Банктік несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 16:48, доклад

Описание

Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

Работа состоит из  1 файл

Банктік несие.docx

— 15.31 Кб (Скачать документ)

 
Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.  
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
  Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

    Банк несиесінің бірінші ерекшелігі  – банк өз қарыз алушыларына  несиені өзінің капиталынан ғана  емес, сонымен бірге, тартылған  ресурстардан да береді. Қазақстан  банктерінің несие ресурстарындағы  өзіндік капиталының үлесі шамамен  алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны  – тартылған  ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

    Осы несие формасының екінші  ерекшелігі – шаруашылық айналымға  әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың,  ұйымдардың және халықтың банкке  орналастырылған уақытша бос  қаражатын банк саудаға береді.

     Банк несиенің үшінші ерекшелігі  – банк  ақшалай қаражатты  саудаға өздігінен өсетін құн  ретінде болатын капитал формасында  береді. Қарыз алушы бұл ссуданы  пайдаланғаны үшін банкке пайыз  төлейді. Қарыз алушы осы несиені  өндіріс саласында пайдаланғаннан  кейін пайда аладыәрі оның  есебінен несиегерге пайыз төлейді.  Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз  атрибуты болып табылады. Банк  несиесінің айналыс саласына  ғана қызмет ететін коммерциялық  несиеден айырмашылығы, ол, сонымен  қатар, өндіріс саласына және  жинақтау саласына да қызмет  етеді. Банк несиесінің қолданылу  аясы коммерциялық несиеге қарағанда  әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық  несие – несие мәмілесінің  бағытымен, мерзімімен, және сомасымен  шектеліп қалған.

     Банк несиесі банк пен қарыз  алушының арасында несие келісімшарты  немесе несие келісімі бекітілгеннен  кейін беріледі. Банк несиесінің  мақсаты: негізгі және айналым  капиталына арттыру, маусымдық  қорларды толықтыру, вексельдер  есебі және оны қайта есептеу  халықты несиелеу.

     Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз  етілуі, мақсатты бағытының болуы,  мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы  принциптері негізінде банктің  қарызға беретін ссудалық капиталдың  қозғалысын білдіреді.

     Банк несиесі берілетін мерзіміне  қарай қысқа мерзімге және  ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен,  қысқа мерзімді несие қарыз  алушының ағымдағы және маусымдық  ТМҚ қорларын қалыптастыруына,  еңбекақы төлеуіне және өзге  де шығындарын өтеуіне байланысты  уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру  үшін бір жылға дейінгі мерзімге  беріледі.

     Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді  активтердің ұлғайтылған ұдайы  өндірісіне арналған, яғни ол  бір жылдан да көп уақытқа  негізгі қорларды құруға, қайта  жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға  беріледі.

     Банк несиесінің есебінен залалдардың  орнын толтыруға, жарғылық капиталды  қалыптастыруға, бұрын алынған несиені  өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық  төлемдерін және т.б. төлеуге  болмайды.

     Несие есеп айырысу құжаттарының  төлеміне қолма – қол ақшасыз  түрінде, жекелеген жағдайларда,  мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін  сатып алуға, еңбекақы төлеуге  және тұтыну  қажеттіліктеріне  қолма – қол  ақшамен беріледі.

     Несие қарыз алушыларға тек  несие келісімшартында қарастылған  мақсаттары үшін беріледі. Және  несие қарыз алушының заң тұрғысынан 

құқық қабілеттілігі  болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені  өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты  болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының  шарттары әрбір қарыз алушыға  жеке анықталады.

     Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін  сақтай отырып, айтарлықтай сандық  және сапалық өзгерістерге ұшырады.  Қазақстанда мұндай несиені тек  банктің қаржы несие мекемелері  ғана беріп қоймайды, сонымен  қатар, оны қаржылық компаниялар  да, несие серіктестіктері де, несие  кооперативтері де, микронесие ұйымдары  да және т.б. береді. Алайда, бұл  осы несие формасының мәнін  өзгертпейді. Coндай – ақ, қарыз  алушылырдың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және xaлықтан өзге  оны үкімет те, банктер де, жергілікті  органдар да және т.б. алады.

     Банктің несие салымдарының мқлшері  несие ресурстарына байланысты  болады. Бүгінгі таңда банктердің  мұндай ресурстарын депозиттер  ғана емес, сонымен қатар, клиенттердің  шоттағы уақытша бос ақшалай  қаражаттары, банкаралық нарықтағы  қарыз ақшалар, шетелдік қаржы  несие институттарынан алынатын  қарыз қаражатты құрайды.

     Осылармен бір мезгілде ҚР  Ұлттық банкі өзінің ақша несие  саясаты арқылы экономиканы несиелейтін  саланы да реттеп отырады. Ол  банктердің несие қоржынының  сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді  міндетті түрде ең аз шамада  резервтеудің деңгейін арттыру  жолымен экономиканы несиелеудің  аясын тарылтады. Бұл несиенің  тек экономикалық қана емес, сонымен  бірге, әкімшіліктік шекарасының  болатынын да көрсетеді.

     Банк несиесі негізінен тікелей  болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға  тікелей берілсе, ал, жанама түрі  делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлыр сатылған кезде  несие сауда желілері арқылы  немесе вексельді пайдаланумен  беріледі.

    

Информация о работе Банктік несие