Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:21, курсовая работа
Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ақпаратты пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы қаржылық есептi құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, усынылатын ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.
Кіріспе………………………………………………….....……......................3 бет
І тарау
1.1. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі ..............6 бет
1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері....................................................................……….....................11 бет
1.3. Ауыл шаруашылық ұйымдардың шикізаттардың есебі....…...............16 бет
1.4. ХҚЕС бойынша ауыл шаруашылық шығындарының есебі................21 бет
2.0.Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі..........................................25бет
2.1.Өсімдік шаруашылығы бухгалтерлік есебі............................................20 бет
2.2.Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі............................................22бет
2.3.Ауыл шаруашылықта өндірілген өнімдердің есебі................................23бет
2.4.Өсімдік және мал шаруашылық өнімдердің өзіндік құн есебі..............14бет
2.5. Ауыл шаруашылық шығындарының синтетикалық және аналитикалық есебі...................................................................................................................26бет
2.6. Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары ......7бет
ІІІ тарау
3.0.Қорытынды…................…………………………………………….....24 бет
ІV тарау
4.0.Пайдаланылған әдебиеттер....................
Мал шаруашылығындағы өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау төмендегі шығын баптары бойынша ұйымдастырылады:
- материалдар;
-
өндірістік жұмысшылардың
- еңбек ақыдан аударымдар;
- үстеме шығындар.
Мал шаруашылығы ұйымдарында қойларды азықтандыруға жұмсалынатын жем-шөптер төмендегі екі тәсілдің біреуін қолдану арқылы жұмсалуы қажет.
Бірінші тәсіл – негізгі өндіріске жіберілген материалдар (азықтар) алғашқы құжаттардың негізінде тікелей 1310 «Материалдар» шотының кредитінен, «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жазылады. Есепті мерзімнің соңында пайдаланылмаған мал азығына түгендеу жүргізіліп, нәтижесінде пайдаланылмаған жем-шөптің көлемі мен құны цехқа немесе бөлімшеге жіберілген жем-шөптің құндарынан шегеріледі.
Екінші
тәсіл – орталық қоймадан өндірістік
бөлімшеге немесе бригадаға жіберілген
мал азығы алдыменен бөлімше
меңгерушісінің немесе бригадирдің, бас
шопанның есебіне беріледі де, содан
кейін әрбір бөлімшедегі азықты
сақтау орындарынан тек мал азығының рационына
сәйкес қажетті мөлшері ғана азықтандыруға
жіберіледі.
2.4.Өсімдік
және мал шаруашылық
Бастапқы бухгалтерлік есептің сапасын және сенімділігін арттыру барысында кооператив басшылығының ақпараттарымен өз уақтылы қамтамасыз етілуі өте маңызды. Сол құжаттар және соның негізінде жасалған есептеу қортындылары басқару өндірісін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете алады. Сондықтан да ауылшаруашылығында бастапқы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін және өсімдік шаруашылығын басқарудың ақпараттық жүйесіндегі орнын нақты анықтау қажет. Осы мәселелер бойынша «Бухгалтерлік құжат және құжаттаманы» анықтауда ауқымды пікір таластар жүргізілді. Тарқатып айтсақ, «...бастапқы бухгалтерлік құжаттар, бухгалтерлік есепті қалыптастыру тетіктері мен негізгі ақпаратты жеткізушілер болып табылатын, бөлек объекті ретіндегі бастапқы есеп жүйесін құрады, оның үстіне, бұл бухгалтерлік есеп әдісінің негізгі элементі бола алады» деген тұжырымдамалар айтылды.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарын және ауылшаруашылық есебінің айрықша құрылымының мазмұнын қолдануға байланысты мәселелер кездеседі. Соған байланысты егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының бастапқы құжаттары өндірістік процестердің ерекшелігін көрсетеді: олар «Астықты егіндіктен жөнелту Тізілімі, астық қозғалысы Тізімдемесі, Тұқымдар шығыны Тізімдемесі, мал азығы шығынын есепке алу Тізімдемесі, ірі және шырынды азықтарды қабылдау Актісі, көкөністердің түсу Күнделігі т.б.» Өндірісте мал шаруашылығы бастапқы құжаттар болып Төлдерді кіріске алу Актісі, малдардың салмағын өлшеу Тізімдемесі (сала бойынша), Сүт саууды есепке алу Журналы, Жұмыртқа түсу Күнделігі, Жүн қырқу Актісі т.б. Осы аталған құжаттар, әрбір өндіріс саласындағы кооперативте есепке алу процесін тиімдірек пайдалануды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бөлек егін және мал шаруашылығындағы ақпараттық бақылау жүйелерін, қызметтер бойынша табыс көздерін иеленуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында біріңғай мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттаманың болуының ұйымдастырушылық зор маңызы бар. Әрбір құжат бір операцияның аяқталуымен және басқа операцияның басталуы арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді, мысалы, «Төлді кіріске алу Акті» сала бойынша мал шаруашылығы өнім шығымын есепке алады және сонымен бірге есепте түсі, салмағы, ұрғашы, еркек атауы, құлақшалық нөмірін көрсетумен төл басы көбейеді, бұл көрсеткіштер қажетті ақпараттар болып табылады және басты талап – бухгалтерлік есепте көрсетілуі қамтамасыз етіледі. Ауылшаруашылық кооперативтерінде компьютерлік өңдеуді қолдану мамандандырылған бухгалтерлік құжаттардың мазмұнын, атқаратын қызметінің құрылымын ашудың басты мақсаты болып табылады. Бұл талаптар шаруа қожалықтарының ірі кооперативтерге біріктірілуі жағдайында өсе түседі, онда ақпараттық есеп жүйесіне компьютерлік өңдеуге негізделген есептің алдыңғы қатарлы әдістемесі қажет етіледі. Осы бухгалтерлік есеп ақпараттарына компьютерлік өңдеуді енгізу ауыл шаруашылық өндірістерін, және қосымша қызметтер мен қызмет көрсетуші өнеркәсіптік өндірісті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып отыр.
Мамандандырылған бухгалтерлік құжаттарды компьютерлік өңдеуді қажет ететін егін шаруашылығында есепке алу бойынша жүйелеу төрт бағыт бойынша жүргізіледі:
1. Еңбек шығындарын есепке алу бойынша құжаттар;
2. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша құжаттар;
3.
Өнім шығымын есепке алу
4. Материалдық шығындарды есепке алу бойынша құжаттар.
Ол, барлық саладағы өсімдік шаруашылығының өндіріс және есеп обьектісі бойынша жүргізілген шаруашылық операцияларын бастапқы құжаттардың мамандандырылған формаларымен ресімдейді, ол, бірінші кезекте өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы алалықты (алшақтықты) жоюға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында мамандандырылған біріңғай бастапқы құжаттамалардың болуы бухгалтерлік есептің және одан кейін қаржылық есептеменің негізгі ұйымдастырушылық көрінісі бола алады.
Кейбір
фермерлердің бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
және жүргізуге, қаржылық есеп беруді
жасауға қарсы келуі немесе оларды ескермеуі
болып тұрады.
2.5.
Айналымдағы мүліктер құрамына кіретін шаруашылық құралдарының есебі мен бақылауын нақты дұрыс ұйымдастыру үшін:
Сонымен қатар, ұйымның есеп саясатында шаруашылық құралдарының құнын есептен шығару мерзімі туралы мәселе ашып қарастырылуы қажет. Бұл топтағы өндірістік қорлардың құнын есептен шығару мерзімі болып, бір жағынан қолданысқа жіберу сәті саналуы мүмкін, ал екінші жағынан, активтің қызмет ету мерзімінің аяқталған, есептен шығарылған уақыты болуы мүмкін. Экономикалық көзқарастан бұл жерде бірінші нұсқаны пайдаланған дұрыс, себебі қолданысқа жіберілген шаруашылық құралдардың құны бірден дайын өнімге кеткен материалдық шығындар құрамына кіреді. Дайын өнімді сатқаннан кейін, қолданыстағы шаруашылық құралдарын, олардың қызмет ету мерзімі бітпей тұрып жаңа құралдармен алмастыру мүмкіндігі туындайды. Екінші нұсқаға қарағанда, бұл жерде қорларды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, олардың айналым қарқыны өседі. Бірақ, біздің ойымызша, бірінші нұсқаның бір кемшілігі бар – ол қолданысқа жіберілген және сол сәтте есептен шығарылған шаруашылық құралдарына бақылаудың жеткіліксіздігі.
Нормативті құжаттарға сәйкес шаруашылық құралдарын қоймадан қолданысқа жібергеннен кейін, олардың бары мен қозғалысын бақылау жедел есеп тәртібімен жүзеге асыру ұсынылады. Бірақ бақылаудың қандай әдістері мен тәсілдерін қолдану керек екендігі түсініксіз. Сонымен қатар активтердің жеке осы түрімен байланысты бастапқы құжаттар да қарастырылмаған.
Сонымен,
материалдық-өндірістік қорлар құрамында
есепке алынатын, қолданысқа жіберілген
сәтте есептен шығарылатын
Бөлімшелерде пайдаланылатын шаруашылық құралдары туралы көрсеткіштерді жүйелендіру үшін «Шаруашылық құралдарын пайдалану журналын» жүргізу ұсынылады. Бұл журналда белгілі кезеңде осы қорлардың келіп түсуі, қолданысқа жіберілуі көрініс табады, ал ескертпесінде – қорларды пайдаланудың тиімділігі, яғни олардың өндірістік қуаты толық пайдаланылды ма немесе есептен алдын ала шығарылды ма және алдын ала шығарудың себептері көрсетіледі. Қорларды алдын ала есептен шығарған кезде объектінің нақты пайдаланылуы, есептен шығару себебі және қабылданған шешім көрініс табатын «Алдын ала шығару актісін» толтыру ұсынылады. Қабылданған шешімге байланысты бұл шаруашылық құралын пайдаланушы тұлғаның кінәсі анықталса, қордың жарты құнын төлетіп, өндірістік шығындарды осы сомаға кеміту керек. Ауыл шаруашылығы ұйымдарында қорлардың қозғалысын құжаттап рәсімдеу келесідей тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс (3сурет).
Сонымен
қатар қорлар есебін жетілдіру мақсатында
реттелу дәрежесі бойынша шығындарды
жіктеу және ұйымдарда есепті аналитикалық
қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жауапкершілік
орталықтарына бөлумен қатар қолдануға
болады. Жауапкершілік орталықтары бойынша
есепті ұйымдастыруда әрбір орталық менеджерлерінің
құқықтары, міндеттері және құзіреттіліктері
аясын нақты белгілеу қажет, және олардың
көпшілігінде тек шығындарды өлшеу ғана
емес, сонымен қатар орталық қызметінің
көлемін өлшеуге мүмкіндіктің болуына
талпыну керек.
Қазіргі уақытта ұйым туралы жалпы бірдей мүддемен байланысқан ұжым ретінде айтуға болмайды. Нарық заңдылықтары бойынша өнім өндіру және сатумен, қызмет көрсетумен және басқа қызметтермен байланысты барлық экономикалық субъектілер құрылтайшыларға, яғни меншік иелеріне және жалдамалы жұмысшыларға бөлінеді. Ендігі жерде түгендеуге, кәсіпкерлердің қаражаттары және заемдар мен несиелер салынған меншіктің сақталу мәселесі ретінде қараған жөн.
Алдын айтылғандай, түгендеу ауыл шаруашылық ұйымдарында материалдық қорлардың сақталуын бақылаудың бір тәсілі ретінде қолданылады. Бірақ, түгендеу жүргізу барысында нәтижесінде бұл әдістің бақылау қызметін жоғалтатын, көптеген тәртіп бұзушылықтар мен қателіктер жіберіледі.
Осы талаптарға сүйене отырып, біз материалдық қорларды түгендеудің ең төменгі қажетті кезеңділігін анықтадық (4 кесте).
4
кесте - Ауыл шаруашылығы ұйымдары
үшін материалдық қорлардың түгендеуін
өткізудің ұсынылатын кезеңділігі
Қорлардың түрлері | Шот № | Кезеңділік | Өткізу мерзімі |
Шикізат, жем, тұқым және басқа да материалдар | 1310 | Жылына 1 рет | 1 қазаннан ерте емес |
Мұнай өнімдері | 1310 | Айына 1 рет | Есептілік алдында міндетті |
Жас мал | 1350 | Тоқсанына 1рет- жылына 1 рет | Есептілік алдында міндетті |
Бордақыдағы мал | 1350 | Жарты жылда 1 рет | Есептілік алдында міндетті |
Аяқталмаған өндіріс | 1340 | Жылына 1 рет | 1 қазаннан ерте емес |
Қоймадағы дайын өнім | 1320 | Жылына 1 рет | 1 қазаннан ерте емес |
Тауарлар | 1330 | Жылына 1 рет | 1 қазаннан ерте емес |
Ескерту – автор құрастырған |
Түгендеуге қойылатын бұл кезеңділік пен талаптардан келесідей қорытынды жасауға болады: жыл соңында жылдық есептілікті құрудың алдында өндірістік-шаруашылық қызметтің қалыпты ырғағы тек қана қорлардың ғана емес сонымен қатар басқа да мүліктер мен міндеттемелердің түгендеуін жүргізумен бұзылады.
ауыл шаруашылығы ұйымдарында түгендеуді
дұрыс жүргізгенде нақты осы факторлар
анықтаушы маңызға ие, деп есептейміз.
Бір жағынан қысқа уақыт аралығында (қазан-қараша)
шаруашылықтарда барлық мүліктер мен
міндеттемелердің түгендеуі дұрыс өткізілуі
тиіс. Оған, әрине, қызметкерлер – түгендеу
комиссиясының мүшелері, материалды-жауапты
тұлғалар жұмылдырылуы тиіс, ал қорларды
түгендеу кезінде арту, түсіру, таразыға
тарту жұмыстары үшін қосымша жұмысшылар
да тартылады. Екінші жағынан, жыл соңы
бұл – барлық есепті кезеңге ұйым қызметінің
қаржылық нәтижелері анықталатын қорытындылаушы
кезең, сондықтан белгіленген жоспардан
қандай-да бір ауытқулар немесе тұрып
қалу кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан
да, кейбір жағдайларда есептің дұрыстығы
екінші кезекке қалып қояды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру өнеркәсіпте, құрылыста, сияқты ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасында жүргізілетін бухгалтерлік есептің бірегей әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.