Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 22:06, реферат
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
1. Есептің мәні және ерекшелігі.
2. Басқару есебінің пайда болуы.
3. Бюджеттендірудің тарихи аспектілері.
Әдебиеттер: [1], [2], [3].
2. Есептің ерекшеліктері қандай?
3. Бюджеттендірудің мәні қандай?
2 – тақырып. Бюджеттендірудің артықшылығы
1. Экономикалық жүйе контролингі
2. Маркетингтік талдау.
1. Экономикалық жүйе контролингі
Контроллингтің жалпы тұжырымдамасы, басқару функциясы ретінде, оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін түрлі салалар қызметін үйлестіре және біріктіре отырып, кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды: қаржы және есеп, менеджмент және маркетинг. Бұл жерде тек маркетингтегідей компанияны басқару жүйесінің нарықтық бағытталуы туралы ғана емес, сонымен қатар, ұйымның ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістердің жоғары қарқыны жағдайында контроллинг жүйесінің қойылған міндеттерді орындау қабілеттілігі туралы да айтылады.
Менеджменттің жүйелік көзқарасы «контроллингті» менеджмент жүйесіндегі барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп анықтайды. Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған басқару жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке негізделеді деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару, ақпараттық жүйе.
Кәсіпорында контроллингті қолдану процесін оперативті контроллинг әдістерін қолданудан бастау, одан кейін стратегиялық контроллингті енгізу ұсынылады. Контроллингті жүзеге асырудың мұндай тәжірибесін көптеген ірі компаниялар қолданады. Стратегиялық контроллинг фирманың өмір сүруін қамтамасыз етуге және оның белгіленген даму стратегиясына жылжуын бақылауға, ал оперативті контроллинг компанияның ағымдағы мақсаттарына қол жеткізу үшін басқару жүйесін жасауға бағытталған.
Контроллинг құралдарына, оның мақсаттарына жету үшін қолданылатын құралдар ретінде, төмендегілер жатады:
1. Контроллингтің барлық кезеңдерін қамтитын ақпараттық жүйе;
2. Экономикалық және қаржылық көрсеткіштер жүйесі, олар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды: өндіріс; материалды-техникалық жабдықтау; өткізу; әкімшілік; қаржыландыру; ғылыми-техникалық және конструкторлық; персоналды басқару;
3. Ішкі өндірістік шығындарды есептеу және талдау жүйесі, оларды төмендету бағдарламаларын жасау;
4. Инвестициялық шешімдерді бағалау жүйесі.
Контроллинг функцияларының біртұтас жиынтығында басқару үшін қажетті ақпаратты беру функциясы мен тікелей шешім қабылдау функциясын немесе, анығырақ айтқанда, шешім қабылдау және оларды үйлестіру әдістемесін бөліп көрсетуге болады. Контроллингтің ақпараттық қызмет көрсетуі кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижесінің мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау, нормалау, есептеу және бақылау жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі. Ақпаратта міндетті (нормативті, жоспарлы және нақты) мәліметтер және бөлімшелер тұрғысындағы есептеу әдістерімен анықталатын кемшіліктер болуы керек.
Бюджет – бұл жоспар немесе стандарт, және оның қаржылық болуы міндетті емес.
Бюджеттендіру – бұл смета және экономикалық көрсеткіштер көмегімен жұмысты келісілген жоспарлау және бөлімшелер қызметін басқару процесі. Компания мақсатына коллегиалды, ұйымдасқан түрде қол жеткізілетіні белгілі, және бюджеттеу ең алдымен жоспарлау, содан кейін жалпы мақсаттарға жетуде бөлімшелердің әрбіреуінің үлесін өлшеуге мүмкіндік береді.
Жоспарлау ұйымдастыру құрылымы бойынша кезекпен таралады. Есептік кезең басында бюджеттердің әрбіреуі жоспар немесе стандарт түрінде болады. Соңында ол менеджерге әрі қарай қызметті жақсарту үшін алынған нәтижелерді жоспарланғандармен салыстыруға («жоспар/нақты» салыстыруы) мүмкіндік беретін өлшегіш ролін ойнайды.
Бюджеттер көмегімен экономикалық жүйенің контроллингі – жоспарланған (нормативтік) көрсеткіштерден ауытқу бойынша басқару жүзеге асырылады. Көрсеткіштер ретінде бюджеттердегі шығындар баптары, таза немесе маржиналды пайданың мәндері, рентабелділік, өзіндік құн, түскен табыс көлемі, өнімділігі және т.б. қолданылуы мүмкін. Ауытқуды есептеу үшін материал шығындары, жабдықтар, қызметкерлер жұмысының норма-сағаттары, сатуға квоталар және т.б. нормативтері берілуі қажет. Оперативті басқаруда ауытқуларды талдай отырып, қандай факторлардың нәтижеге әсер еткендігін (өндіріс жағдайы, бәсекеқабілеттік, тәуекел деңгейі, өндірістік қуаттардың шектеулігі, өнім ассортименті, баға қалыптастыру саясаты, активтердің айналымдылығы, қоймадағы қорлар, нарықтағы жағдай тенденциясы, жұмысшылардың саны және олардың кәсіби деңгейі, шикізаттың бар болуы және құны, технологиялық ерекшеліктер) және теріс ауытқулар үшін кімнің жауапкершілік көтеретінін анықтауға болады.
Кәсіпорында бюджеттеуді енгізу үшін негіз басқару есебі – нақты шығындар есебі мен экономикалық көрсеткіштер есебінің жүйесі болып табылады. Сонымен бірге, бюджеттеу – жоспарлар, ауытқулар, нормативтер, басқару есептері, ауытқулар бойынша басқару.
2. Маркетингтік талдау.
Бюджеттендіру – бұл қысқамерзімдік (жыл немесе одан аз) және ұзақмерзімдік жоспарлаудың ажырамас бөлігі. Кез келген жағдайда ұйым ресурстары, бәсекелестердің әрекеті және әсіресе, ағымдық және жобаланған нарық сұранысы сияқты стратегиялық аспектілер бөлінеді. Стратегиялық талдау жүргізгеннен кейін құрылған жоспарларды сандық бейнеленуі бюджет деп аталады. Кәсіпорындарда бұрын жоспарлық-экономикалық бөлімдер қызмет атқарды, олар нормативтер жасақтау және сметалар құрумен айналысты. Қиындығы, жоспарлық-экономикалық бөлім сату бөлімімен ешқандай байланысты болған жоқ, және олар біріге – қоймамен байланысты болған жоқ. Бұл жерде жоспарлық-экономикалық жоспарлаумен салыстырғанда бюджеттеу технологиясы қандай жаңа нәрсе құрайтыны туралы сұраққа жауап жатыр. Қысқаша айтсақ, бұл жүйелі бағыт және маркетингтік талдау көмегімен кәсіпорынның сыртқы мақсаттарын қалыптастыру. Бірінші қағида: бюджетпен фирманың барлық менеджерлері айналысады: сату, жабдықтау, маркетинг, өндіріс, инвестиция бөлімдері және т.б. Олардың әрбіреуі тек қаржылық жоспардың өз бөлігін дайындап қана қоймай, сонымен бірге оның негізінде менеджердің өз жұмысы мен ол басқаратын бөлімше қызметі бағаланатын көрсеткіштер үшін жауап береді.
Бюджеттендірудің екінші маңызды қағидасы: менеджерлермен бөлімше бюджеттері дайындалғаннан кейін бюджетпен жұмыс аяқталмайды, ол тек енді ғана басталады деп айтуға болады.
Әдебиеттер: [1], [2], [3], [7].
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
4. Маркетингтік талдаудың қажеттілігі қандай?
Ү АтМГИ .703-06-10.Тарату материалы.Төртінші басылым.
Информация о работе Басқару есебінің пайда болуы. Тарихи аспектілері