Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 12:46, реферат
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады.
- кәсіпкерлер тұтынушының қажеттілігін неғұрлым толың қанағаттандыратын жаңа тауарлар шығару мүмкіндігін ұдайы іздеумен айналысуы керек;
- тұтынушыға және қоғамға зиян келтіретін сатудан бас тарту;
- тұтынушыға экологиялық тұрғыдан зиянды технологияларды қолданған өндірушінің тауарын қолдамау;
- өндірушілер өзіне, еңбек ұжымына және қоршаған ортаға арнап, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасап іске енгізу.
Нарық және қажеттілік — маркетингтік қызметтің негізі ретінде
Қажеттілік - маркетингтің негізгі идеясы. Қазіргі ғылым қажеттілікті адамның адам болып өмір сүруінен келіп шығатын ерекше бір жағдай деп қарастырады. Яғни, адам біріншіден биологиялық тұлға, екіншіден, қоғамдық жүйенің құрамдас бөлігі, үшіншіден, коршаған ортамен қарым-қатынаста болады. Сонымен қажеттілікті өр түрлі бағыттарда қарастыруға болады биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, тағы басқа. Бұдан шығатыны - адамның қажеттіліктері сан түрлі.
Адамның алғашқы өмірлік қажеттіліктері шексіз емес, оларды қанағаттандыру шекарасы дәл белгіленген. Олар физиологиялық ңажеттіліктер. Мысалы, адамның тамаққа, ұйқыга және киімге деген қажеттіліктері.
Екінші қажеттіліктер - барынша жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер, яғни әлеуметтік, мәдени, рухани. Олар шексіз болып келеді.
Адамдардың қажеттіліктеріне көптеген факторлар әсер етеді: әлеуметтік-экономикалық шарттар, әсіресе өндірістің даму деңгейі, тарихи қалыптасқан әдеттер, ұлттық ерекшеліктер, географиялық және климат жағдайлары.
Адамдардың қажеттілік иерархиясы төрт түрге бөлінеді.
Біріншіден: адамның, оның отбасына қатысты және ол атқарып отырған әлеуметтік рөлге (әке, ана, аға, т.б.) байланысты ңажеттіліктер.
Екіншіден: әр түрлі шағын әлеуметтік топтарда (отбасыларда, достар арасында) қарым-қатынас жасау мен қызмет етуге байланысты қажеттіліктер.
Үшіншіден: адамның үлкен ұжымның (өндірістік және өндірістік емес) қызметіне кіруінен туындайтын қажеттіліктер.
Төртіншіден: әрбір адамның белгілі бір қоғамдық жағдайларда өмір сүруінің әр түрлі ережелері мен нор-маларына бағынуға міндеттілігінен туындайтын қажеттіліктер.
Қажеттіліктердің осы классификациясы жеке адамның белсенділік шекарасының кеңеюінің бірізділігін бейнелейді.
2. Қажеттілік категориясының екі аспектісі бар: қажеттіліктің мазмұны мен формасын көрсету,
оның ең жоғарғы деңгейі - тұтынушылардың ықтимал қажеттіліктерін сипаттайтын нағыз қоғамдық қажеттіліктер.Төменгі деңгейі - әр уақытта өндіріс пен өлеуметтік жағдайларды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін керек қажеттіліктер.
• екшші аспектің мәні мынада - қажеттілікті сұраныс сияқты пайда болуна қарай айыра білу.
Қажеттіліктің даму мен оны қанағаттандыру тұтынуға тәуелді.
Кез келген басым немесе маркетингпен айналысушы, яғни маркетолог мамандар кез келген бұйымның немесе қызметтің екі жағы, яғни екі тұтыну функциясы болатындығын анық білу керек.
1 -ші жағы – тауар өзінің тікелей міндеттерін жоғары дәрежеде орындау керек Мұны пайдақорлық деп те атайды.
2-ші жағы - тауар адамдардың кейбір әлеуметтік қажетлікітерін қанғаттандырады оларды яғни оларға адамдардың әлеуметтік топтарға бірігуінен, қоғамдық өндіріске қатысып, әр түрлі еңбекпен айналысуынан, жынысы, жасы, қоғамдағы алатын орны және мақсатқа жетуге ұмтылуынан пайда болатын қажеттіліктер. 2-ші тұтыну функциясы 1 -ші функцияға қарағанда маңызды рөл атқарады.
Кез келген өнімді жобалауды ең бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық қажетілікті ең жоғарғы деңгейде қалай қанағаттандыруға болатындығын анықтаудан бастау керек.
Адамдардың заттар мен және қызмет көрсетулермен қарым-қатынасында тек қажетіліктер ғана көрінбейді, сондай-ақ адам белсенділігі байқалатын жағдайлар да көрінеді. Бұл жағдайлар 4 бөлікті құрылымды құрайды:
1) жеке адамның әртүрлі табиғат заттары және жануарлармен қарым-қатынасын анықтайтын жағдай - ең төменгі деңгейде тұрады.
2) келесі деңгей -топтың қарым-қатынас жағдайы, яғни адам араласқан шағын топтың мүшелерінің жеке басқа қоятын талаптары
3) белсенділіктің үшінші деңгейі - еңбек, тұрмыс, демалыс салаларымен анқталады.
4) төртінші жоғарға деңгей - қоғамның экономикалық, саяси, мәдени және т.б. ерекшеліктерінен қалыптасады.Сонымен әлуетті қажеттіліктерді зерттеудің жаңа тауарларды құрастыруды, жарнамалық жұмыстарды ұйымдастыруды, өнім мен қызмет түрлерін сатуды дұрыс ұйымдастыруы үшін маңызы зор.
3. Айырбас жасау аймағы нарық деп аталады. Бірақ нарықты саудамен шатастырмау қажет. Нарық ерекше экономикалық категория, ал сауда - экономиканың саласы.
Әдетте «нарық» деген сөзге қандай да болмасын анықтауыш термин қосылады. Мысалы, әлемдік нарық. Бұл - мемлекеттердің ұлттық нарықтарының жиынтығы, олардың арасындағы байланыстар халықаралық сауда арқылы жүзеге асырылады.
Белгілі бір тауар түрінің нарығы. Мысалы, электронды аппараттар нарығы. Егер біз айналысып отырған ай ырбас саласы барлық ұлттық аумақты қамтитын болса, онда ел нарығы пайда болады.
Егер сұраныс тауар сынысынан елеулі түрде артық болса, онда «сатушы нарығы» пайда болады. Бұл жағдайда кез келген тауар, оларға қойылатын талаптарға толық жауап бере алмаған күнде де нарықта шапшаң сатылуы мүмкін. Егер тауар ассортименті төмен, өндіріс көлемі шағын, бәсеке болмаса, сатып алушы өндірістің нарыққа шығарған затын ғана сатып алуға мәжбүр.
«Сатып алушы нарығында» тауарды таңдау мүмкіндігі пайда болады. Сатып алушы әр түрлі өндірушілер шығарған тауарлардың әр түрлі сорттарын салыстырып, сапалысын таңдай алады. Сатып алушы нарығына ұсыныстың сұраныстан артық болу сипаты тән. Бұл жағдай қажеттіліктің бір түрін қамтамасыз етуге арналған тауарлар арасында бәсеке туғызады.Баға кұру стратегиясы негізінен нарық жайғасымын шешу арқылы ғана белгіленеді. Сол жағдайда фирма өзінің түпкі мақсатын белгілеуі мүмкін. Қаншалықты бүл мәселе анығырақ болса, соғұрлым баға қою ісі жеңілдейді. Іс жүзінде жиі кездесетін мақсаттар мынадай:
Фирманың өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуі. Бұл мақсат нарықта өндірушілер көбейіп кеткен жағдайда және тұтынушылардың қасиеттері кенет өзгерген кезде қолданылады. Өзінің тауарлары өтімін қамтамасыз ету үшін жұмысын ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін фирма көбірек сату мақсатымен бағаны төмендетеді. Күнделікті табыс көлемін жоғарылату фирманың сұранысы мен шығындарын талдап, жоғары табыс беретін бағаны қояды. Бұл саясатта ұзақ мерзімдік мақсаттар шетте қалып, күнделікті қаржы маңызды болады.
Нарық үлесінде жетекші орын алу. Нарықтағы үлесі ұлғаю арқылы шығындары төмендеп, ұзақ мерзімді табыс көлемі жоғарылайды. Осы мақсатпен фирмалар бағасын мүмкіндігінше төмендетіп, нарықты кеңірек қамтуға тырысады.
Сапа көрсеткіштері
жағынан жетекші орын алу. Нарыққа ұсынған
барлық тауарлардың ішінде фирма өзінің
тауары жоғары сапалы болуына ұмтылады.
Ол үшін ғылыми-техникалық зерттеулер
жүргізіп, тауар көрсеткіштерін жақсартуға
және тауарына жоғары баға қойып, оның
өте сапалы, жаңа технологиямен жасалғанын
сатып алуға жеткізуге болады.
Пай даланылдыМаркетингтегі
тауар қозғалысы және
өткізу саясаты
1. Тауар қозғалысы - тұтынушылардың мұқтаждығын өтеу үшін материалдар мен дайын бұйымдарды шығарылатын жерінен пайдаланылатын жеріне жеткізуді жоспарлау, жүзеге асыру және олардың физикалық түрде жылжуын бақылауды өзіне пайдалы түрде ұйымдастыруға әрекеттену.
Тауар қозгалысының негізгі шығындары тасымалдау, одан кейін тауарларды жинақтау-сақтау, тауар материал қорларын ұстау, қабылдап алу, тиеп-түсіру, орау, әкімшілік шығындарынан және тапсырыстарды дайындау шығындарынан құралады.
Тауар қозғалысы - шығындар көзі ғана емес, сұраныс тудырудың әлуетті құралы. Тауар қозғалысы жүйесін жетілдіру арқылы нақты қызмет ұйымдастыруға, не бағаны төмендетуге, соның нәтижесінде қосымша клиенттерді тартуға болады. Тауармен жабдықтауды уақытында қамтамасыз етпеген фирма клиенттерінен айырылады.
Тауар қозгалысының мақсатпы. Көптеген фирмалар тауар қозғалысының мақсаты ңажетті тауарларды ңажетті жерлерге, қажетті уақытта, мүмкіндігінше төменгі шығынмен жеткізу деп санайды. Өкінішке орай, тауар қозғалысының бір де бір жүйесі клиенттерге ондай сервисті және тауарды тарату шығындарын минимумға дейін қысқартуды бір уақытта іске асыра алмайды. Өйткені ол тауар-материал қорларының көптігін, тасымалдау жүйесінің мінсіздігін және қойманың көптігін талап етеді. Ал мұның бәрі тарату шығынының өсуіне әкеліп соңтырады.
Тауар қозғалысының шығындары көптеген жағдайда бір-бірімен қарама қарсы пропорционалды байланыста.
• Көлік-экспедиция қызметінің басқарушысы мүмкін жағдайда тауарды ұшақ арқылы емес, теміржол арқылы жөнелткенді ұнатады. Бұл фирманың көлік шығынын азайтады.
• Шығындарды барынша азайту үшін жүк жөнелту бөлімі арзан контейнерлерді пайдаланады.
• Тауар қоры қызметінің басқарушысы қорды сақтау шығынын азайту үшін тауар - материал қорының ықшам болғанын құп көреді.
Тауар қозғалысы жүйесін құрудың бас нүктесі - клиенттердің тұтынымын жөне бәсекелестердің ұсыныстарын зерттеу. Тұтынушылардың назарын аударатын мәселелер:
- тауарды уақытылы жеткізу;
- жабдықтаушының, клиенттің мұқтаждығын қанағаттандыруға шұғыл дайындығы;
- тауарды тиеп-түсірерде жинақы жұмыс атқару;
- жабдықтаушының ақаулы тауарларды дереу қайтып алып, оларды алмастыруға дайындығы;
- жабдықтаушының клиент үшін тауар-материалдың қорды қолдап отыруға дайындығы.
Маркетинг тұжырымдамасын мойындау кеңейген сайын фирмалар тарапынан тауар қозғалысы тұжырымдамасына назар аудару өсе түсті. Тауар қозғалысы - бұл клиенттерді толық қанағаттандыруды қамтамасыз ету және шығындарды әлуетті төмендету өрісі .
2. Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімдерді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.
Өткізу арналары дегеніміз - өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.
Өткізу арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Маркетингте өткізу арналары көптеген қызметтер атқарады:
• өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметі;
• өндіріс процесіне қажет шикізат жөне материалдар сатып алу қызметі;
• маркетингтік зерттеулер жүргізу;
• тұтынушылармен және түпкі сатып алушылармен байланыс құру, келіссөз жүргізу жұмыстары;
• сауда келісімдерін дайындау және жасау, олардың сапалы орындалуын бақылау жұмыстары;
• тауарды тұтынушыға ңарай тезірек жөне тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу қызметі;
• тауар ассортиментін таңдап белгілеуге қатысу жөне оны жоспарлауға көмектесу жұмыстары;
• тауарды белгілі нарық тұтынушыларының талап деңгейіне жеткізу кезіндегі түрлі қосымша жұмыстар;
• өткізу операциялары шығындарын қаржыландыру жұмыстары;
• тауар сатылғаннан кейін тұтынушыға қызмет көрсету жұмыстары;
• тауарды тұтынушыға жеткізу қызметі;
• тауарды қоймалау және саңтау жұмыстары;
• тауарды сорттау және орау жұмыстары;
• тауардың баға деңгейін белгілеуге қатысып, оны бекіту жұмыстары.
Арна деңгейі тауарды иеленген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан делдалдар санымен анықталады. Арна ұзындығы арадағы деңгей санымен анықталады.
Тарату арналарын баламалы таңдау мәселесі көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде бірінші қатардағылары: тауардың атқаратын қызметіне және сипатына байланысты.
Нөл деңгейлі арна тауарды тікелей тұтынушыға сататын өндірушіден құралады.
Бір деңгейлі арна өндіруші мен тұтынушы арасында бір ғана делдал қызмет жасайды.
Қос деңгейлі арнада екі делдал әрекет жасайды.
Үш деңгейлі арнада үш делдал әрекет жасайды.
Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі - ол осы арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады.
Информация о работе Бухгалтерлiк есептi м нi мен мазм ны Оны йымдастыру принциптерi