Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 22:08, курсовая работа
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
Кіріспе....................................................................................................3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері.................................6
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні...............................................6
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері.........................................................................................8
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары......................................13
1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары............................15
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы..........................19
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау........19
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері....25
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері..................................................................................................27
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары......28.
Қорытынды...........................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................44
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | |
Республика бойынша барлығы | 76743 | 87995 | 102182 | 116924 | 130779 | 145087 | 157568 |
Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шарушылығы | 6743 | 7403 | 7842 | 8439 | 8772 | 10005 | 10147 |
Балық аулау және балық өсіру | 188 | 236 | 286 | 305 | 312 | 324 | 342 |
Өнеркәсіп | 9787 | 11724 | 12818 | 14061 | 15174 | 16325 | 17107 |
Кен өндіру өнеркәсібі | 489 | 641 | 689 | 757 | 861 | 969 | 1112 |
Өңдеу өнеркәсібі | 8599 | 10266 | 11206 | 12370 | 13382 | 14377 | 15037 |
Электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу | 699 | 817 | 923 | 934 | 931 | 979 | 958 |
Құрылыс | 7214 | 8786 | 10581 | 12715 | 15174 | 18234 | 21670 |
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу | 31399 | 41143 | 48826 | 56200 | 62519 | 68029 | 72177 |
Қонақ үйлер мен мейрамханалар | 1438 | 1704 | 1901 | 2073 | 2265 | 2343 | 2429 |
Көлік және байланыс | 3660 | 4490 | 5175 | 5903 | 6607 | 7460 | 8092 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету | 11946 | 7997 | 9834 | 11806 | 14078 | 16091 | 18982 |
Білім беру | 714 | 806 | 908 | 1033 | 1123 | 1221 | 1301 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету | 1229 | 1385 | 1603 | 1765 | 1938 | 2083 | 2215 |
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету | 2425 | 2321 | 2408 | 2624 | 2817 | 2972 | 3106 |
Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2005жылы қаңтар айының 1 жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 145,1 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 71,2 пайызға жақыны жұмыс істейтін кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 51 мыңнан астамы белсеңді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,5пайызға) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%), құрылыс саласына(13,2%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,5%) тиесілі.Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2005жылы 1 қаңтарға есептелген дерек бойынша 524,6 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 қаңтарындағы деңгейден 8,7пайызға артты. Есептелген дерек бойынша 2005 жылы желтоқсан айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55976,5 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 16,5 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика бойынша 2005 жылы қаңтар айының 1-не дейін 176,1 мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелген. Оның 83,4 пайыздан астамы экономикалық қызметпен айналысады.
2003 жылы тіркелген және қызмет етуші кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында, 39724 тіркелген кәсіпорындардың 26346 немесе 66,3% қызмет атқаруда.
Шағын бизнес субъектілерінің аз саны Манғыстау (9337), Атырау (10163) және Қызылорда (12124) облыстарына тиесілі.
Шағын кәсіпорындардың географиялық бөліну тенденциясы сақталынуда. Бұл жағдай, бірінші кезекте шағын кәсіпорындар абсолютті басымдылықта тұрғындарға қызмет көрсетуге емес, мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан да жеке кәсіпорындардың басым көпшілігі республикамыздың өнеркәсіпті облыстарында орналасса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне бағдарланып, өнеркәсібі дамымаған базаларда керісінше төменгі көрсеткіште болады.
Шағын бизнестің салалық құрылымын қарастырсақ, онда 90 жылдардың басынан бастап, елеулі өзгерістерді байқамаймыз. Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі сауда-делдалдық қызмет көрсетумен айналысуда.
Ірі өнеркәсіптік фирмаларға қызмет көрсетуге бағдарлануы, олардың өз спецификасына байланысты ұсақ фирмалар қарапайым өндіріспен айналыса алады. Шағын кәсіпорындардың күрделі технологиялы өндіріспен айналысу мүмкін емес. Олардың негізгі қызмет ету аясы – сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, бірақта бұл секторда шағын кәсіпкерліктің кең тараған желілерінің дамуы мемлекет тарапынан қаржылық көмек пен материалдық базаның болмауынан кідіріп тұр.
2004
жылы шағын кәсіпкерліктің
2004-2005 жылдар ішінде шағын кәсіпкерліктің субъектілері жалпы сомасы 129,1 млрд. теңгеге өнім өндірді, сонымен бірге бюджетке төленетін төлемдер 22,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен бес жылда аударылған салықтық аударымнан 1 млрд. теңгеге артық.
Облыста 140 бірлік болатын кәсіпкерлікті
қолдау инфрақұрылымы соның
Кесте-4.
Қарағанды облысында
шағын кәсіпкерліктің
даму жағдайы туралы
ақпарат 01.01.05г.
Көрсеткіштер | 1999ж. | 2000ж. | 2001ж. | 2002ж. | 2003ж. | 2004ж. |
Тіркелген ШОК саны, бірлік | 20088 | 21908 | 24200 | 26229 | 31041 | 35907 |
Оның ішінде: заңды тұлға | 5390 | 6823 | 7270 | 7996 | 8569 | 9420 |
Жеке тұлға | 14698 | 15085 | 16930 | 18233 | 22472 | 27580 |
Қызмет етуші ШОК саны, бір. | 19116 | 20718 | 22994 | 24866 | 29067 | 34595 |
ШБ
саласындағы жұмысбастылар |
105155 | 116782 | 125146 | 131155 | 140473 | 150220 |
Экономикалық белсенді тұлғалардан үлесі, % | 16,4 | 16 | 16,5 | 17,4 | 18,8 | 20,1 |
Өндірілген өнім көлемі (жұмыс,қызмет), млн. тенге | 28882 | 30600 | 39770 | 46827 | 51087 | 61154 |
ШОК орындалған өнім көлемінің ЖАӨ-гі үлестік салмағы, % | 14 | 11 | 14 | 15 | 15 | 14 |
“Миттал стил Теміртау” АҚ және “Қазақмыс” АҚ ескермегендегі ШОК жалпы аймақтық көлемдегі үлесі, % | 57 | 50 | 45 | 60 | 72 | 60 |
Бюджетке төлемдер млн.тенге | 2297,3 | 3595,5 | 5010 | 5165,9 | 5513,2 | 8275,6 |
Aлматы және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі шағын бизнесте жұмысбастылар үлесін біздің облыс иемденеді.
Сурет-1
Кесте-4. Шағын кәсіпкерліктің өнеркәсіптік салалардағы саудалық жүйеден өндірістік секторға ауысқандығы айқындалады
Салалар бойынша шағын кәсіпорын-дарда өндірілген өнім көлемі | 1999г. | 2000г. | 2001г. | 2002г. | 2003г. | 2004г. | ||||||
млрд тенге | үлесі,% | млрд. тенге | үлесі,% | млрд тенге | үлесі,% | млрд. тенге | үлесі,% | млрд. тенге | үлесі,% | млрд. тенге | үлесі,% | |
Өнеркәсіп | 1,2 | 4,2 | 1,7 | 5,6 | 1,7 | 4,3 | 2,5 | 5,3 | 3,7 | 7,2 | 4,7 | 7,7 |
Ауыл шаруашыл. | 2,3 | 8 | 1,9 | 6,2 | 3,8 | 9,6 | 4,2 | 9 | 5 | 9,8 | 5,3 | 8,7 |
Құрылыс | 1 | 3,5 | 1,5 | 4,9 | 2,5 | 6,3 | 3,3 | 7 | 3,6 | 7,1 | 4,7 | 7,7 |
Сауда | 22 | 76 | 23,1 | 75,5 | 26,9 | 67,5 | 31,2 | 66,7 | 32,2 | 63 | 37,5 | 61,3 |
Басқа да | 2,4 | 8,3 | 2,4 | 7,8 | 4,9 | 12,3 | 5,6 | 12 | 6,6 | 12,9 | 9,0 | 14,6 |
Барлығы | 28,9 | 100 | 30,6 | 100 | 39,8 | 100 | 46,8 | 100 | 51,1 | 100 | 61,2 | 100 |
Сурет-2
Шағын кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемі 2002 жылғы 46,8 млрд. теңге көлемінен 2006 жылы 73,3 млрд. теңгеге дейін немесе 1,5 есеге ұлғайғаны графиктен айқын көрініп тұр. Осы жылғы бюджетке шағын бизнестен түскен табыс 13 млрд. теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе ұлғайғанын көрсетті.
Сурет-3
2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері.
Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:
1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы- ресурстық базасының жетіспеушілігі: материалдық-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр.Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес.Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып, кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ.Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 2004-2005 жылдарда оларға 81,4 млрд.теңге несиелер берілді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры жұмыстарын жаңа бастаған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне, әсіресе, селолық жерлердегі кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетті. Қор өзінің құрылғанынан бергі уақытта кәсіпкерлердің 404 жобасына жалпы сомасы 437,9 млн.теңгеге несие берді, ол 2500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттің қаражатынан шағын бизнесті қолдау орталығын құру және кәсіпкерлерді оқыту үшін 12,2 млн. теңге бөлінді. 2004-2005 жылдары тауарлы несиелеуді іске асыру жұмыстары жалғастырылып, оның нәтижесінде Ақтоғай және Ұлытау аудандарындағы 100 шаруа қожалығына 6500 бас қой берілді. Облыста лизингтік компания, 12 несиелік серіктестіктер, 18 микрокредиттік ұйымдар, шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорларының филиалдары жұмыс істейді.
2. Шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
3. Шағын кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне ол коррупцияға апарады.
4. Басты проблеманың бірі- ол кадр мәселесі.Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дұрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоғамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек, ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары