Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 10:50, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыс «Басқару есебі» пәнін оқып-үйренудің қорытынды кезеңі болып табылады. Ол териялық материалды студенттің қаншалықты меңгергенін және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.

Работа состоит из  1 файл

Баскару есеп курстық жұмыс 2012-13.doc

— 201.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

                                 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП   ЖӘНЕ   АУДИТ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

БАСҚАРУ ЕСЕБІ 

пәнінен курстық  жұмыс жазу жөнінде

күндізгі және сырттай қашықтықта оқитын

студенттерге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КАРАҒАНДЫ 2012

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырушы: э.ғ.к., проф. Мадиева К.С.

 

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген.

 

Мәжіліс хат № 1  “ 17 “ қырқүйек   2012ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

      Курстық  жұмыс «Басқару есебі» пәнін  оқып-үйренудің қорытынды кезеңі  болып табылады. Ол териялық материалды  студенттің қаншалықты меңгергенін  және алған білімін творчестволық зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.

      Курстық  жұмыстың мәні маңызы орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. Курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.

     Курстық жұмыс өз бетінше зерттеу болғандықтан оған мынадай талаптар қойылады:

  • курстық жұмыс өз бетімен жазылуы керек және кәсіпорындардағы
  • жүргізілетін есеп тәжірибесіне сыни көз қараспен ерекшеленуі тиіс, тақырыпты баяндау нақты, дәл деректермен толы болуы қажет, жұмыстың есеп жұмысының нақты бір учаскесіндегі есептің ұйымдастырылуы мен әдістемесін жақсартуға бағытталған тұжырымдармен және ұсыныстармен аяқталғаны – жұмыс анық және сауатты тілмен жазылып дұрыс дайындалуы қажет, оның сыртқы беті (1 қосымша), мазмұны болóы, беттері нөмірленіп, рецензенттік ескертпелері үшін шетінде жолақ қалдырылуы қажет, жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер көрсетіледі.

Курстық жұмысты дайындау мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1.     тақырып таңдап алу;
  2. таңдалған тақырып бойынша әдебиеттер жинақтау және олармен

         алғаш танысу;

  1.     жоспардың алғàшқы, варианттарын жасау;
  2.     таңдап алған әдебиттерді оқып-үйрену;

5.      жоспардың  ең соңғы вариантын жасау;

  1.       шаруашылық қызмет атқаратын субъектінің есеп  тәжірибесін зерттеу,

        нақты  деректерді жинау және өңдеу, оларды бір жүйеге келтіру және

        әдебиет материалдарымен сәйкестендіре  тұжырымдау;

7.      курстық  жұмысты жазу;

8.      курстық  жұмысты қорғау.

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАП АЛУ

 

  Курстық жұмыстың  табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедасында жасалады және бекітіледі. Жетекшінің және кафедра меңгерушісінің келісімі бойынша  студент кафедра ұсынған тізімге кірмеген тақырыпты алуына, сол сияқты тақырыптың атын өзгертіп алуына болады.

 Тақырыпты таңдау  кезінде студенттердің ғылыми  үйірмедегі жұмысындағы, арнайы  әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы  жұмыс тәжірибесіндегі, семинар  сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас  пәндер бойынша курстық жұмыстағы  ғылыми және практикалық мүдделерді студенттің ескеруі қажет. Курстық жұмыстың тақырыбы болашақтағы дипломдық жұмыста келтірілген мәселемен ұштасқан жөн. Мұндай жағдайда студент алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

  Студент оқу процесінде  өздеріне аз оқытылған тақырыпты  да таңдап алуға болады. Бірақ  курстық жұмыстың тақырыбын таңдап  алу негізді болуы қажет. Тақырыпты  таңдап алған кезде қандай  да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

  Студент таңдап  алған проблема бойынша әдеби  материалдарды оқып-үйрену курстық  жұмыстың тақырыбы II курста алынады.  Студенттің курстық жұмыс тақырыбын кафедра бекітеді. Сонымен бірге кафедра курстық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындап, оның орындалу мерзімін белгілейді.

 

АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ  ІРІКТЕУ 

 ЖӘНЕ  АЛДЫН АЛА ТАНЫСУ

 

       Такырып  алған соң курстық жұмыс бойынша  бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек. Мұны өз бетімен жасау керек. Студент каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет. Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген лекция коспектілерін де ұмытуға болмайды.

   Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген есепті көрсететін әдебиеттерді де іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек. Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық жұмыс бойынша соңғы 5 жыл ішінде шыққан барлық әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.

   Әдебиеттерді  өз бетімен таңдап алғаны дұрыс,  бірақ ғылыми жетекшімен жүйелі  түрде кеңесіп отыру қажет.  Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі онымен міндетті түрде  келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тіркеледі.

Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана  немесе жорналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес.

 

                       Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау  кестесі

 Студенттің рет нөмірінің  соңғы екі цифры

Курстық жұмыс тақырыбының нөмірі

00           25            50           75 

       1                     26                       51

01           26            51           76

       2                     27                       52

02           27            52           77

       3                     28                       53

03           28            53           78

       4                     29                       54

04           29            54           79

       5                     30                       55

05           30            55           80

       6                     31                       56

06           31            56           81

       7                     32                       11

07           32            57           82

       8                     33                      12

08           33            58           83

       9                     34                      13

09           34            59           84

     10                     35                      14

10           35            60           85

     11                     36                     15

11           36            61           86

     12                     37                      16

12           37            62           87

     13                    38                       17

13           38            63           88

     14                    39                      18

14           39            64           89

     15                     40                      19

15           40            65           90

     16                     41                      20

16           41            66           91

     17                     42                      21

17           42            67           92

     18                     43                      22

18           43            68           93

     19                     44                      23

19           44            69           94

     20                     45                     24

20           45            70           95

     21                     46                      25

21           46            71           96

     22                    47                     26

22           47            72           97

     23                     48                    27

23           48            73           98

     24                     49                      28

24           49            74           99

     25                     50                     29


 

 

 

ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ

 

Әдебиетттермен алдын  ала таныс негізінде курстық  жұмыстың алғашқы нұсқасы мұқият ойластырылуы қажет. Әдетте курстық  жұмыс кіріспеден, төрт-бес параграфтан  және қорытындыдан тұрады.

Жоспарды жасау кезінде  ең бірінші кезекте жекелеген параграф қарастырылатын мәселелердің ауқымының жобасын және олардың орналасó ретін анықтап алу қажет.

Қандай тақырып болмасын әр түрлі ашылуы мүмкін. Бірақ сол  курстық жұмыс жоспары оның негізгі  бағыттарын көрсетеді. Жұмыс жоспары  жұмыстың негізгі идеясын көрсетіп, оның мазмұны мен сипатын ашуы қажет. Онда тақырыптың аса актуальды мәселелері бөлініп алынады.

Жасалынған жоспарды студент курстық жұмыс жетекшісімен келіседі.

 

 

ІРІКТЕЛГЕН  ӘДЕБИЕТТТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ

 

Жетекшісімен жұмыс  жоспарын келіскен соң, әсіресе кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері туралы іріктеп алынған әдебиеттерді жете оқып-үйренуге кірісу керек. Ол үшін әдетте конспектілер жасалады. Конспектілердің сипаты болашақ жұмысқа оқып-үйреніп отырған материалдарды пайдалану мүмкіндігі мен формасына қарай анықталады. Ол қысқаша көшіру (дәйексөз) немесе ойды, фактіні қысқаша мазмұндай немесе курстық жұмысты жазу кезінде қажет болатын жерлер үшін оқылған жан-жақты жоспар түріндегі сипаттамасы болуы керек. Барлық жағдайда материалдың алынған жері, баспасын және бетін көрсету қажет.

       Алынған  деректерді жұмыстың жоспарда  көрсетілген негізгі тараулары  бойынша жүйеге түсіру іріктеп  алған материалдардың тәжірибелік  негізінде тақырыптың негізгі  мәселелерін терең де, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттерді зерттеу  кезінде белгілі бір ретпен жұмыс  істеу ұсынылады. Оқулықтар мен  оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан  соң монографиялық жұмысқа көшуге болады. Жорналдық мақалалармен және нормативтік материалдармен аяқтау қажет. Әдеби нұсқаларды зерттеудің мұндай жолы білімді бірте-бірте жинақтап, тереңдете беруге, қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге көшуге мүмкіндік жасайды. Әдебиеттерді мұқият оқып үйрену нақты материалдарды іріктеп алғанша аяқталуы керек, өйткені әдеби ңұсқалар бойынша барлық есептің теориясы мен практикасының мәселелерімен, әсіресе озат кәсіпорындардағы есеп тәжірибесімен терең әрі жан-жақты таныñу кәсіпорындағы тәжірибені сыни тұрғыда зерттеп, курстық жұмысқа қажет нақты материалды білгірлікпен реттеп алуға жағдай жасайды.

ЖОСПАРДЫҢ ЕҢ СОҢҒЫ  НҰСҚАСЫН ЖАСАУ

 

Әдебиеттер тақырып  бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген  соң жұмыс жоспарының алғашқы  нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен, зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында, керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.

Егер әдебиет материалдарымен  танысып шыққан соң жоспардың  жаңа нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы  да курстық жұмыстың жетекшісімен келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы  оның жазылатын мерзімі көрсетілген графикпен толықтырылады.

НАҚТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ  ЖИНАУ ЖӘНЕ  ӨНДЕУ

 

       Басқару  есебі бойынша курстық жұмыстың  ерекшелігі  нақты кәсіпорынның  қызметі туралы деректерді зерттеудің  негізінде жазылады. Сондықтан да  нақты материалдарды жинау ең жауапты кезең болып табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық жұмыстың сапаëы жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан материалды жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.

       Кәсіпорынның  жұмыс тәжірибесін зерттеген  кезде “Басқару есебі” курсын  оқу кезінде сол сияқты әдеби  нұсқаларды оқып үйрену кезінде  алған білімді пайдалану қажет. 

       Нақты  деректерді жинастыру мен өңдеу  кезінде есеп жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерäi анықтауға ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпарат пен қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару керек. Нақты материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің ұйымдастырылуы мен метологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.

       Есептің  методологиясы мен құрастырылуы  өндірістің ұйымдастырылуы мен  технологиясына қатысы көп болатындығы  жағдайын ескере отырып, курстық  жұмыстағы есептің проблемасы  мен тәжірибесі тұтынушылар кооперациясындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.

Нақты материалдарды  жинау және оны өңдеу жалпы  тақырыпқа курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың теориялық жағын көрсетеді.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген