру  үшін арнайы білімнің болуы  қажеттілігімен;

- ақпаратты пайдаланушылардың  ақпарат сапасын бағалау үшін  оның көздеріне қол жетімділігінің  ішінара болмауымен.

Барлық осы алғышарттар  тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.

Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт  алуы аудиторлық қызметтер сапасын  бақылауды күшейтуге қатысты  және осы үшін негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.

Заңда аудит сапасын  және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті арттыруға бағытталған  шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор мамандығын нығайту, оның өзін-өзі  реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың  кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.

Жоғарыда көрсетілген  мәселелерді іске асыру шеңберінде негізгі назар аудиторларды дайындауға, оларды аттестаттауға және біліктілігін арттыруға, бірінші кезекте, білікті  аудитормен расталуы тиіс қаржылық ақпаратты  пайдаланушылар мүдделерін қорғауға, сондай-ақ аудит институтының жұмыс істеу негіздерін реттеуге аударылатын болады.

Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі  таңда кәсіби қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.

Кәсіби ұйымдардың ұйымдар  қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын мәселелер болуы тиіс: корпорациялық басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына жатқызылуы тиіс. Осы үшін Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, олар қолайлы бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін тигізетін болады.

Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі  тиіс, онда бұрыш басына тікелей  пайдаланушы мүддесін қою қажет  және осы мақсатпен аудиторлардың  өздерінің мүдделері шегінде  оны жабық кеңістікте дамыту мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына кепілдік беру – мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясының дәлі өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді сақтауына жауапты. Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.

Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан үшін ғана бар емес, ол әлемнің көптеген жетекші елдерінде маңызды түрде теориялық та, практикалық та жағынан дамыды. Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар көрсеткендей, аудиторлық ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан жеткіліксіз бақылау қор нарығының күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және бірқатар жетекші американ компанияларының акционерлеріне миллиардтаған залал келтірді.

Аудит жүйесін жетілдіру  үшін орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттар:

- орта және жоғары  оқу орындарының оқу бағдарламаларына  ХАС оқытуды енгізу және оларды  тәжірибеде пайдалану білу;

- кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;

- аудиторлық қызмет  мәселелері бойынша заңнаманың  сақталуын мемлекеттік қадағалаудың  тиімді жүйесі.

Сондай-ақ, бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып, брифингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Аудитті жетілдіру жөнінде  сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері

 

Аудит – экономикалық ақпараттың дұрыс берілуін тексеріп, бұл жөнінде өзінің тәуелсіз қорытындысын жасау. Ал, оның шаруашылық және өндірістік мәселелер үшін ерекше рөл атқаратыны мәлім. Біздің елімізде нарықтық қатынастар енді-енді белең алып келе жатыр. Күрделі де сан қырлы нарықтық инфрақұрылымның пайда болуы қаржы-экономикалық тетіктердің дамуына ықпал етеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл қызметтің пайда болуы бір ғасырдан асып бара жатқаны соның дәлелі. Мәселен, тәуелсіз қаржы бақылауының отаны -  Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы қабылданған. Толып жатқан ұйымдар, компаниялар, биржалар, банкілер құрылып жан-жақпен байланысып, қарым-қатынаста бола бастаған тұста аудит объективті қажеттілік ретінде пайда болады. Демек, тәуелсіз аудиторлық қызметті де біз өмірдің өзі ұсынып отыр деп айта аламыз.

Қаржы министрлігі жанынан  шаруашылық есептегі аудиторлық орталық  пен оның аумақтық бөлімшелерін құру туралы үкіметтің 1990 жылғы пәрменінен бастау алған біздегі аудиторлық қызметтің пайда болуына нарықтың дамуы, алуан түрлі меншіктің дүниеге келуі, кәсіпкерлік үрдіске, қаржы жұмысын ұйымдастыруға қабілеті онша жете бермейтін тың күштің келіп қосылуы ықпал етті. Негізгі мақсаты – тексеру мен айып салу емес, жалпы жағдай мен конституциялық қызметті шынайы бағалау болып табылатын тәуелсіз аудиторлық тексеруге бақылау қызметтерімен және мемлекеттік органдармен қатар, кәсіпкерлер де, шаруашылық жүргізуші субъектілер де жиі-жиі жүгіне бастады.

Нарық деген ұғымның  кең мағынасын қолдансақ, аудиторлардың  меншік иелерінің үдделерін қорғайтынын, мемлекет шығынының алдын алатынын, сөйтіп, адамдардың нарыққа деген, жаңа экономикалық қатынастарға деген сенімін  арттыратынын мықтап ескертуіміз керек.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен басқа да нарықтық субъектілердің қаржы есебін тәуелсіз түрде сараптап, оған талдау жүргізуді өзімізде құрылған аудиттің ғана жүзеге асыратынын жұрттың  бәрі білуге тиіс. Ол қандай ақпараттың болсын дәл де, толық, нақты берілгенін және мемлекетіміздің заңдарына қаншалықты сәйкес келетінін айқындауға көмектеседі. Ал өзін-өзі сыйлайтын инвестор немесе несие беруші эмитенттің, яғни биржаға өз акцияларын шығаратын адамның кім екенін білмесе бағалы қағаздарды сатып ала алмайды. Сөйтіп аудиторлық қорытындысыз іскерлік қатынастарға да бармайды.

Нарықты аудитсіз көзге  елестету қиын. Аудит нарықтың неғұрлым көкейкесті салаларының бірі ретінде  мамандардың, зерттеушілердің назарын  барған сайын өзіне көбірек аударып, берік заң негізіне ие болуда.

Информация о работе Аудиторлық қызмет туралы