Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:38, курсовая работа
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қоғамымыздың кейбір салаларында маман тапшылығы өзекті болғандығы баршамызға белгілі. Әрине қоғамның өндірістік-экономикалық жағынан өсіп өркендеуі, сол саладағы білікті мамандарға тікелей байланысты болатыны хақ.
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қоғамымыздың кейбір салаларында маман тапшылығы өзекті болғандығы баршамызға белгілі. Әрине қоғамның өндірістік-экономикалық жағынан өсіп өркендеуі, сол саладағы білікті мамандарға тікелей байланысты болатыны хақ.
Мұндай білікті кадрларды дайындау еліміздегі жоғары оқу орындарының алдындағы тұрған үлкен жауапкершілікті іс болды. Осындай маман тапшылығын шешу мақсатында еліміздегі оқу ордалары министрлік тарапынан жүргізілген бірнеше білім реформаларын басынан өткізді. Сол жүргізілген реформалар өзінің оң нәтижелерін беріп, қазіргі таңда маман тапшылығы толықтай шешілмесе де, жеткілікті түрде өз шешімін тапты деп айтуға болады. Осындай еліміздегі маман қажеттілігін қанағаттандырып отырған Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ролін ерекше айтуға болады. Оқу ордасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы жарлығымен киелі Түркістан қаласында ашылып, Түркі дү-ниесінің ғұлама ғалымы, әрі ойшылы Қ.А.Ясауидің есімі берілген Түркістан мемлекеттік университеті 1992 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтерінің арасында қол қойылған екі жақты келісім негізінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып қайта құрылды. Университет Қазақстандағы ең алғаш ашылған халықаралық жоғары оқу орны және түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болған жалғыз білім және ғылым ордасы. Қазіргі таңда оқу ордасы қоғам талабына байланысты білікті маман, кадр дайындау мақсатында білім беретін оқытушы-профессорлардың сапалық деңгейіне ерекше назар аударуда. Осыған байланысты әлемнің 8 елінен 70-тен астам шет ел мамандары жұмыс істейді. Алғашқы құрылған жылдарында-ақ білім ордасының Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы және еліміздің Кентау қаласында институттары құрылып, білім бере бастады. Қоғам алдындағы негізгі міндеттерін өз деңгейінде атқарып келе жатқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау оқу базасын айтуға болады. Жалпы, Кентау оқу базасын қазіргі таңда өз басшылығына алған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Мұхамеджанов өзінің жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында айтарлықтай оң өзгерістермен жұмыс жасауда.
Атап айтар болсақ, білім ордамыздың ауқымы кеңейіп, оқу және жатақхана ғимараттары толықтай күрделі жөндеуден өтті. Осының нәтижесінде бірнеше мамандықтар бойынша қосымша үш факультет құрылып, өз жұмыстарын атқаруда. Кентау оқу базасындағы төрт факультеттің инженерлік-педагогикалық факультетін ерекше атап өтуге болады. Себебі, тікелей маман кадрларды дайындап шығаратын бірден-бір факультет осы факультет болып отыр. Жалпы факультетте 7 ғылым докторы, профессор, 23 ғылым кандидаты, доценттер дәріс беруде. Мұнда 4 мамандық (Химия, Экология, Энергетика, Қоршаған ортаны қорғау және Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) бойынша күндізгі бөлімде студенттер білім алуда. Қазіргі таңда факультетті басқарып отырған химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Дәрібаев студенттердің сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктерді қарастырып отыр. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Кентау қаласының кейбір өндіріс орындарымен қарым-қатынаста бірізділік қалыптастырып отыр. Атап айтар болсақ, электрэнергетика мамандығы бойынша Кентау трансформатор зауытының мамандарымен біліктілік алмасу ісі жолға қойылған. Аталмыш зауыт жыл сайын маман қажеттілігін өтеу барысында электрэнергетика мамандығына түсуші талапкерлерге квота бөліп отыр. Өткен оқу жылында 5 орын бөлінсе, биылғы талапкерлерге 7 орын бөлініп, Ұлттық бірыңғай және кешенді тесттен жоғары балл жинаған талапкерлер арасында әділетті түрде конкурс өткізіп, студент қатарына қабылдады. Сонымен қатар, осы мамандықта білім алатын студенттер үшін аптаның бір күні кәсіби шығармашылық күн ретінде белгіленіп, трансформатор зауытында кәсіби біліктіліктерін арттыру ісі жолға қойылды.
Еліміздегі жоғары оқу орындарының басым көпшілігі қолдана бастаған жаңа кредиттік технологиясы оқу ордамызда 2006 жылдан бастап іске қойылған болатын. Бұл оқытудың жаңа технологиясын толықтай меңгерген факультет оқытушылары бүгінгі күні студенттерге дәріс беруде. Студенттердің заман талабына сай білім алуы мақсатында электрэнергетикалық және химиялық лабораториялардың саны жыл санап арту үстінде. Дәрісханалар мультимедиялық және интерактивті тақталармен жабдықталып, осы оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгерген оқытушылар өздерінің кәсіби деңгейін барынша арттырып отыр.
Сонымен қатар, факультеттегі білім беретін оқытушылардың қаламыздағы кейбір қоғамдық мәселелерді шешуге де ықпал жасап отырғанын айтып өтуіміз керек. Сонымен қатар, бірқатар оқытушыларымыз «Нұр Отан» ХДП қатарында саяси кеңес, бюро мүшесі, сектор меңгерушісі ретінде белсенді қызмет етіп, қаламыздағы саяси-әлеуметтік мәселелерді оң шешуге ықпал жасап, күш-жігерлерін жұмсауда. Қала көлеміндегі аталып өтетін мәдени-көпшілік және т.б. атаулы күндердің өз деңгейінде өтілуіне оқу ордамыздың студенттерімен бірге оқытушылар да атсалысуда. Міне, осы атқарылып жатқан істердің барлығы білім ордамыздағы оқытушылардың тек өз ісінің нағыз маманы болуымен қатар, өздерінің қоғам алдындағы қаншалықты жауапкершілікті екендігін де аңғартып отыр. Бұл – қазіргі заманғы сапалы білім берудің кепілі.