Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 21:24, курсовая работа
Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ....3
1 Есептің қойылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...4
2 Есептің алгоритмі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...5
3 Теориялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....6
3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ..6
3.2 BDE Administrator . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...6
3.3 Мәліметтер базасының кестесін құру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...7
3.4 Кестенің қасиетін беру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...9
3.5 Paradox форматының кестелері . . . . . ……………. . . . . . . . . ..11
3.6 Компоненттер парағы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ....13
4 Программаның баяндалуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..15
4.1 Жалпы мағлұматтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...15
4.2 Функционалдық тағайындалуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..15
4.3 Логикалық құрылымның баяндалуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
4.4 Шақыру және жүктеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..18
4.5 Қажетті техникалық жабдықтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. ..18
4.6 Кіріс мәліметтер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...18
4.7 Шығыс мәліметтер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...19
5 Бақылау мысалдарын баяндау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . .
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key–«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.
Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
2 – кесте Validity Checks қасиеттері.
Required Field
| Бұл индекаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек. |
Minimum | Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді. |
Maximum | Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді. |
Default | Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді. |
Picture | Енгізілетін мәннің түрін корсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (## - ## - ##). |
Assist | Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады. |
Table Lookup – бұл бөлім берлген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағаннан кейін Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:
Unique | Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса. |
Descending | Бұл опция кестені кему бойынша реттейді. |
Case Sensitive | Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады. |
Maintained | Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады. |
Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.
Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.
Update rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox – тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жолбермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Password Security бөлімі Paradox – та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.
Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.
All | Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру. |
Insert & Delete | Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады (редактірлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тиім салынады. |
Data Entry | Мәліметтерді редактерлеуге және жазбаларды қоюға болады, бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге, өшіруге тиім салынады. |
Update | Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге береді. |
Read Only | Тек кестені көруге болады. |
Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.
Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізмнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.
Paradox форматының кестелері
Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады .
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік :
деректердің тұтастығын
әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
енгізілген деректерді тексеруді
кестенің парольдық қорғанысын
қамтамасыз етеді .
1.1 кестесінде Paradox 7 кестесінің өрістік типі тізімі берілген .
Тип Белгіленуі Мәннің мазмұны Alpha A Символдар қатары. Ұзындығы 255 символ . Number N Жүзбелі нүкте саны . Money $ Ақшалық қосынды . Short S Бүтін сан . Диапазон -32768...32767 Longinteger I BCD # Екілік – ондық жүйедегі сан . Date D Күн . Time T Уақыт Timestampt @ Күн мен уақыт Memo M Символдар қатары. Ұзындығы шенелмеген . Formatted F Символдық қатар. Memo-дан айырмашылығы, Graphic G Графиктік көрініс.Форматтары BMP,PCX,TIF,GIF. OLE O OLE технологиясын қамтитын деректер форматы. Logical L Логикалық мән. Autoincrement + Автоинкрементті өріс. Binary B Байттар тізбегі. Ұзындығы шенелмеген . Bytes Y Байттық тізбек. Ұзындығы 255 символдан аспайды |
Ескерту !
Database Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary,
Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.
Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар құрылуы тиіс. Өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспау керек. Өрістің атын бергенде пробел ," # " ," $ " символдарын қолдануға болады. Бірақ , "." , " ! " , " | " символдарын қолдануға болмайды. Себебі, бұл символдар DELPHI – де басқа мақсаттарда қолданылады .
Paradox кестесінің кемшілігі болып, кестелік деректерді сақтайтын типтік файлдардың көптігі болып саналады. Бір каталогтан келесі каталогқа қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде, осы кестені қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек.
Paradox кестесінің файлдарының келесі кеңейтінділері бар :
DB – деректі кесте
MB – BLOB-деректер
PX – негізгі индекс
XG* және YG* – екінші индекстер
VAL – деректердің және сілтемелік тұтастықты тексеретін параметрлер
TV және FAM – Database Desktop программасында кестені шығару форматы
Delphi-дің өзіндік деректер базасының кестелік форматы болмаса да, әртүрлі МББЖ қамтамасыз етеді. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған Delphi құралын екіге бөлуге болады :
аспаптық құрал
компоненттер
Аспаптық құралдарға арнайы программалар мен пакеттер жатады. Олар деректер базасына қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Компоненттер, деректер базасымен операция жасайтын қолданбаларды құруға арналған. Біз солардың компоненттерін қарастырайық.
Компоненттер парағы
Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттерді қарастырайық.
Деректер базасымен жұмыс істегенде қолданылатын компоненттер Data Access, Data Control, Midas, Decision Cube, Rave және InterBase парақтарында орналасады.
Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес компоненттер орналасады:
DataSource – деректердің басы
Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы
Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы